Директорлар кеңесі төрағасының үндеуі

ҚМГ ҮШІН 2017 ЖЫЛДЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ

2017 жыл «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компанияларының тобы үшін қызметтің барлық салаларында табысты болды. Біздің бір жылдағы пайдамыз 519 млрд теңге болды, бұл алдыңғы жылдан 44 %-ке артық. Былтыр біздің акционерлерге төленген дивидендтер мөлшері, «Самұрық-Қазына» АҚ пайдасына – 41 млрд теңге және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайдасына – 4 млрд теңге.

Біз өткен жылмен салыстырғанда, тиімділіктің басты көрсеткіштеріміздің айтарлықтай өскенін атап өтеміз. Осылайша, мұнай мен конденсат өндірісі 3 %-ке, газ өндіру 10 %-ке, мұнайды магистральдық құбырлармен тасымалдау 3 %-ке ұлғайды, бұл ретте, мұнай айналымының жалпы өсімі 12 % болды, газды магистральдық құбырлармен тасымалдау 15 %-ке, ал газ тасымалдаудың жалпы өсімі 6 %-ке ұлғайды. Бір жыл ішінде барлық үш мұнай өңдеу зауытында жүргізілген ірі ауқымды жөндеуді есепке алсақ, компаниялар тобының мұнай өңдеуінің жалпы көлемі 2 %-ке өсті, бұл да компанияның шаралары мен шешімдерінің өсіп жатқан тиімділігін көрсетеді.

Біз қаржы тұрақтылығының негізгі критерийлері бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтеміз: қарыздың EBITDA-ға ара қатынасы – 3,57, EBITDA – проценттік шығыстар 6,25 – бұл да акционерлеріміздің үміттеріне сәйкес келеді. 2017 жылы Moody’s рейтингтік агенттігі KMG «Baa3» рейтингінің болжамын «терістен» «тұрақтыға» өзгертті. 2017 жылы Standard & Poor’s рейтингтік агенттігі ҚМГ ҰК рейтингісін «ВВ» бастап «ВВ-» дейін төмендетті, болжам тұрақты.

ЖЕКЕ ҮЛГІ

Біздің әрқайсымыз күн сайын өзіміздің іс-әрекетімізде, мінез-құлқымызда және шешімдер қабылдауда тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз.

Басқарушылық позицияларда отырған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер өзінің жеке үлгісімен тұрақты даму қағидаттарын енгізуге уәждеуі тиіс

2017 ЖЫЛДЫҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРЫ

2017 жылы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту және қайта құру аяқталды. Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу өндірісі бойынша жұмыстар басталды, ал Павлодар МХЗ-да жеңіл мұнай өнімдерінің өндірісі бойынша жаңа кешен пайдалануға енгізілді.

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жаңғырту мен қайта жаңарту жобасының бірінші кезеңі аяқталып, экологиялық таза K6 және K5 бензиндерінің бірінші сертификатталған партиясы алынды. Өңдеу тереңдігі мен қуатты ұлғайтуға бағытталған Шымкент МӨЗ-ді жаңғырту жобасының екінші кезеңін 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.

Каспий құбыр арнасы консорциумы Қазақстандағы КҚК қуатын жылына 53,7 млн тоннаға дейін кеңейту бойынша барлық жұмыстарды аяқтады.

Қазақстан – Қытай мен Бейнеу-Шымкент газ құбырларының өнімділігі, тиісінше, жылына 52 және 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтылды. Қызылорда облысында жоғары технологиялы «Қараөзек» газ-компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді.

Біз 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарының шеңберіндегі жұмысымызды жалғастырып, есепті кезеңде жеке инвестор – «Sky Logistics Service LLP» ЖШС «Еуразия-Эйр» авиакомпаниясы» АҚ акцияларының 100 %-тін табысты сатты.

2017 жылы трансформация бағдарламасының шеңберінде, ҚМГ мен «ҚМГ – өңдеу және маркетинг» біріктіріліп, бұрын қолданылған қоржынды инвесторларды басқару тұжырымдамасының орнына, операциялық активтерді басқаруға бағытталған жаңа ұйымдық құрылым болды.

ҚТК-нің құбыр инфрақұрылымы арқылы Қытайға мұнай тасымалдаудың өткізу қабілеттілігін жылына 7 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмысы жүргізіліп жатыр, сондай-ақ транзиттік және экспорттық тасымалдау қызметтерінің тарифтік жүйесі бірте-бірте ұлғаюда. Сонымен бірге, мұнай-газ құбырлары жүйесін қолдауға және дамытуға бағытталған ауқымдық инвестициялық бағдарлама жалғасып жатыр.

Бұл қызметкерлеріміздің жүргізіп жатқан орасан жұмысының аз ғана бөлігі, бұдан басқа, олар ұлттық мұнай және газ операторы ретінде ҚМГ-нің даму тарихының негізгі кезеңдері болып табылады, біз осымен өзіміздің мүдделі тараптарымызбен мақтанышпен бөлісе аламыз.

тұрақты ДАМУДАҒЫ БАҒЫТ

Біз қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділ қанағаттандыру үшін қоршаған ортаны, адамдардың өмірін қорғау және денсаулығын сақтау, адамның құқықтарын сыйлау мен әлеуметтік жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және ғаламдық әріптестік ҚМГ мен мүдделі тараптарымыздың тұрақты дамуы үшін негіз болып табылатынын түсінеміз.

«Самұрық-Қазына» АҚ-тың шешімімен 2017 жылы Тұрақты даму бойынша Референстік модель бекітілді, ол болашақта осы бағыттағы біздің негізгі жоба – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық компоненттерді теңдестіретін тұрақты дамуға арналған бірыңғай интеграцияланған басқару жүйесін құру негізі ретінде қабылданатын болады.

2016 жылдан бастап біз БҰҰ-ның Ғаламдық шартына кіріп, Адамның құқықтарын қорғаудың, еңбек қатынастарының, қоршаған ортаны қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестік әмбебап қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету үшін дәйекті қадамдар қолданып жатырмыз. Сондай-ақ біз кедейлікті қысқарту, гендерлік теңдік, климаттың өзгерумен күрес пен тұрақты даму мүдделеріндегі әріптестік секілді ғаламдық басымдықтарды қамтитын тұрақты дамудың 17 ғаламдық мақсатын іске асыруға күш-жігерімізді саламыз. Қазір ең маңызды басымдықтарымыз бен болашақ ұрпақтар үшін құндылықтарды қорғау үшін әлемге күшті және біртұтас дауыс қажет, ал ҚМГ біз көргіміз келетін әлемдегі оң өзгерістерді қолдайды. Сонымен қатар, осы Тұрақты даму жөніндегі есеп біздің БҰҰ-ның Ғаламдық шартындағы ҚМГ-нің мүшелігі шеңберінде 2017 жылы қол жеткізілген Прогресс туралы баяндамамыз болып табылады.

ҚМГ ең ірі мұнай-газ кәсіпорны мен шикізат экспорттаушы болып табылады және Қазақстанның экономикалық әл-ауқатына едәуір әсер етеді. Біз өңірлік, сондай-ақ әлемдік деңгейде үнемі өзгеріп жатқан нарықтық жағдайларда жұмыс істеп жатырмыз. Компанияның шикі мұнай мен мұнай өнімдері және мұнайды алдын ала сату бағаларының құбылуы, айырбастау бағамының өзгеруінің әсері, мұнай мен газ тасымалдау қызметтеріне арналған тарифтердің өзгеруі, мен салық салудағы өзгерістер 2017 жылы Компания қызметінің қорытындыларына әсер еткен негізгі факторлар болып табылады.

Барлық осы факторлар ұйымдарға бизнес-моделінің, операцияларын дәйекті түрде және үнемі өзгертіп, құндылықтарын қайта бағалап және нарықтың үнемі өзгеретін жағдайына бейімделу қабілеттігін ұлғайтып, өздерінің қаржылық орнықтылығын арттыруға көмектеседі. Біз трансформация үшін ойланған қадамдарымызды жалғастырып жатырмыз және қабылданған шешімдердің оң нәтижелерін көріп жатырмыз. Осылайша, холдингтік құрылымда, барлық жерде, бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізіліп, орындалып жатқан жұмыстарды басқару жүйесі жеңілдетілді және орындалатын жұмыстардың сапасы жақсартылуда. Біз нарықтық ортаға қызметтің негізгі емес түрлерін енгізіп, қайталанатын функцияларды азайтуға ұмтыламыз, сонымен бірге негізгі және қосалқы функцияларды бөлу жұмыс орындарын барынша сақтап, әлеуметтік кепілдіктермен және сыртқы қауымдастыққа берілетін персоналды бейімдеу үшін қолдаумен жүргізіліп жатыр. Біздің күш-жігеріміз компанияның тұрақты дамуы мен ұзақ мерзімді құнын арттырудың тұрақты бағытына шоғырландырылған.

Құрметпен, Кристофер Джон Уолтон