Әлеуметтік бастамалар
«Самұрық-Қазына» АҚ және оның оның құрамына кіретін ұйымдар қызметінің масштабын тұтас ел экономикасының дамуында стратегиялық маңызы бар екендігімен, мыңдаған адамның мүддесімен біте қайнасқандығымен өлшеуге болады.
Осы арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметіне қатысты мынадай бірқатар аса маңызды қағидаттар шығады: қоғамның мүдделеріне мұқият болу, аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірлерде қолайлы іскерлік ахуалдың қалыптасуына, қолайлы еңбек жағдайларын жасауға, халықтың әлеуметтік және рухани өсуін қолдауға жан-жақты жәрдемдесу.
Осыған байланысты Компания экономикалық бағытқа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік салаға да жіті назар аудара отырып, өз бизнесінің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын тұрақты ұстанып келеді. Атап айтқанда, жаңа жұмыс орындарын ашу, персоналға арналған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру, демеушілік пен қайырымдылық, экологиялық және білім беру акцияларын жүргізу.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның демеушілік және қайырымдылық қызметі рухани және ұлттық құндылықтардың жандануына, мәдениет, ғылым және білімді қолдауға, ғылыми-техникалық өркендеуге жәрдемдесу, салауатты өмір салтын насихаттауға, қоғамның аз қамтылған топтарына, табысы аз азаматтарға көмек беруге және спорт саласына қолдау көрсетуге бағытталған.
«Самұрық-Қазына» АҚ және оның құрамына кіретін ұйымдардың қайырымдылық көрсету жөніндегі бірыңғай саясатты «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры (info@sk-trust.kz) жүргізеді.
«Samruk-Kazyna Trust» – бұл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жанынан құрылған, Қазақстан Республикасында қайырымдылық, әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыратын әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.
«Samruk-Kazyna Trust» Қазақстан Республикасының Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта мынадай бағыттар бойынша қайырымдылық жобаларды іске асырады:
- әлеуметтік және медициналық сектордағы адамдар мен қауымдастықтарға көмек көрсету;
- медианы, мәдени қоғамды және адами потенциалды дамыту;
- еңбек және ұлтаралық қатынастарды нығайту, сондай-ақ қоғамның тұрақты дамуына инвестициялар құю;
- өңірлік және бизнес бастамаларды қолдау.
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі туралы толық ақпаратты www.sk-trust.kz ресми сайтынан оқи аласыз.
ҚМГ өз өндірісін жүргізетін өңірлердің дамуына мол үлесін қосып келеді. Барлық елеулі мәселелер бойынша басты мүдделі тараптармен тұрақты байланыс орнатылған. Еншілес ұйымдардың жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттардың есебінен ҚМГ аймақтардың дамуына, мұқтаж халыққа әлеуметтік көмек көрсетеді. ҚМГ-ге қарасты кәсіпорындар қаражатты жергілікті атқарушы органдарға, ал олар қаржыны жергілікті қауымдастықтың қажеттілігіне қарай үлестіреді.
Корпоративтік мәдениет
Қызметкерлердің негізгі бизнес-міндеттерді шешуге жоғары деңгейде жұмылдыруына септігін тигізетін және ұжымда ынтымақ пен ауызбіршілікті сезіну үшін шығармашылық, жаңашылдыққа бастайтын жағдай жасауға барынша көп көңіл бөлеміз.
Корпоративтік мәдениетіміз саладағы жұмыстың тиімділігі мен сапасының стандарттарын қалыптастырушы ойы мен көзқарастары бір жерден шығатын команданы құруға бағытталған.
Қызметкерлер компанияның қоғамдық өміріне белсенді қатысады, қызметкерлер мен басшылық арасында конструктивті диалог орнатылған, қызметкерлердің жұмыс және жеке уақытының үйлесуіне көңіл бөлінген.
Компания салауатты өмір салтын насихаттайды. Жыл сайын компанияға қарасты ұйымдардың қызметкерлері арасында спартакиада, достық матчтар өткізіліп тұрады.
Ұрпақтар сабақтастығы:
Мұнай-газ саласында қашанда жоғары білікті, майталман мамандар еңбек еткендігі және осы күнге дейін де еңбек етіп келе жатқандығы белгілі. Бұл мамандардың көбісі еліміздің ұлттық байлығын құрайтын ерекше тұлғалар.
Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғастыру, сала ардагерлері мен мақтан тұтар азаматтардан тікелей ақпарат алуға мүмкіндігік беру, сондай-ақ саланың танымал тұлғалары жүріп өткен сара жолды зерттеу мақсатында ҚМГ компаниялар тобының жас мамандарына арналған кездесулер, шеберлік сыныптары үнемі өткізіліп тұрады.
Қоғамның дамуына қосқан үлесі:
Компания қызметкерлерді қоғамдық өмірге тарта отырып, мұқтаж халыққа көмек көрсету арқылы олардың рухани жағынан өсуіне де ықпал етеді. Компания жыл сайын Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне қошемет көрсетеді, компания ұжымы жалпы қалалық сенбіліктерге атсалысады, жас мамандармен жұмыс жүргізеді.
Жастар саясаты
2014 жылғы қыркүйекте ҚМГ компаниялар тобында бірыңғай жастар саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру мақсатында Жастар ісі жөніндегі кеңес құрылды. Жастар ісі жөніндегі кеңесті құрудың міндеті мен мақсаты жас қызметкерлермен жұмыс тәсілдерін және механизмдерін шоғырландыру және ҚМГ компаниялар тобы бойынша бірыңғай стандарттарды әзірлеу, ҚМГ-ның Жастар кеңесінің көмегімен ЕТҰ-ның жастар кеңесімен өзара әрекеттесу арқылы Компанияның жастар саясатын іске асыру шеңберінде жоспарларды, іс-шараларды орталықтандыру болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Жастар саясаты (бұдан әрі – Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚМГ Жарғысына, сондай-ақ ҚМГ-ның өзге ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген және Компанияның жас қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыруға бағытталған. Компанияда қазіргі уақытта 29 жасқа дейінгі жастар саны шамамен 17 мың адамды құрайды, ол шамамен 20 процентті құрайды, оның ішінде жас қызметкерлердің 5 проценті басшы лауазымдарды атқарады. Қазіргі таңда Компания бойынша жас қызметкерлердің санатынан 26 адам Болшақ бағдарламасының түлектері болып табылады, 280 адам магистр және ғылым кандидаты дәрежесіне ие. Жас қызметкерлер Компанияның кадрлық әлеуетінің негізі болып табылады. Дәйекті жастар саясатын жүргізу ҚМГ-ның Даму стратегиясын жүзеге асыру үшін жастар әлеуетін белсенді пайдалануға мүмкіндік береді, жастарды бейімдеу бойынша мәселелерді шешуге, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға көмек көрсетеді. Осы саясат ҚМГ-ның жастар саясатын дамытуға бағытталған өзге ішкі құжаттарды әзірлеу үшін негіз болып табылады. Мәдени-көпшілік іс-шараларды жүргізудің де маңызы аз емес, ол өз кезегінде жас қызметкерлердің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан көрсете білуіне жағдай жасауға және бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жастар арасында салауаты өмір салтын насихаттауды жүргізудің де, жыл сайын ҚМГ-ның жастар слетін, кешенді спартакиадалар, жалпы корпоративтік олимпиадалар, конкурстар және т.б. өткізудің де маңызы зор. Тұтас алғанда, Компания жастар саясатын іске асыруда жас қызметкердің жан-жақты дамуы, құқығын қорғауы, өзін-өзі толық көрсете алуы үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.
Саясаттың мақсаты
Осы саясаттың мақсаты бірыңғай стандарттарды әзірлеу және жастар саясатын жүзеге асыру үшін жас қызметкерлермен жұмыс істеудің тәсілдерін және механизмдерін шоғырландыру болып табылады.
Саясаттың міндеттері
- Жастарға қатысты мәселелер бойынша және жоспарларды, іс-шараларды орталықтандыру бойынша осы саясатты жүзеге асыру мақсатында ҚМГ-ның Жастар кеңесінің көмегімен ЕТҰ-ның жастар кеңесімен өзара әрекеттесу арқылы жас қызметкерлердің жиынтықталған пікірін қалыптастыру;
- Компанияда жастардың (кәсіби, материальдық, әлеуметтік, білімдік және өзге) мәселелерін зерделеу, олардың шешімі бойынша басшылық және кәсіподақ үшін ұсыныстар дайындау, жас қызметкерлердің кәсіби өсуіне көмек көрсету;
- жас қызметкерлер үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
- жас қызметкерлер арасындағы кәсіби және іскерлік байланыстарды нығайту;
- өзара әрекеттесуді және тәжірибе алмасуды кеңейту;
- жас қызметкерлердің шығармашылық бастамашылығын арттыру үшін жағдай жасауға көмек көрсету, оларды перспективті әзірлемелерге қатысуға тарту;
- ғылыми-техникалық қозғалысты қолдау және дамыту;
- жаңа қабылданған жас қызметкерлердің жұмысқа бейімделуіне көмек көрсету;
- жас қызметкерлер арасында корпоративтік мәдениетті дамыту;
- құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлық және алаяқтық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, жас қызметкерлерді әлеуметтік тұрғыдан қорғау;
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- өзге жастар ұйымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
Саясаттың базалық қағидаттары:
- Компанияның барлық жастар ұйымдарының күш-жігерін біріктіру;
- Жастар саясатын ҚМГ арқылы орталықтандыру;
- ҚМГ-ның, еншіліес ұйымдардың және тәуелді қоғамдардың, соның ішінде бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындардың осы саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесуі.
Қағидаттарды сақтау Саясатқа сабақтастық, тұтастық сипат береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі міндеттерін жүзеге асыруда бірыңғай әдіснаманы және бағыттарды құрады.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- Кәсіби даму;
- Мәдени даму;
- Инновациялық-рационализаторлық бастамалар;
- Спортты және салауатты өмір салтын насихаттау;
- Әлеуметтік қолдау.
Саясатты іске асыру құралдары:
Осы саясатты іске асыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының Жастар істері жөніндегі кеңесі құрылды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының Жастар істері жөніндегі кеңесі туралы Ереже «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Басқармасымен 2014 жылғы 4 қыркүйекте бекітілді.
Компания ішкі құжаттарды қабылдар кезде осы Саясаттың ережелерін, сондай-ақ «Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының осы Саясатқа қатысы бар нормативтік құжаттарын ескереді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің болашағын күш-жігерін, білімін, қабілетін және ұмтылысын Компанияның дамуына салуға дайын жастармен байланыстырады. Сондықтан, осы Саясатты табысты түрде жүзеге асыру жастар қатарын нығайтуға мүмкіндік береді, болашақта тәжірибелі, оңтайлы шешімдер қабылдауға қабілетті, заманның кез-келген өзгерістеріне қарсы тұра алатын, жаңа перспективалық жобаларды ұсына алатын және проблемалық мәселелерді Компания және мемлекет мүддесі тұрғысынан шеше алатын, жоғары білікті басқарушыларды алуға мүмкіндік береді.
Компанияның болашақ бақуаттылығы ертеңгі күні оның лайықты ұрпақты бүгін дайындауға деген Компанияның көзқарасына байланысты болады.