Корпоративтік басқару

ҚМГ-ның корпоративтік басқару жүйесі тиісті басқаруды және қызметке бақылау жасауды қамтамасыз етеді және ұзақмерзімдік құнын өсіруге және тұрақты дамуға бағытталған.

Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт сүйгіш және ашық қоғамдар құруға көмектесу, барлығы үшін әділ сотқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және кең қатысуға негізделген мекемелер құру.

ҚМГ-дегі корпоративтік басқару құрылымы

Экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптар бойынша өзара іс-қимыл жасау

ҚМГ-де коммуникациялардың әртүрлі тәсілдері бар, олар мүдделі тараптар мен компания арасында диалогты тиісінше түрде құруға, сондай-ақ белгіленген тәртіппен олардың мазмұнын ҚМГ ДК-ге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Мәселен, проблемалық мәселелерді акционермен талқылау ДК және оның тиісті комитеттерінің мүшелері болып табылатын акционердің өкілдері арқылы ДК және оның Комитеттері отырыстарының шеңберінде жүзеге асырылады. Бұдан басқа, ДК мүшлері тұрақты негізде әлеуетті инвесторлармен роуд-шоу шеңберінде кездесулерді жүзеге асырады. Бұдан басқа ДК мүдделі тұлғалармен коммуникацияларды мұндай жұмысты ДК-ге тікелей бағынатын құрылымдар – Корпоративтік хатшы, Омбудсмен, Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі арқылыұйымдастырмен жүзеге асырады Тұрақты даму туралы ақпарат ай сайынғы негізде Басқарма төрағасының есебіне енгізіледі.

Кері байланысты алу проблемалық мәселелерді ДК және оның Комитеттері отырыстарында, ДК төрағасы мен мүшелерінің КХ-мен, Омбудсменмен, ӘАҚ-менжәне Комплаенс пен кездесулерінде талқылау жолымен жүзеге асырылады.

Атқарушы биліктің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік даму бағыттары үшін жауапкершілігі

Экономикалық, экологиялықжәне әлеуметтік проблемалардың шешілуі үшін жауапкершілік стратегия, қаржы, адами ресурстарды басқару және еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі блоктардың тиісті басшыларына бекітілген, олар өз кезегінде ҚМГ Басқармасының төрағасына бағынады. Мәселелер қарау жоспарлары мен графиктеріне сәйкес Басқарма, Директорлар кеңесі Комитеттерінің және Директорлар кеңесі мүшелерінің қарауына тұрақты негізде шығарылады.

Тұрақты даму үшін жауапкершілік ҚМГ-де келесі тәртіппен бөлінеді:

Еншілес ұйымдардағы корпоративтік басқару

Ескерту: Акциялары (қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде ҚМГ-ге тиесілі ЕТҰ туралы ақпарат ҚМГ қызметіне елеулі әсер ететін ҚМГ тобының компанияларында қолданыстағы корпоративтік басқару жүйесін талдау жолымен әзірленген. Компанияның деректері акционерлік қоғамның (АҚ) да, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) ұйымдық-құқықтық нысанында берілген. ҚМГ-ге тиесілік деңгейін және иелік ету үлесін көрсетумен талдау периметріне енген негізгі ЕТҰ тізбесі: «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «АМӨЗ» ЖШС, «ПМХЗ» ЖШС, «ПКОП» ЖШС.

Өкілеттіктер беру

Атқарушы орган басшысынан өкілдіктерді ЕТҰ-ның өзге қызметкерлеріне табыстау негізінен, міндеттерді бөлу туралы бұйрықтың немесекомпания басшылығының өкілдіктері туралы ереженің (ішкі пайдалану үшін) және сенімхаттың (компанияның мүдделерін үшінші тұлғалар алдында білдіру) негізінде жүзеге асырылады.

Атқарушы биліктің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тақырыптар үшін жауапкершілігі

Талдау периметріне кірген барлық ЕТҰ-да құзыретіне экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіретін жекелеген басшылық лауазымдар (әдетте, атқарушы органның бірінші басшысының орынбасарлары деңгейінде) болады. Бұл лауазымды тұлғалар атқарушы органның бірінші басшысына тікелей бағынады.

Дамудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағыттары бойынша өзара әрекеттесу

Талдау периметріне кірген ЕТҰ арасында экономикалық, экологиялық және әлеуметтік проблемалар бойынша мүдделі тараптар мен корпоративтік басқарудың жоғарғы органы арасында консультациялар жүргізу рәсімі «ҚазТрансОйл» АҚ-та бар. Мүдделі тараптарды анықтау мен іріктеу мақсатында компанияда жыл сайынғы негізде ішкі және сыртқы қоршаған ортаны талдау жүргізіледі. Мәселен, компания мен мүдделері компанияның қызметі шеңберінде қозғалатын, сондай-ақ компания қызметінің кейбір аспектілеріне қатысты заңды талаптары бар немесе бар деп санайтын тұлғалардың өзара қарым-қатынасы талданады. Талдау нәтижелері бойынша Қоғамның стейкхолдерлер топтарының тізбесі қайта қаралады және жаңартылады. Консультациялар жүргізу жөніндегі өкілеттіктер тапсырылмайды.

ҚМГ жыл сайынғы негізде корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде тұрақты даму бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді. Компанияның тұрақты дамудың үш құрамдас бөлігі бойынша іс-шаралар жоспарын орындау бойынша қызметін мониторинтеуден бөлек ҚМГ мыналарға ұмтылады:

адам құқығын сақтауды ескере отырып ашық және анық қызмет жүргізу;

корпоративтік деңгейде тұрақты даму бойынша ҚНК әзірлеу және енгізу;

Тұрақты кездесулер жүргізу арқылы мүдделі тараптардың мүдделерін сыйлау;

оларды ҚМГ компаниялар тобы бойынша тұрақты дамуды жылжытуға белсенді қатысу мақсатында жастар кеңесін тарту;

Сыбайлас жемқорлыққа және корпоративтік этиканың бұзылуын төзбеу;

басшылар мен қызметкерлердің тұрақты даму саласындағы құзыретін арттыру;

бүкіл өндірістік цикл бойы экологиялық таза және энергияны үнемдеу технологияларын енгізу;

GRI Standards талаптарына сәйкес тұрақты даму туралы Компанияның жыл сайынғы есебін дайындау.

Тұрақты дамуға арналған ҚНК жүйесі

Тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мақсатында, Директорлар кеңесі тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету үшін жауап береді:

  • Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ҚНК талдау негізінде компания Стратегиясының іске асырылуын бақылайды.
  • Компания үшін тұрақты даму қағидаттарының мәнін белгілейді және барлық мүдделі тараптарға олардың тиімді коммуникациясын қамтамасыз етеді.
  • Компанияның стратегиясын, бизнес-жоспары мен инвестициялық стратегиясын жасау кезінде Кодексте бекітілген корпоративтік басқару, әлеуметтік мәселелер мен экология қағидаттарын белсенді түрде қарайды.
  • Компанияның тұрақты даму саласындағы іс-шаралардың стратегиялық мақсаттарына нақты байланысын қамтамасыз етеді.
  • Компания мен оның еншілес ұйымдары үшін тұрақты даму саласындағы негізгі қағидаттарды талдайды және бекітеді.
  • Тиісті ҚНК белгілеу мен мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингі арқылы тұрақты даму саласындағы Компания қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізеді.
  • Барлық Топ бойынша тұрақты даму саласындағы бағдарламаның іске асырылуына мониторингті жүргізеді.

Тұрақты даму функционалы бойынша қызметтің негізгі көрсеткішіміз мынадай критерийлерге қол жеткізу болып табылады:

  1. Компания Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуін қамтитын ұзақ мерзімді тұрақты даму үшін өзінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісілуін қамтамасыз етеді.
  2. Компанияда тұрақты даму қағидаттарын дәйекті түрде және үздіксіз сақтауға мүмкіндік беретін жүйе енгізілді.

«Тұрақты даму» компонентінің диагностикасы

2017 жылы ҚМГ-де корпоративтік басқару диагностикасы жүргізілді, оның қорытындылары бойынша «Тұрақты даму» компоненті бойынша рейтинг берілді. Тұрақты даму бөлігіндегі диагностика барлық тиісті функционалдық бағыттардағы тиімділікті, оның ішінде тәуекелдерді басқаруды, жоспарлауды, адами ресурстар басқаруды, инвестицияларды, операциялық қызметті, еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды, корпоративтік қауіпсіздік пен сатып алу қызметін басқаруды талдауды қамтиды.


Практикадан мысалы

ҚазМұнайГаздағы Тұрақты даму диагностикасы

2017 жылғы 6 қазанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та Стратегия жөніндегі вице-президент Әсия Нарыманқызы Сырғабекованың төрағалығымен қоржынды компанияларға арналған «Самұрық-Қазына» АҚ (СҚ) тұрақты даму бойынша референстік модельді енгізу мәселелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың (ҚМГ) жұмыс семинары өтті. Семинарға 35-тен астам басшы – ҚМГ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты, осындай іс-шараны өткізу мақсаты PriceWaterhouseCoopers (PWC) компаниясының тәуелсіз консультанттарының қатысуымен тұрақты дамуды енгізу процесінің фасилитациясы болды.

Ұлттық мұнай-газ операторы ретінде ҚМГ-дегі тұрақты даму тұжырымдамасы, Компанияның тұрақты даму бойынша жаһандық бастамашылықтарға үлесі ретінде экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатында бірегей болып табылады. Семинарда PWC өкілдері СҚ-ның кешенді трансформация бағдарламасының шеңберінде, 2017 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тұрақты дамудың референстік моделін іске асыру жобасы туралы айтты. Тұрақты даму саласындағы басқару бойынша мұнай-газ секторы көшбасшыларының ең үздік әлемдік практикаларының бенчмаркингі, сондай-ақ СҚ-ның тұрақты дамуға қатысты көзқарасы мен тәсілінің тұсаукесері өткізілді. Сонымен бірге, қызметкерлер фасилитациялық сессияның шеңберінде, тұрақты дамудың негізгі аспектілерін анықтау, ҚМГ компанияларының тобы үшін маңыздылық мәніне бағалау және елеулі аспектілер матрицасын қалыптастыру бойынша топтық жаттығу өткізді. Осындай әдіс ішкі мүдделі тараптардың ұжымдық пікірін жинауды білдіреді, ал толық матрицаны объективті жасау үшін одан әрі сыртқы мүдделі тараптардың тобы бойынша да сауалнаманы жүргізу жоспарланып отыр.