Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саясатына сәйкес біздің негізгі мақсатымыз қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өндірісте жарақат алу мен оқыс оқиғалардың деңгейін төмендету, денсаулыққа залал келтіруді болдырмау, қызметтің қоршаған ортаға тигізер кері әсерін азайту және ҚМГ-ның беделі мен имиджін көтеру болып табылады. Біз қауіпсіздік мәдениет нығайту, топ-менеджменттің қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелерін ұстануы, жұмыскерлеріміздің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту (олардың пікірінше, жұмыс қауіпті тәсілмен орындалып жатқанда, оларға жұмысты тоқтату құқығын беру), жазатайым оқиғалардың түпкілікті себебіне талдау жасау әрекетімізді жалғастыра түсеміз.
ҚМГ басшылығы соңғы үш жылда:
Өндірістік қызметтің нәтижесіне қарағанда адам өмірі мен денсаулығының құндылығына басымдық беруді;
Барлық деңгейдегі басшыларды еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселесіне тартуды және оқытуды;
Қауіпсіздік талаптарын сақтау үшін қызметкерлердің дербес жауап беруін;
Авариялар мен оқыс оқиғалардың алдын алу үшін оң қауіпсіздік мәдениетін құруды;
Мүдделі барлық тараптар арасында тиімді байланыс жасауды;
Жұмыстардың қауіпсіз орындалуын және қауіпті жүріс-тұрысты түзетуді насихаттап, алға жылжытып келеді.
Біз қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша корпоративтік мәдениетімізде оң өзгерістерге қол жеткіздік және есеп бойынша айқындылық деңгейін 300 %-ға көтердік. Айқындылықты жылжытуда келесі қадам ҚМГ-нің ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін IOGP тобына мүшелікке кіруі болып табылады.
Оқыс оқиғалардың түбегейлі себептерін талдау негізінде олардың алдын алу және тергеу, компаниялар тобының алған сабақтары туралы ақпаратты тарату және оқып-үйрену LTIR көрсеткішінің төмендеуіне оң септігін тигізді.
Біз еңбекті және денсаулықты қорғау мәселесін жақсарту үшін салаларды анықтауда, сондай-ақ жазатайым және өнеркәсіптік оқыс оқиғалардың көрсеткіштерін төмендетуде мұнай-газ секторындағы осындай компаниялармен бенчмаркинг өткізуді жалғастырамыз.
Қауіпсіздік мәдениетін көтеру және өндірісте жарақаттану деңгейін азайту үшін мынадай жұмыстар атқарылды:
Топтың барлық автомобильдері қауіпсіздік белбеулерімен жабдықталды;
«Қауіпсіздік бойынша мінез-құлықты қадағалау» бағдарламасы әзірленді;
Корпоративтік құжаттар әзірленді:
- ЕҚОҚ саласындағы стратегиялық бастамаларды қамтитын 2016-2020 жылдарға арналған жол картасы;
- Қауіпсіздік жөніндегі мінез-құлықты қадағалау қағидасы.
Жарақаттану деңгейі өте жоғары еншілес ұйымдарға аудиттер өткізілді;
Қызметкерлерді жұмыс уақытындағы тәуекелдерді талдауға, және басшыларды - қауіпсіздік жөніндегі жаңа бағдарламаларға, оларды қауіпсіздік үдерістеріне тартудың маңыздылығына оқыту мақсатында көшпелі таныстыру сабақтары өткізілді;
Қауіпсіздік мәдениетіндегі өзгерістерді қадағалау мақсатында қауіпсіздік мәдениеті жөнінде ауқымды сауалнама жүргізілді.
Желілік қызметкерлерге қауіпсіздік жөнінде нұсқауды сапалы өткізу мақсатында Қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңестер өткізу жөніндегі тақырыптар жинағы әзірленді.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласы бойынша «Қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру» тақырыбында жыл сайынғы Бас директорлар форумы өтті.
ЕҚОҚ бойынша қауіпсіздік көшбасшылығы академиясы құрылды;
ҚМГ Басқармасы Төрағасының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік идеялар мен практикалар» жыл сайынғы конкурсы өтті.
ЕҚОҚ саласындағы біздің жалпы мақсатымыз – IOGP мүше-компаниялармен 2020 жылға қарай персоналдың аналогтық санын салыстыру бойынша еңбекті қорғау көрсеткіштері бойынша жоғарғы квартильге ену.