ҚМГ-нің 2018 жылға арналған міндеттері

ҚМГ-нің 2018 жылдарға арналған жоспарлары келесі стратегиялық міндеттер мен бастамаларды іске асыруды қамтиды:

ҚОРЛАРДЫ ҰЛҒАЙТУ

  • Компания стратегиялық міндеттерді іске асыру және жаңа технологияларды енгізу мақсатында бизнес-процестерді қайта құру есебінен операциялық тиімді қызметті арттыру бойынша жұмыс істеуді жалғастыра береді. Геологиялық-техникалық іс-шаралар тиімділігін арттыру, жөндеуаралық мерзімді ұлғайту, мұнайды өңдеу тереңдігін ұлғайту, мұнай мен газды тасымалдау бойынша операциялар рентабельдігін арттыруға басты назар аударылады.

ПКОП ЖАҢҒЫРТУ

  • 2018 жылдың екінші жарты жылдығында Шымкент МӨЗ жаңғырту аяқтау жоспарланып отыр, ал бұл жылына 6,0 млн тоннаға дейін өңдеу көлемін ұлғайтуға және соған сәйкес мұнай өнімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

АКТИВТЕРДІ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

  • ҚМГ бейінді емес және сервистік активтерді сатуды жалғастырады.

ЕҢБЕК

  • Баға белгілеу жөніндегі мемлекеттік норматив ретінде ҚМГ компаниялары тобында мұнай-газ кешені объектілерін салу кезінде сметалық еңбекақыны төлеуді есептеу жөніндегі әдістемені әзірлеу жоспарланып отыр.
  • МЭМ, ККМ, ТББ және ОКК ЖШС ұжымдық шарттарға қол қою жоспарланып отыр.
  • Тараптардың қызметкерлермен келісімі бойынша және зейнетке мерзімінен бұрын шығу бойынша еңбек шарттарын мерзімінен бұрын бұзу жөніндегі бағдарламаны іске асыру жалғаса береді.

ҚЫТАЙҒА ГАЗ ЭКСПОРТТАУ

Газ тасымалдау және маркетинг саласында «Қазақстан – Қытай» магистральдық газ құбырында № 5 және № 7 компрессорлық станцияларды 2018 жылы шілде мен қазан айында іске қосу, «Қазақстан – Қытай» магистральдық газ құбырында 2018 жылы қараша айында «СКАДА» жүйесін іске қосу жоспарланып отыр, газ құбырының қуатын 15 млрд газға дейін ұлғайту үшін «Бейнеу – Шымкент» магистральдық газ құбырының бойымен үш компрессорлық станция құрылысы басталды.