Тұрақты дамуды басқару

Біз ұзақ мерзімді құнды өсіруге ұмтыламыз, Компанияны тұрақты даму қажеттігін жәнемүдделі тұлғалардың алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді ұғынамыз.

Тұрақты даму қағидаттарын негізгі бизнес-процестерге, операциялық қызметке және шешімдер қабылдау процестеріне енгізу және интеграциялау Компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Тұрақты дамуды басқару жүйесі мынадай процестерден тұратын болады:

  • Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасасу;
  • Тұрақты даму жөніндегі есептілікті дайындау;
  • Тұрақты даму мәдениетін арттыру.