Алаяқтардан сақ болыңыз!

Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар!

Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі Келісу комиссиясы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі Келісу комиссиясының құрамы

 

Келісу комиссиясының төрағасы:

Рахымбергенов Еркін Мағауұлы, адамиресурстарды басқару департаменті әлеуметтік саясат және ішкі коммуникациялар басқармасының бастығы.

 

Келісу комиссиясының мүшелері:

Аманиязов Бақытжан Тұрдыұлы, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті еңбек және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы;

Жазетов Нұритдин Мұратұлы, құқықтық қамтамасыз ету департаменті корпоративтік басқаруды құқықтық сүйемелдеу басқармасының бастығы;

Ахметбеков Марат Сүндетбайұлы, Әкімшілік жұмыс басқармасының бас маманы;

Елубаев Нұрбол Рүстенбекұлы, ақпараттық технологиялар департаменті ақпараттық жүйелер және телекоммуникациялар басқармасының жетекші маманы.

 

Келісу комиссиясының хатшысы:

Жүнісова Айжамал Сәрсенқызы, адами ресурстарды басқару департаментінің адами ресурстарды басқару бөлімінің жетекші маманы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жеке еңбек дауларын қарау туралы келісім

№1 Қосымша келісім