Адам құқықтары
Біздің қызметіміз Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚМГ ішкі нормативтік құжаттарына, саясаттары мен рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі. Бұл құжаттар әрбір еншілес және тәуелді ұйымның қызметіне де бейімделген.
Осылайша, біз төмендегіні мәлімдейміз:
- Біз компанияда кемсітушіліктің жоқ екеніне кепілдік береміз. нәсіліне, дініне, жынысына, этностық ерекшелігіне, жынысына, мүгедектігінің болуына қарамастан барлық қызметкерлермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасаймыз;
- Біз бала еңбегін пайдаланбаймыз;
- Біз мәжбүрлі еңбекті қолдамаймыз және тәжірибемізде қолданбаймыз;
- Біз әрбір қызметкердің қауымдастық еркіндігі мен ұжымдық шартқа қол қою құқықтарын мойындаймыз;
- Біз өңірлердегі жергілікті қауымдастықтың құқығы мен қажеттіліктеріне құрметпен қараймыз. Біз жергілікті халықпен ашық диалог жүргізуге және кез келген мәселенің шешімін кездесу ұйымдастыру және шағымдарды қараудың өзге де тетіктері арқылы қарастыруға қашанда дайынбыз.
Компаниядағы әрбір қызметкердің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, өндірістік-экономикалық қызметінің нәтижелеріне жұмыс беруші мен жұмыскердің жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік серіктестік аясында тараптардың мүдделерін сақтау және оңтайлы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ҚМГ кәсіпорындарында ұжымдық шарттарға қол қойылады.
Компаниялар тобында ұжымдық шарттың типтік үлгісі бекітілген. Онда еңбекақы төлеуді, жұмыс уақыты мен демалысты, қауіпсіздік мен еңбекті қорғауды, жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмыспен қамтуды және Қазақстан Республикасының заңнамасы мен жұмыс беруші ұсынатын әлеуметтік қолдауды ұйымдастырудың шарттары мен бірыңғай тетіктері белгіленген.
Адам құқықтарына әсер ету бойынша мониторинг жүргізу және есеп беру
ҚМГ өз қызметінің адам құқықтарына кері әсерін тигізбеу және оны жеңілдету бойынша шараларды жетілдіріп отыруға тырысады және осы мақсатта тұрақты негізде өз әсерінің әлеуетті және нақты салдарларын бағалау мен бақылау бойынша жұмыс жүргізіп, тиімді стратегиялар мен шешімдер әзірлейді.
Қызметкерлерге және мүдделі тараптарға ақпарат беріп отыру
ҚМГ адам құқықтарын қорғау мәселелерін технологиялық процестермен және жұмыс әдістерімен біріктіру аясында нақты нұсқаулықтар шығарады. Қызметкерлерге арнап мамандандырылған оқу жүргізіп, компанияның мердігерлері мен бизнес-серіктестеріне ақпарат беруді жоғарылату бойынша түрлі бастамаларды қолға алды. ҚМГ өз қызметінің тиімділігін бағалап бақылайды және жеткен нәтижелері жөнінде есеп береді.
Шағымдарды қарау тетіктерін енгізу
ҚМГ өз қызметін бастағаннан бері операциялық тәжірибеге шағым беру және оларды қарау тетіктерін енгізу мәселесіне жіті назар аударады. Сондықтан тікелей біздің активтерімізді пайдалану әсеріне ұшыраған адамдар мен құқық иелері (жұмыскерлер, өнім берушілер, мердігерлер, жергілікті қауымдастықтар және кез келген бөгде адамдар) адам құқығының бұзылған жағдайлар туралы Ұлттық компанияға хабарлай алады. Бұл тетіктерді пайдалану сотқа жүгіну немесе шағымдарды соттан тыс тәртіппен қараудың басқа да тәсілдерін, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаушылардың заңды және бейбіт іс-қимылдарын қолдану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Теріс әсерді түзету үшін құқықтық қорғау құралдарын ұсыну
ҚМГ өзінің іс-әрекеттерінің адам құқықтарына тигізуі мүмкін кері салдарын анықтау бойынша және мұндай салдарлар туындаған жағдайда оларды жоюды қамтамасыз ету (немесе қамтамасыз етуге жәрдемдесу) бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Компания теріс әсер оның өндірістік қызметімен, өнімдерімен немесе қызметтерімен тікелей байланысты болған жағдайларда осы мақсаттарға жету үшін бар күш-жігерін салады.
Адам құқықтарына тиісті қамқорлық жасау және тәуекелдерді бағалау
Компанияда қызметті жүзеге асыру барысында адам құқықтарының сақталуына кешенді тексеру жүргізу міндеті қойылды.
Біз осындай кешенді тексеру жүргізуге ерекше назар аударамыз. Бұл адам құқықтарына кері әсер етуі мүмкін теріс салдарлар қызметтің жаңа түрлерін жүзеге асыруды бастамай тұрып, жаңа іскерлік қатынастар орнатпас бұрын немесе өндірістік қызмет жағдайларының тиісті өзгерістері кезінде анықталатынын және бағаланатынын; нәтижелер ҚМГ ішкі процестеріне біріктірілетінін; мұндай салдарлардың алдын алу және жеңілдету бойынша тиісті шаралар қабылданатынын; қабылданған шаралардың тиімділігін бақылау жүзеге асырылатынын; қабылданған шаралар туралы ақпарат қалың жұртшылықтың назарына жеткізілетінін білдіреді.
Үшінші тараптарға қатысты құқық қорғау жөніндегі күтулер туралы келісім
ҚМГ өзімен бірлесіп жұмыс жасайтын бөгде компаниялардың өз жұмыскерлеріне жоғарыда көрсетілген кепілдіктерді, оның ішінде бұзушылықтар болған жағдайда шартқа тиісті бапты енгізу арқылы кепілдіктер беруге келісуін қамтамасыз етуге ұмтылады.
Бізбен ынтымақтастық орнату барысында біздің өнім берушілеріміз бен бизнес-серіктестеріміз осы саясаттың рухы мен мазмұнын ұстанады және жоғарыда атап көрсетілгендерді қоса алғанда, барлық халықаралық тұрғыдан танылған адам құқықтарын құрметтеуге деген адалдығымызды бөліседі деп үміттенеміз. Біздің барлық өнім берушілеріміз бен іскери серіктестеріміз өздерінің іс-әрекеттері нәтижесінде ең үлкен қауіп төнген адам құқықтарына, сондай-ақ теріс әсерге бейім адамдарға, соның ішінде әйелдерге, балаларға, мигранттарға ерекше назар аударады деп үміттенеміз.