Өнеркәсіптік басқару және өндірісті тұтас басқару
Біз өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына (API, DNV) сәйкес келуге ұмтыламыз және өндірісті тиімді басқарудың негізгі элементі ретінде басқару жүйесін тұрақты жетілдіруді мақсат етеміз.
Корпоративтік орталық өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы біздің өндірістік объектілерге тәуекел-аудиттерді жүргізеді. Тәуекел-аудиттердің нәтижесі бойынша өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы ең үздік әлемдік практикалар мен халықаралық стандарттарды ескере отырып, негізгі өндірістік тәуекелдерді азайту жөнінде ұсынымдар әзірленеді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдер туралы хабардар болуды арттыру үшін Компанияның барлық еншілес тәуелсіз ұйымдарына «Молния-Найзағай» және «Оқиғаларға шролу» ақпараттық хабарламалар жіберіледі.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы оқиғаларды топтастыру заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Алайда, халықаралық талаптарға және бенчмаркетингті жүргізу мүмкіндігіне сәйкес есепке алу және есепті жүргізу мақсатында біз IOGP талаптарына сай есепті жүргіземіз.
Біздің мақсатымыз «Өндірістік объектілердің тұтастығын басқару» (ТБ) тәуекелге бағдарланған тәсілдерді енгізу болып табылады.