Қазақстан Республикасы Президентінің жекешелендіру бағдарламасы мен IPO туралы айтқаны
Қасым-Жомарт Тоқаев
«Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының мұнай-газ, энергетика, инфрақұрылым және басқа да салаларында 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Біз ірі компаниялардың акцияларының ұлттық қор биржаларында тіркелгенін құп көреміз».

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының үндеуі
Мағзұм Мырзағалиев
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының IPO туралы бөліміне қош келдіңіздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттің ел экономикасындағы үлесін бірте-бірте азайту бағыты жайында, оны мемлекет активтерін жекешелендіру мен ұлттық компанияларды IPO-ға шығару арқылы жүргізу туралы бірнеше рет айтқан болатын.
Инвестор болғыңыз келсе?
Акция сатып алудың қадамдары
Бөлшек инвесторлар (жеке тұлғалар) акцияларды сатып алудың үш тәсілінің бірін таңдай алады:
1
БРОКЕРЛІК КОМПАНИЯ АРҚЫЛЫ
Бұл әдіс бағалы қағаздарды тұрақты негізде сатып алу/сату бойынша одан әрі операцияларды жүзеге асыруды, сондай-ақ брокерлерден нарық бойынша аналитикалық материалдарды алуды жоспарлап отырған инвесторларға жарамды. Көптеген брокерлер өз клиенттеріне веб-сайттар және/немесе мобильді мобильді қосымшалар арқылы қызмет көрсетуді ұсынады.
2
HALYK HOMEBANK
ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ
Бұл әдіс қосымша өз пайдаланушыларына Halyk Invest бөлімінде 15 минут ішінде инвестициялық шот ашуға мүмкіндік береді. Ашылғаннан кейін инвестициялық шотты карталық, ағымдағы немесе депозиттік шоттан комиссиясыз толықтыруға болады. Halyk Invest операцияларды бес валютада жүргізуге мүмкіндік береді. Halyk Invest бөлімінде акцияларды 5 теңгеден бастап сатып алуға/сатуға, өз шоттары арасындағы сомаларды комиссиясыз айырбастауға, KASE және AIX биржаларына тікелей шығуға болады.
3
TABYS ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ
Бұл тәсіл акцияларды брокерлік шот ашпастан, сатып алуды онлайн банк картасымен төлей отырып, мобильді қосымша көмегімен тікелей жазылу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Болашақта тікелей жазылым арқылы сатып алынған акцияларды сату мүмкіндігін алу үшін инвесторға брокерлік шот қажет болады, сондықтан егер сіз ұзақ уақыт акция ұстаушысы болуды жоспарласаңыз, бұл әдіс сізге сәйкес келеді.
4
ҚАЗПОШТА
АРҚЫЛЫ
Бұл әдіс брокерлік компаниялар ұсынылмаған шалғай аймақтардағы инвесторларға және/немесе интернетке тұрақты қатынауы жоқ тұлғаларға жарамды. «Қазпошта» брокердің қызметтерін, шарт жасасу және брокерлік компаниямен одан әрі өзара іс-қимыл жасау үшін трансфер-агент қызметтерін, сондай-ақ пошта байланысы бөлімшелері арқылы Tabys-қа тікелей жазылу қызметтерін ұсынады.
Неге ҚазМұнайГаз?
ҚазМұнайГаз-ға инвестиция салудың себептері
Толығырақ
Жиі қойылатын сұрақтар
Толығырақ
Медиатека