Біздің тұрақты даму жолындағы қадамымыз
Компанияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес ҚМГ өзінің ел экономикасына, экологияға және жалпы қоғамға ықпалының маңыздылығын жете түсінеді. Ұлттық компания ұзақ мерзімді құнды өсіруге ұмтыла отырып, барлық тараптардың мүдделерін сақтау арқылы өзінің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз – ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты даму үшін өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың өзара келістілігін қамтамасыз ету.
Біздің тұрақты даму аспектілерін басқару тәсіліміз тұрақты дамудың қағидаттарын енгізуге негізделеді.
Тұрақты даму саласының қағидаттары: ашықтық, есеп берушілік, айқындылық, әдептілік, барлық тараптардың мүдделеріне құрметпен қарау, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу, үлгі көрсету. Тұрақты даму қағидаттары туралы толығырақ ақпаратты Корпоративтік басқару кодексінен оқи аласыз.
ҚМГ 2028 жылға дейінгі даму стратегиясында тұрақты дамуды өзінің стратегиялық мақсаттарының бірі ретінде айқындады. Ол тұрақты даму қағидаттарының негізгі бизнес-процестермен, операциялық қызметпен және шешімдер қабылдау барысымен біріктіруге бағытталған.
Тұрақты даму жөніндегі стратегиялық мақсатты іске асырудың нәтижесі корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің, еңбекті, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың жақсартылған көрсеткіштеріне қол жеткізуді, өңірлердегі экономикалық тиімділігін жақсартуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынас сапасын жақсартуды, корпоративтік басқару рейтингін, этика мен комплаенстің жалпы корпоративтік мәдениетті арттыруды қамтамасыз ететін басқару жүйесін құруға септігін тигізуі қажет.
Біз мүдделі тараптармен белсенді диалог жүргізу қағидатын басшылыққа ала отырып, өз қызметіміздің ашықтығы мен айқындығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге күш саламыз.
ҚМГ көмірсутекті барлау мен өндіру, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап, Қазақстан аумағында және шетелде мұнай мен мұнай өнімдерін өткізуге дейін толық өндірістік циклді жүзеге асырады. Мемлекеттің мұнай-газ секторындағы мүддесін қорғайды. Қызметтің күрделі құрылымы мен түрлеріне байланысты ҚМГ көптеген мүдделі тараптармен бірлесіп жұмыс істейді.
ҚМГ мүдделі тараптармен диалог жүргізу мен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою және қарым-қатынасты басқару шараларын тұрақты түрде қабылдайды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында Мүдделі тараптардың картасы бекітілді. Бұл құжат тәуелділікті (тікелей немесе жанама), міндеттемелерді, жағдайды (жоғары тәуекел аймақтарына ерекше назар аудара отырып), ықпалды, түрлі (алуан түрлі) перспективаларды ескере отырып, тәуекелдер мен саралау есепке алынып әзірленді.
Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспарлары әзірлену үстінде. ҚМГ мүдделі тараптарды айқындау және олармен өзара іс-қимыл кезінде AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қоса алғанда, мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың озық тәжірибесін қолданады.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі қосқан үлесі туралы