ДК және оның комитеттерінің 2017 жылғы құрамы

ҚМГ ДК құрамы ӨМГ-нің барлық дауыс беруші акцияларына иелік ететін тұлғаның (бұдан әрі – Акционер) шешімімен 3 жыл мерзімге сайланған (2017 жылғы 29 маусымдағы № 20/17 шешім). Кейінірек Акционердің шешімімен ҚМГ ДК құрамына өзгеріс енгізілген («Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2017 жылғы 4 қазандағы 23/17 хаттамасы) және 31.12.2017 жағдай бойынша ҚМГ ДК құрамына мыналар енеді:

Уолтон Кристофер Джон – тәуелсіз директор, ДК төрағасы.

Уолтон Кристофер Джон Директорлар институтының,  Ұлыбританияның Суасты қайықтарын жеткізу агенттігі Аудит жөніндегі комитетінің уақытша төрағасы және Ұлыбританияның Король флотының Теңіз флотилиясын стратегиялық жоспарлау кеңесінің атқарушы емес директоры болып табылады. Ол Корольдік аэронавтика қоғамының (Ұлыбритания) мүшесі және Директорлар институтының мүшесі болып табылады.


Уайт Стивен Джеймс – тәуелсіз директор.

Уайт Стивен Джеймс Genel Energy plc. Директорлар кеңесінің төрағасы және Echo Energy plc. Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып табылады.


Баймұратов Ерлан Оразгелдіұлы – тәуелсіз директор.

Баймұратов Ерлан Оразгелдіұлы бір мезгілде «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымын атқарады және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Қадағалау кеңесінің мүшесі болып табылады.


Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы – акционердің («Самұрық-Қазына» АҚ) өкілі.

Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы мұнай-газ саласында 20 жылдан артық, соның ішінде ҚМГ Президенті ретінде, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары лауазымдарында жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта «KAZENERGY» қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары және «ҚМГИ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директоры) болып табылады.


Грюал Балжит Каур – акционердің («Самұрық-Қазына» АҚ) өкілі, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және портфельді инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры - Басқарма мүшесі.

Осыған дейін ол Азия даму банкінде кеңесші және қаржы жөніндегі маман болып, ұлттық экономикалық саясат және егеменді қорлар мәселелері бойынша консультация беріп отырды. Бұрын Гревал ханым Кувейт қаржы үйінің Инвестициялық консультациялық бөлімі төрағасының орынбасары және басқарушы директоры, Maybank Group (Малайзия) инвестициялық банкінің басшысы болған. Гревал ханым сондай-ақ,  ABN AMRO Bank және Deutsche Bank (Лондон) басшы лауазымдарды атқарды. Гревал ханымның экономика саласында дәрежесі бар (1-ші сынып) және  Кембридж университетінде Executive MBA дәрежесі бар.


Илькявичюс Адамас Олегас – акционердің («Самұрық-Қазына» АҚ) өкілі, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін трансформациялау және оңтайландыру жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі.

Илькявичюс Адамас Олегас Hi-Tech -HP, Siemens және IBM, Eurasian Natural Resources Corporation PLC (ENRC BTS) сияқты компанияларда басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі бар.


Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы.

Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы елеулі жұмыс тәжірибесі бар, соның ішінде Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарда, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, «Қазақстан Даму Банкі» ЖАҚ, «Каспий Өнеркәсіптік-Қаржылық Тобы» ЖШС бірінші басшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрі позицияларында.


Осылайша, ҚМГ ДК және оның комитеттерінде ҚМГ мүдделері үшін және барлық акционерлерге әділ қарым-қатынасты және тұрақты даму қағидаттарын ескере отырып, тәуелсіз, объективті және тиімді шешімдер қабылдауды қамтамасыз ететін дағдылар, тәжірибе мен білім теңгерімінің сақталуы қамтамасыз етіледі. ҚМГ ДК құрамына бір әйел адам – Грюал Балжит Каур кіреді.

Осы Есепті жариялау сәтінде ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, Илькявичус Адамас Олегас  кетіп, Филип Джон Дайер  ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамына қосылды.