Басқарма төрағасының үндеуі

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) компаниялар тобының тұрақты даму туралы 2017 жылғы шоғырландырылған есебін ұсынамыз.

Біздің акционеріміз – «Самұрық-Қазына» қорының тұрақты дамуға қол жеткізу жөніндегі стратегиялық мақсаттарына сәйкес біз өз қызметімізді тұрақты дамыту, өзіміздің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарымыздың келісілген қағидаттарына сәйкестікті қамтамасыз етуге ұмтыламыз.ҚМГ тұрақты дамуды компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуімен қатар стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде қарайды. Тұрақты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметтерге және шешімдер қабылдау процестеріне енгізу мен интеграциялау Компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

2017 жылы біз өзіміздің бизнес-моделімізді және операциялық қызметімізді трансформациялау жолымен біздің қаржылық тұрақтылығымызды көтеруге жұмылдырдық. Біз Трансформациялау бағдарламасын белсенді іске асыруды жалғастырудамыз және қазірдің өзінде қабылданған шешімдердің көрінетін оң нәтижелерін алудамыз.

Холдингтік құрылымда барлық жерде бизнес-процестерді оңтайландыру, басқару жүйесін жеңілдету және орындалатын жұмыстар сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Іске асырылып жатқан Трансформациялау бағдарламасынан бағдарламаны іске асыру басталған сәттен бері жиынтық экономикалық пайда 61,8 млрд теңгені құрайды.

Осы кезеңнің неғұрлым маңызды жетістігі басқарудың жаңа мақсатты операциялық моделін енгізу болып табылады, ол басқару деңгейлерінің санын бестен екіге дейін қысқартуды көздейді. Бұл Компанияға өндірістік активтерді тікелей операциялық басқаруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Басқарудың жаңа моделіне сәйкес 2017 жылы ірі қосалқы холдингтердің бірі – «ҚМГ – өңдеу және маркетингті» қосу жүзеге асырылды. 2018 жылы Компанияның басқа қосалқы холдингтерін одан әрі қосу жоспарлануда. Өндірістік активтерді басқару тікелей ҚМГ-ден жүзеге асырылатын болады.

Біз қызметтің бейіндік емес түрлерін нарықтық ортаға шығаруға және қайталанатын функцияларды қысқартуға ұмтыламыз, бұл ретте негізгі және қосалқы функцияларды бөлу жұмыс орындарын, әлеуметтік кепілдіктерді максимумды сақтаумен және сыртқы ортаға шығарылатын персоналдың бейімделуін қолдаумен жүреді. Өзгерістер жағдайларында жұмыс істей отырып, Компания есептік кезеңде өткен кезеңмен салыстырғанда өзінің өндірістік нәтижелігінің көрсеткіштерін төмендетпеуге қол жеткізді. 2017 жылы көмірсутек шикізатын өндіру көлемі 23,4 млн тоннаны құрады.

Біз үшін Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғыртуды аяқтау мен Атырау зауытында жаңа жабдықты орнату жөніндегі барлық механикалық жұмыстардың аяқталуы маңызды оқиға болды. 2018 жылдың екінші жартыжылдығында Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазақстандық МӨЗ-дерді жаңғыртуды аяқтау 2018 жылдың соңында ҚР ішкі нарығын мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ автомобиль отынын К4, К5 стандарттары бойынша шығаруға көшуге жағдай тудырады.

Компания үшін өзгермейтін ең үлкен басымдық адамдар болған және бола береді. Еліміздің ең ірі жұмыс берушілерінің бірі бола отырып, біз әлеуметтік тұрақтылыққа және еңбек даулары мен қақтығыстарын реттеуге ұмтыламыз. 2017 жылы тараптардың келісімі бойынша «Oil Services Company» ЖШС-мен 3 жыл мерзімге ұжымдық шартқа қол қойылды.

Job matching бағдарламасын іске асыру шеңберінде компанияның ішінде де, сондай-ақ одан тысқары да барлық ниет білдіруші ізденушілер үшін ҚМГ орталық аппаратында басшылық лауазымдарды иеленудің тең мүмкіндігі берілді. Бұл бағдарлама жалғасатын болады.

Біз сондай-ақ барлық жұмысшыларды тарта отырып, еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау мәдениетін алға жылжытуға ұмтыламыз. Компания қызметкерлері үшін де, сондай-ақ мердігерлер үшін де кез келген жұмысты қауіпсіз жүргізуге арналған бағыт өзгеріссіз қалды, біз қауіпсіздік шараларына жоғары талаптар қоямыз және өзіміз орналасқан өңірлерде қоршаған ортаға барынша аз әсер етуге ұмтыламыз.

Өзіміздің экологиялық ықпалымыздың маңыздылығын түсіне отырып, біз өзіміздің нәтижелеріміз және жетістіктеріміз туралы ақпаратты жан-жақты ашуға ұмтыламыз. Мәселен, Қазақстанның мұнай-газ компаниялары үшін экологиялық жауапкершіліктің бірінші рейтингі жобасына қатысып, біз тәуелсіз халықаралық ұйымдардың біздің Компанияны көшбасшы және экологиялық жауапты компания ретінде мойындауына қол жеткіздік.

Өткен жыл біз үшін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жылы болды. ҚМГ компаниялар тобы көрме демеушілерінің бірі болды және ЭКСПО-2017 шеңберінде өзінің қызметі және Компаниядағы жаңа технологиялардың дамуы туралы ақпаратты ұсынып, өзінің экспозициясымен таныстырды.

Құрметпен, Сауат Мыңбаев