Бизнес-модель және құндылықтар тізбегі

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін, көмірсутектерін барлау мен өндіруден, оларды тасымалдау мен өңдеуден мамандандырылған сервистік қызметтерді көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыратын, бірегей вертикаль интеграцияланған мұнай-газ операторы.

ҚМГ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы Жарлығымен «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ және «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ-ты біріктіру жолымен құрылған. ҚМГ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.

ҚМГ-ның акционерлері «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы (90 %) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (10 %) болып табылады.

БАРЛАУ, ӨНДІРУ ЖӘНЕ МҰНАЙ СЕРВИСТЕРІ

Негізгі барлау активтері

Өндіру

Мұнай сервистері

Инновациялар  және  технологиялар

Өндіруші активтер:

  1. «Өзенмұнайгаз» АҚ (100 %) – 5480 мың тонна
  2. «Ембімұнайгаз» АҚ (100 %) – 2840 мың тонна

Бірлескен кәсіпорындар:

  1. «ПетроКазахстан Инк.» (33 %)- 1077 мың тонна
  2. «Каражанбасмұнай» АҚ (50 %) – 1071 мың тонна
  3. «Қазгермұнай» БК» ЖШС (50 %) – 1400 мың тонна

Барлау активтері:

  1. «Ural Group Limited» АҚ (50 %)
  2. «Карповский Северный» ЖШС (100 %)

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – ҚМГ-нің еншілес компаниясы, оған 2017 жылы акциялардың жалпы санының 58 %-ы тиесілі болған. РД ҚМГ БӨ 2004 жылғы наурызда «Өзенмұнайгаз» АҚ-ты және «Ембімұнайгаз» АҚ-ты біріктіру жолымен құрылған. ҚМГ БӨ меншікті активінде, 2007–2011 жылдары жасалған сатып алуларды есепке алмағанда, 41 кенорны бар. Кенорындардың ең ірісі Өзен кенорны болып табылады, онда өндіру 1965 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2017 жылы ҚМГ БӨ-ні 2018 жылға жоспарланған бас компанияға қосуға дайындық жүргізілді.

«Маңғыстаумұнайгаз» (50 %) – Қазақстан Республикасының ең ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының бірі болып табылады және бүгінгі сәтте жалпы қоры 1 24,671 миллион тонна (8 131 миллион баррель) болатын 15 мұнай және газ кенорындарын игеруде.

«Теңізшевройл» (ТШО), Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КПО) және Норт Каспиан Оперей-тинг Компани Н.В. (НКОК) ЖШС-тері ҚМГ-нің ең ірі активтері болып табылады.

МҰНАЙ ТАСЫМАЛДАУ

Мұнай тасымалдау жүйелері Қазақстанның экономикалық және энергетикалық әлеуетінің негізгі элементтерінің бірі, сондай-ақ мемлекеттің жаһандық экономикаға интеграциясының құралы болып табылады.

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС– ұлттық теңізбен тасымалдаушы.

КМТФ активіне сегіз танкер, 17 буксир-баржа кіреді.

Еншілес компаниялар:

  • «Kazmortransflot Ltd» – 100 %
  • «Kazmortransflot UK Ltd» – 100 %
  • «Altai Shipping Ltd» – 100 %
  • «Alatau Shipping Ltd» – 100 %

«ҚазТрансОйл» АҚ ішкі нарыққа, экспортқа мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ мұнай транзитін жүзеге асырады.

ҚазТрансОйл компаниялар тобы активтерінің құрылымы:

  • «МұнайТас» СБҚКАҚ (Қазақстан) – 51 %
  • «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС- 50 %
  • «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ (Грузия) – 100 %
  • «Батуми теңіз порты» ЖШҚ (Грузия) – 100 %
  • «Petrotrans Limited» (БАӘ, АДГМ) – 100 %
  • «Магистральдық суағызғы» ЖШС (Қазақстан) – 100 %

Құбырлардың жалпы ұзындығы 5,4 мың км құрайды

Бүгінгі күні қазақстандың мұнайдың негізгі қолданыстағы экспорттық маршруттары болып:

  • «Атырау – Самара» құбыры («ҚазТрансОйл» АҚ – 100 %);
  • Каспий құбыр Консорциумы құбыры («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 20,75 %);
  • «Атасу – Алашанькоу» құбыры («ҚазТрансОйл» АҚ – 50 %);
  • Ақтау теңіз терминалы.

«Қазтеңізкөлікфлоты» АҚ кемелері Каспий теңізіндегі қазіргі заманғы кемелер болып табылады және барлық қолданыстағы халықаралық теңізде жүзу стандарттарына сәйкес келеді.

Ақтау портынан Каспий теңізіне, Батуми және Новороссийск порттары арқылы Қара теңізге, сондай-ақ Жерорта теңізінің айдынына мұнай құбыры көлігімен теңіз тасымалдары арқылы жүзеге асырылады.

Тасымалдау бағыттары:

  • Ақтау – Махачкала
  • Ақтау – Баку
  • Қара теңіз
  • Жерорта теңізі
  • Туркменбаши – Баку/Махачкала
  • МПК «Юрий Корчагин» – Баку

2017 жылы мұнай тасымалдау 65 489 мың тоннаны құрады, оның ішінде құбырмен – 58 538 мың тонна, (МҚ ұзақтығы – 7 585,5 км), теңіз флотымен – 6 951 мың тонна.

МҰНАЙ ӨҢДЕУ


Қазақстандық өңдеуші сектор мұнай және газ өңдеу жөніндегі бірқатар ірі компаниялармен ұсынылған:

  1. Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ): өңдеудің жобалық қуаты жылына 5,0 млн тоннаны құрайды, өңдеу тереңдігі – 62,73 %.
  2. Шымкент мұнай өңдеу зауыты («ПетроКазахстан Ойл Продактс», ПКОП): өңдеудің жобалық қуаты жылына 6,0 млн тоннаны құрайды, өңдеу тереңдігі – 73,03 %.
  3. Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ): Қазақстанның технологиялық тұрғыдан неғұрлым күрделі мұнай өңдеу зауыты. Өңдеудің теңдестірілген қуаты жылына 5,1 млн тоннаны құрайды, өңдеу тереңдігі – 76,08 %. Кәсіпорын Батыс Сібір кен орындарының мұнайын өңдеуге жобаланған.
  4. CASPIBITUM: Қааражанбастың ауыр мұнайынан жол битумдарын өндіру жөніндегі зауыт. Өңдеу жөніндегі жобалық қуаты жылына 1,0 млн тоннаны құрайды.

Республикада жылына жалпы газ өңдеу қуаты 18,9 млрд м3 болатын үш газөңдеуші зауыт жұмыс істейді:

  1. Қазақ газөңдеуші зауыты (ҚазГӨЗ), табиғи газ өңдеу қуаты – 2,9 млрд м3.
  2. Жаңажол газөңдеуші зауыты (ЖГӨЗ) – 4 млрд м3.
  3. Теңіз газөңдеуші зауыты  (ТГӨЗ) – 12 млрд м3.

Одан басқа, 2006 жылғы 27 желтоқсандағы «Газпром» ААҚ, НХК «Узбекнефтегаз» ААҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасындағы өзара газ жеткізу келісіміне сәйкес Қарашығанақ кен орнының газы Оренбург ГӨЗ-де өңделеді.

2017 жылы – 14 874 мың тонна мұнай өңделді, 23 158 мың тонна мұнай сатылды, 17 759 млн м3 газ сатылды.

2017 жылғы өңдеудің негізгі көрсеткіштері:

  • АМӨЗ 4 724 мың тонна
  • ПКОП 2 343 мың тонна
  • ПМХЗ 4 747 мың тонна
  • CASPIBITUM 359 мың тонна.

«ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг» АҚ – бұл жаңартылған мұнай өңдеу активтеріне иелік етуші мұнай өнімдерін өндіру және сату саласындағы қазақстандық көшбасшы. ҚМГ-ні трансформациялау шеңберінде «ҚазМұнайГаз өңдеу және маркетинг» АҚ 2017 жылы ҚМГ бас тобының құрылымына қосылған.

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ МАРКЕТИНГІ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ


«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС – жанар-жағар май материалдарын бөлшек сату жөніндегі компания. Біз мұнай өнімдерінің кең ассортиментін – сапасы жоғары бензин, дизель отыны, авиакеросин, пеш отыны, мазут, вакуумдық газойль, кокс, сұйылтылған газ, күкірт және битумды экспортқа да, ҚР ішкі нарығына көтерме және бөлшек күйде де сатамыз.

Қазіргі күні «ҚазМұнайГаз» АЗС Қазақстан Республикасындағы саны бойынша және сату көлемі бойынша ең ірі АЗС бірі болып табылады.

ҚМГ-де 11 меншік мұнай базасы бар.

Мұнай өнімдерінің түрі

Мұнай өнімдерін көтерме сату көлемі, мың тонна

ҚР нарықтағы үлесі, %

1

Бензин (АИ-80, АИ-92, АИ-95, АИ-98 бөлшек сату)

409,29

14 

2

Дизель отыны

726,43

14 

3

Мұнай отыны. Мазут

717,31

 

4

Битум

18,76

 

5

Сұйылтылған газ

46,83

 

6

Күкірт

1,55

 

7

Мұнай коксы

86,32

 

8

Вакуумдық газойль

327,2

 

9

Авиаотын

9,78

 

10

Өзге

3,65

 

Қазіргі күні, «ҚазМұнайГаз» АЗС бөлшек сату желісі Қазақстан Республикасындағы саны бойынша және сату көлемі бойынша ең ірі АЗС бірі болып табылады. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ негізгі миссиясы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және оларды «ҚазМұнайГаз» тармақталған бөлшек сату желісі арқылы сату болып табылады.

Қазақстанның ішкі нарығында мұнай өнімдерін бөлшек саудада сату:

343 «ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС) бренді бар АҚС, оның ішінде:

  • 25 АЗС «DODO»,
  • 176 АЗС «COCO»,
  • 142 АЗС «CODO».

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бөлшектеп сату ассортиментінде ашық мұнай өнімдері – АИ-80, АИ-92, АИ-95, АИ-98, ДТ маркалы бензин басымдықпен сатылады.

Сегменттер бойынша ірі тұтынушылар:

  • Ұлттық компаниялар –18 %
  • Мемлекеттік органдар мен мекемелер – 21 %
  • Өзге заңды тұлғалар – 55 %
  • Жеке тұлғалар – 6 %
  •  

АҚС аумақтық бөлшек сату желісі келесі өңірлерде орналасқан:

№ п/п

Облыс/өңір

АЗС саны

2017 жылы АЭС сату көлемі, тонна

1

Астана қ.

26

111 886

2

Павлодар

13

52 096

3

Ақмола

19

55 031

4

Қостанай

12

42 054

5

Солтүстік Қазақстан

20

52 394

6

Қарағанды

44

112 563

7

Шығыс Қазақстан

26

90 711

8

Алматы қ.

22

63 206

9

Алматы

34

82 786

10

Жамбыл

16

44 892

11

Қызылорда

14

35 714

12

Оңтүстік Қазақстан

18

26 896

13

Атырау

24

65 933

14

Маңғыстау

20

79 025

15

Ақтөбе

21

74 105

16

Батыс Қазақстан

14

60 867

 

ЖИЫНТЫҒЫ

343

1 050 161

Сондай-ақ Маңғыстау облысында тұтынушыларды автокөлікке газ толтырумен жабдықтайтын 12 АГТС және 3 АГТС/АЗС жұмыс істейді.

KMG International N.V.


KMG International N.V. Еуропадағы ҚМГ шетелдік активі болып табылады және Қара теңіз өңіріндегі қазіргі заманғы мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі — Petromidia Năvodari, сондай-ақ полимерлердің жалғыз өндірушісі — Vega Ploiesti мұнай өңдеу зауытына иелік етеді.

Қазақстанның шегінен тыс ҚазМұнайГаз тобында Румынияда, Молдовияда, Болгарияда, Грузияда, Франция мен Испанияда отын сатудың мыңдаған пункттері бар. KMG International N.V. – Румынияда, Қара теңіз елдерінде және Жерорта теңізі бассейндерінде мұнай өңдеу, мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу маркетингісі бойынша стратегиялық кәсіпорын.

Rompetrol брендімен KMG International тобының автожанармай құю станциялары торабының 1000 сату пункттері бар, соның ішінде 600 бірлік – Rompetrol-дың автожанармай құю станциясының меншікті жүйесі.

KMG еншілес Trading кәсіпорны ҚМГ бас компаниясының ресурстарынан шикізат мұнайының экспортын, сондай-ақ халықаралық нарықтағы сауда операцияларын жүзеге асыратын жалғыз оператор болып табылады.

ГАЗДЫ БАРЛАУ, ӨНДІРУ, ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ


«ҚазТрансГаз» АҚ тобының басқаруында тауарлық газды елдің ішіндегі жеті миллионнан артық тұтынушыға транзитті қамтамасыз ететін тауарлық газдың магистральдық газ құбырлары және газ тарату желілері бойынша тарату жөніндегі кең тармақты инфрақұрылымы бар. Бүгінгі күні газ кенттер мен ірі қалаларды қоректендіре отырып, еліміздің көптеген алыс өңірлеріне де келіп түседі, сондай-ақ газ қазақстандық өнеркәсіптік және өндірістік кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының газ транзиті жөніндегі газ көліктік инфрақұрылымы негізгі магистральдық газ құбырларынан тұрады:

  • «Орталық Азия – Орталық» – ұзындығы шамамен 4 151 км, қуаты 47,2 млрд м3/жыл);
  • «Бұқара – Орал» – ұзындығы шамамен 1 575 километр, мқуаты 8,5 млрд м3/жыл;
  • «Орынбор – Новопсков» және МГ «Союз» – ұзындығы 760 км, қуаты 10 млрд м3/жыл және 20 млрд м3/жыл;
  • «Қазақстан – Қытай» – ұзындығы 3917 км, қолданыстағы қуаты 50 млрд м3/жыл «Орталық Азия – Қытай» магистральдық газ құбырының бір бөлігі, келешекте 65 млрд м3./жылғы дейін кеңейтумен.
  • 2017 жылы газ тасымалдау 100,857 млрд м3 (ұзындығы ГС – 18 960 км) құрады.
  • Окарем-Бейнеу (лупингпен) – ұзындығы 546 км, қуаты 7,2 млрд. м3;
  • Бейнеу–Бозой–Шымкент – ұзындығы 1 454 км, қуаты 10 млрд. м3/жылына;
  • Ташкент–Бішкек–Алматы (БГА-ТБА) – Бұхара газды ауданы – ұзындығы 1 637 км, қуаты 5,8 млрд. м3/жылына.
  • 2017 жылы магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдау 100,857 млрд м3 (ГЖ ұзындығы – 18 960 км) құрады.

«ҚазТрансГаз» АҚ – газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор, Қазақстанның негізгі газ-энергетикалық және газ тасымалдаушы компаниясы болып табылады.

Активтерінің құрылымы 14 еншілес және тәуелді ұйымдардан тұрады:

  1. «Интергаз Центральная Азия» АҚ – 100 %
  2. «Бейнеу – Шымкент газ құбыр жолы» ЖШС – 50 %
  3. Intergas Finance B.V. – 100 %
  4. «ҚМГ Кансу Оперейтинг» ЖШС – 100 %
  5. «Казтрансгаз – Бишкек» ЖШҚ – 100 %
  6. «ҚазТрансГаз – Тбилиси» ЖШҚ- 100 %
  7. «Азия Газ құбыры» ЖШС – 50 %
  8. «Азия Газ құбыры – Хоргос» ЖШС – 100 %
  9. «ҚазТрансГаз Аймақ» – 100 %
  10. «ҚазРосГаз» ЖШС – 50 %
  11. «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС – 100 %
  12. «АвтоГаз Алматы» ЖШС – 50 %
  13. «Астана Газ ҚМГ» АҚ – 100 %
  14. «Амангелді Газ» ЖШС – 100 %

2017 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Көрсеткіштер атауы

Өлш. бірл.

2017 жылы

факт

ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕР

 

 

Мұнай мен газ конденсатын өндіру

мың тонна

23 362

Газ өндіру

мың тонна

7 997

Мұнайды тасымалдау

мың тонна

65 489

Мұнай жүк айналымы

млн тонн*км

48 360

Газ тасымалдау

млн м3

100 857

Газ тасымалдау бойынша тауарлық-көліктік жұмыстар көлемі

млрд м3*км

47 652

Мұнайды өңдеу

мың тонна

16 879

ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР

 

 

Негізгі қызметтен түсетін кірістер

млрд тг

2 459

Өзіндік құны

млрд тг

2 380

Таза кіріс (шығыс)

млрд тг

437

Күрделі салымдар

млрд тг

703

ҚМГ 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҚНК негізгі стратегиялық көрсеткіштері бойынша төменде келтірілген нәтижелерді көрсетті:

ҚНК

Өлшем бірлігі

2016 (факт)

2017
(факт)

Мұнай мен конденсатты өндіру көлемі

млн тонна

22,6

23,4

Қорлар (А+В+С1)

млн тонна

786

756

ROACE*

%

7,1

9,1

Анықтамалық: *ROACE= (бір жыл ішіндегі пайда+ салықтық төлемдерге/түзетілген сыйақы бойынша 
шығындар)/ақша қаражатын және банк салымдарын есепке алмағанда орташа жұмсалған капитал*

2017 жылы ҚМГ рейтингтері:

Moody’s

S & P

Fitch

Aaa

AAA

AAA

Aa1

AA+

AA+

Aa2

AA

AA

A1

A+

A+

A2

A

A

Aa3

AA-

AA-

A3

A-

A-

Baa1

BBB+

BBB+

Baa2

BBB

BBB

Baa3

BBB-

BBB-

Ba1

BB+

BB+

Ba2

BB

BB

Ba3

BB-

BB-

B1

b+

B+

B2

b

B

B3

b-

B-

Caa1

ccc+

CCC+

Caa2

ccc

CCC

Caa3

ccc-

CCC-

2017 жылы мұнай өнімдерін өткізу көлемі, мың тонна

Қызметкерлер саны

Бөлімшелердің жалпы саны