Персоналды уәждемелеу
Персоналды уәждемелеуге арналған біздің тәсіліміз еңбек және ұжымдық шарттар жасау арқылы қызметкерлерге еңбекақы төлеудің лайықты деңгейімен және олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы және ҚР Үкіметінің еңбекке ақы төлеу жүйесінде неғұрлым жаңа тәсілдерді өңдеу және қолдағы бар үйлеспеушіліктерді азайту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау туралы тапсырмалары шеңберінде, біз 2013-2014 жылдары ҚМГ ЕТҰ қызметкерлері үшін еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (ЕТБЖ) әзірледік.
2013 жылдан бастап ЕТБЖ енгізу ҚМГ-ның ММГ, АНС және РД КМГ жүргізілді. 2016 жылы мұнай мен газды барлау және өндіру бизнес бағыты бойынша ЕТБЖ кейіннен енгізумен еңбекке ақы төлеу жүйесін қайта ұйымдастыру жоспарланған.
Аталған жүйе біздің қызметкерлеріміздің еңбекақыларын олардың функционалдық міндеттеріне және орындалатын міндеттердің күрделілігі сияқты факторларға негізделуге, жыныс белгісі немесе өңірлік белгілері бойынша айырмашылықтардың болмауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде ҚМГ басшылығымен адами ресурстарды басқару саласында халықаралық консалтингтік компаниялар әдіснамасын пайдалана отырып, операциялық ЕТҰ-ның топ-менеджменті деңгейіне дейін Корпоративтік орталықтың әкімшілік қызметкерлерінің деңгейінен дейінгі бірқатар лауазымдарды бағалайтын тәсіл бекітілген.