Стратегия жөніндегі вице-президенттің сұхбаты

ҚМГ үшін тұрақты дамудың неге қажет екенін айтып берсеңіз?

ҚМГ ұлттық компания ретінде әрқашан әлеуметтік тұрғыдан бағдарланған компания болды. Өз тиімділігін арттыру бойынша бірінші кезекті міндетті шешкенде, біз әрқашанда өз қызметіміздің әлеуметтік аспектілеріне баса назар аудардық.

Орнықты даму қағидаттары – бұл Кеңес Одағында әлеуметтік әділдік пен жауапкершілік жағдайында өскен адамдар санасының бір бөлігі. Сондықтан да орнықты даму тақырыбы біз үшін жаңа емес.

Экономикалық тиімділікке қол жеткізу басымдығы жағдайында ҚМГ өз қызметкерлерінің, сондай-ақ қатысатын өңірлердегі халықтың қаржылық пайдасы, экологиялық пайда, экологиялық заңнаманы сақтау мен әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру арасындағы мүдделер теңгерімін сақтауға ұмтылады.

Қазіргі уақытта ҚМГ өзінің стейкхолдерлеріне баса назар аударады, барлық пікірлерді тыңдап, барлық тараптарды қанағаттандыратын мүдделердің дұрыс балансын табу үшін барлығына пікір білдіру мүмкіндігін береді.

Тұрақты даму  қағидаттарын ұстану бізді қоршаған ортаға теріс әсерді азайту үшін жаңа таза технологияларды дамытуға итермелейді.

ҚазМұнайГаздағы тұрақты дамудың бүгінгі жағдайы қандай?

Қазақстан жаһандық мақсаттар мен орнықты даму қағидаттарын ұстанатынын растап, 169 елмен бірге БҰҰ-ның Жаһандық шартына (БҰҰ ҒШ) қол қойды. Өзінің жаңа Даму стратегиясында біздің акционеріміз  Самұрық-Қазына қоры, тұрақты дамуды өзінің үш стратегиялық мақсатының бірі етіп белгіледі. ҚМГ ұзақ мерзімді құнның өсуімен қатар, Корпоративтік басқару кодексінде орнықты дамуды өзінің стратегиялық міндеті етіп белгіледі.

2017 жылы ҚМГ, корпоративтік сектордың өкілі ретінде, БҰҰ ЖШ ұйымына жаңадан кіріп және өткен жыл тұрақты даму функционалы үшін сапалы жаңа даму жылы болды. Барлық ҚМГ компаниялар тобы бойынша бірдей дамуды және орнықты даму құндылықтарын енгізуді қамтамасыз ету үшін Директорлар кеңесінің шешімімен функциялары тізбесіне орнықты даму бойынша мәселелердің толық спектрі кіретін жаңа департамент құрылды.

Егер бұрын біз орнықты даму туралы жыл сайынғы шоғырландырылған есептілік шығару арқылы мүдделі тараптарға қызмет туралы хабарлауды күшейтуге баса назар аударсақ, бүгінгі таңда біз орнықты дамуды басқару жүйесін әзірлеуге шоғырландық. Жаңа басқару жүйесі ҚМГ-нің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мақсаттарының келісілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ біздің операциялық және стратегиялық қызметімізге орнықты даму қағидаттарын дәйекті түрде және үздіксіз енгізуге мүмкіндік береді.

ҚМГ трансформациясының мәнін айта кетсеңіз?

ҚМГ-де трансформация бағдарламасы іске асырылуда және оның үш құрамдас бөлікке шоғырландырылған: адамдарды трансформациялау, процестерді жетілдіру мен озық технологияларды қолдану. Бүгінгі таңда осы бағыттарда көзделген мақсаттарды іске асыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осы Есеп тұрақты дамуға арналғандықтан, ҚМГ компаниясын басқару процестерінің өзгерістеріне байланысты трансформациялау процесінің кейбір аспектілеріне тоқтата кетейін.

2017 жылы қызмет тиімділігін арттыру және процестерді жақсырақ басқару мақсатында ҚМГ компанияларының тобын басқарудың жаңа операциялық моделі әзірленді. Осы модельге сәйкес ҚМГ-нің Корпоративтік орталығының деңгейіндегі негізгі корпоративтік функцияларды шоғырландыру, компаниялардың тобы бойынша рутиналық процестерді Жалпы қызмет көрсету орталығына (ЖҚО) көшіру, ал еншілес тәуелді ұйымдарда (ЕТҰ) өндірістік процестерді ғана шоғырландыру көзделуде. Сондай-ақ жаңа операциялық модельді енгізу басқару деңгейлерін  кейбір бағытта мақсатты бес деңгейге дейін қысқартуды көздейді. Осылайша, негізгі өндірістік ЕТҰ-ны ҚМГ тікелей басқаратын болады.

Осы жұмыстың шеңберінде, өткен жылда «ҚМГ-Өңдеу Маркетинг» компаниясы қосылды. Бүгінгі таңда есепті жариялау күні біз 2018 жылғы маусымда тағы бір қосалқы холдинг – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ты қосып алдық; 2018 жылдың аяғына дейін «ҚазТрансГаз» қосалқы холдингін қосуды аяқтау жоспарланып отыр. 

Сонымен бірге, әрбір функция бойынша мақсатты операциялық модельге көшу жұмысының аясында, Корпоративтік орталық, бейінді бағыттар бойынша жаңадан құрылған Бизнес-бірліктер, ЖҚО мен ЕТҰ арасындағы жауапкершілік аймақтарына бөлініп, 3-ші деңгейге дейінгі Корпоративтік және өндірістік бизнес-процестер каталогы әзірленді.

Сөзіңіздің соңында не айтар едіңіз?

Тұрақты даму ҚМГ үшін әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ілгерілету, форматы болып табылады. Мүдделі тараптар мүдделерінің балансын сақтау мақсатында орнықты даму мәселелері бойынша мүдделі тараптармен үнемі өзара іс-қимыл жасау біз үшін өте маңызды. Осыған байланысты, бүгінгі таңда Тұрақты даму туралы есеп коммуникациялардың орталық арнасы болып табылады, ол арқылы біз экономикаға экология мен қоғамға тигізетін ықпалымыз туралы көпшілікке көрсетеміз.

2017 жылы орнықты даму саласындағы маңызды аспектілердің тізілімін белгілеу үшін ҚМГ негізге стейкхолдерлері арасында сауалнама жүргізілді. ҚМГ қызметкерлерімен бірге, сауалнамаға жергілікті жерлердегі мемлекеттік және атқарушылық билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, ҚМГ-нің әріптестері мен мүдделі тараптарының басқа да тараптары алғаш рет қатысты. Алынған сауалнамаларды талдау елеулілік матрицасын қалыптастыру және бірінші кезекте күш-жігерімізді шоғырландыру қажет болатын қызметіміздің аймақтарын түсіну негізі болды, міне осыларға біз басты назар аударуымыз қажет.

Құрметпен,
Әсия Сырғабекова