2017 жылғы Тұрақты даму туралы есепті дайындау

ЕСЕП БЕРУШІЛІК

Біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға тиетін әсер үшін есеп беру қажеттілігін мойындаймыз.

АНЫҚТЫЛЫҚ

Біздің шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміз мүдделі тараптар үшін анық және ашық болуы тиіс.

Ұйымдастырушылық және тұрақты даму департаменті 2017 жылғы Тұрақты даму туралы есепті дайындау үшін жауапты құрылымдық бөлімше болып табылады. Осы Есепті дайындау үшін департамент ҚМГ-нің корпоративтік орталығының жауа құрылымдық бөлімшелерімен және жекелеген ЕТҰ-мен өзара іс-қимыл жасау, қажетті ақпаратты жинау және шоғырландыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Мүдделі тараптарға сауалнама жүргізу

Есептің мазмұнын айқындау мақсатында тұрақты даму саласындағы Топ қызметі туралы ақпаратты көрсету үшін мүдделі тараптарға сауалнама жүргізу арқылы елеулі тақырыптар бағаланды. Бағалау GRI Standards тақырыптарын жіктеуден және алдыңғы есепті кезеңдерде маңызды деп белгіленген тақырыптардан туындай отырып жүргізілді. Сондай-ақ есептілік периметріне уәкілетті тараптар мен БАҚ жарияланымдарын талдау негізінде белгіленген есепті кезеңнің басты оқиғалары кірді. Сұралған мүдделі тараптардың тізбесі осы есепке Қосымшаларда көрсетілген.

Материалдылық белгілеу

Біздің стейкхолдерлеріміздің пікірін ескеру және мүдделерінің балансын қамтамасыз ету біз үшін негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. GRI қағидаттарына сәйкес, Тұрақты даму туралы есептің мазмұнын айқындау шеңберінде, біз тұрақты даму аспектілерін бағалау мәніне ішкі және сыртқы мүдделі тараптардың ауқымды тобында сауалнаманы жүргіздік.

Осылайша, біз өзіміз, сондай-ақ мүдделі тараптар үшін неғұрлым маңызды аспектілерді белгілей алдық, нәтижесінде, мынадай үрдістерді анықтадық:

  • Біз өзіміздің мүдделі тараптарымызбен мүдделер мен басымдықтар корреляциясы ұқсас, яғни, желілік корреляцияны визуализациялау, тұтастай алғанда, тараптардың мүдделері ұқсас екенін білдіреді.
  • Экологиялық қауіпсіздік мәселелері біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі болып қала береді.
  • Мүдделі тараптар өндірістік тұтастылық пен серпінділік мәселелеріне жоғары алаңдаушылық білдірді, бұл есептіліктің ерте кезеңдерінде байқалмады.
  • Тұтастай алғанда, ҚМГ-нің тұрақты даму аспектілеріне жалпы алаңдаушылық білдіруі мүдделі тараптардың алаңдаушылығынан жоғары, бұл компанияның ерекше жауаптылығын көрсетеді.

 

Елеулілік матрицасы – 2017

Priority of aspects in 2017

Елеулілігі 10-нан асатын аспектілер

1

Белгіленген және бөлінген тікелей экономикалық құн

60

Инновацияларды және операциялық тиімділікті дамыту

36

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

59

Активтердің тұтастылығы мен өндірістік процестердің қауіпсіздігі

47

Бағалау және дәлелденген қорлар мен өндіру көлемі және жіктелуі

46

Өнім мен қызметтердің нормативтік талаптарға сәйкес келуі

19

Денсаулық және жұмыс орнындағы қауіпсіздік

52

Бұрғылау қалдықтарымен жұмыс істеу

6

Энергия

9

Тасталындылар

30

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету практикалары

51

Өртелген көмірсутегілер мен парниктік газдардың кему көлемі

54

Өндірілетін өнімнің құрамы туралы мәліметтер

20

Дайындау және білім

7

Су

42

Тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігі

50

Ілеспе сулардың көлемі және оларды кәдеге асыру

53

Төгілудің алдын алу және төтенше жағдайларға дайындық

38

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу

48

Жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестициялар салу

10

Тасталындылар мен қалдықтар

49

Қызметті жүзеге асыру өңірлеріндегі биоалуантүрлілікке тиетін әсерге мониторинг жүргізу

26

Кемсітуге жол бермеу

17

Жұмыспен қамту

56

Өңірлердегі жергілікті тұрғындармен жанжалдар мен талқылауларды шешу

12

Экологиялық талаптарға сәйкес келу

55

Қызметті жүзеге асыру өңірлеріндегі тұрғындармен өзара іс-әрекет жасау стратегиясы мен бағдарламалары

8

Биоалуантүрлілік

18

Қызметкерлер мен басшылықтың өзара қатынастары

8,5-тен жоғары елеулілік аспектілері

21

Алуын түрлілік пен тең мүмкіндіктер

32

Адам құқықтарын сақтау мәніне бағалау

27

Қауымдастықтар еркіндігі мен ұжымдық шарттарды жүргізу

3

Тікелей емес экономикалық әсер

57

Өндірістік объектілерді пайдаланудан шығару

2

Нарықтардағы қатысу

45

Тұтынушының жеке өміріне қол сұқпаушылық

58

Тұрғындарды мәжбүрлі түрде көшіру

35

Жергілікті қоғамдастықтар

40

Өнім берушілердің қоғам тигізетін әсерін бағалау

4

Сатып алу практикалары

28

Балалар еңбегін пайдалану тәуекелі

29

Мәжбүрлі және міндетті еңбекті пайдалану тәуекелі

37

Мемлекеттік саясат

7,5-тен жоғары елеулілік аспектілері

31

Жергілікті және саны аз халықтың құқықтары

5

Материалдарды пайдалану

15

Өнім берушілерді экологиялық бағалау

44

Маркетингтік коммуникациялар

Тұрақты даму туралы есепті қалыптастыру

Жиынтық есеп жасау мақсатында Корпоративтік орталық және еншілес және тәуелді ұйымдар арқылы компанияның экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға әсері туралы ақпараттық сұраулар жолданды.

Ақпарат алынғаннан кейін, Департамент Есептің жобасын жасады, одан кейін оның түпкілікті нұсқасы тиісті ішкі регламенттерге сәйкес тәртіппен ҚМГ-нің Корпоративтік орталығының барлық жауапты мүдделі тараптарымен келісілді. Есеп ҚМГ Басқармасының шешімімен мақұлданып, ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілді.

2017 жылғы Тұрақты даму туралы есеп тәуелсіз верификациядан өтпеді. Есепке қосылған деректердің дұрыстығы ақпарат есебі мен оны жинаудың елеулі жүйелерімен және ҚМГ-де қолданылатын ішкі бақылау рәсімдерімен қамтамасыз етіледі.

Сауалнамаға қатысқа мүдделі тараптар сұралған тараптың тәуелсіздігінің критерийі, өзара іс-әрекет жасау практикасының негізінде белгіленген әсер ету және хабардар болу дәрежесі ескеріліп белгіленді. Осылайша, Есеп мүдделі тараптардың анықталған үміттеріне сәйкес қалыптастырылды.

Жауап бөлімше GRI бойынша ақпаратты сұрау әдіснамасы, құрылымы мен мазмұны мәніне ҚМГ-нің әр түрле құрылымдық бөлімшелері үшін 10-нан астам түсіндіру семинарлар мен кездесуді өткізді. Осылайша, корпоративтік басқару, өзара іс-қимыл жасау және коммуникациялар, адами ресурстарды басқару, сатып алуды басқару, бюджеттеу, бухгалтерия, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инвестицияларды басқару, активтерді басқару және өзгелері үшін жауапты ҚМГ-нің корпоративтік орталығының барлық іске тартылған бөлімшелер үшін түсіндіру жүргізілді.

Есептілік периметріне кіретін мәселелер ауқымы да кеңейтілді. Осы тұрақты даму туралы есеп GRI Standards басшылығына сәйкес 160-тан астам аспектілер мен мүдделі тараптар есепті кезең ішінде көтерген негізгі тақырыптар бойынша ҚМГ-нің барлық тобы бойынша ақпаратты жинау және шоғырландыру нәтижесі болып табылады. ақпарат ҚМГ-нің барлық тобы, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерде орналасқан бөлімшелер бойынша жасалды.

Есептілік шекаралары, көрсеткіштер, ескертулер

Осы тұрақты даму туралы есептің шекаралары есепті кезеңде ҚМГ үлесі 50 % және одан да көп болған ҚМГ-нің барлық еншілес және тәуелді ұйымдарын қамтиды. Осы есепте операциялық емес активтер – ТШО, ҚПО мен НКОК туралы ақпарат берілмеді. Кейбір бөлімдерде 2017 жылдағы қатысу үлесі 100 % болған KMG International туралы ақпарат берілген. ҚМГ-нің кейбір еншілес және тәуелді ұйымдар, оның ішінде KMG International жеке Тұрақты даму туралы есепті шығарады.

Тұрақты даму туралы соңғы есеп 2017 жылы шығарылды.

Тұрақты даму туралы есепке ескертулер

Қызметінің қорытындылары Тұрақты даму туралы есепте көрсетілген ҚМГ тобы компанияларының тізбесі ХҚЕС «Шоғырландырылған қаржы есептілігі» (IFRS) бойынша шоғырландырылған есептілікке компанияларды қосу қағидаттарына сәйкес қалыптасты. Осы есепте қызметтің бірқатар қаржы, экономикалық және өндірістік көрсеткіштері ХҚЕС қағидаттарына сәйкес белгіленді. Есептің форматы мен стилистикасын жақсарту мақсатында дөңгелектеуге немесе өзге де басқарушылық ұғыныстарға байланысты Есептің мәтініндегі жекелеген деректердің сомалары Қаржы-шаруашылық қызмет туралы шоғырландырылған есептіліктердің деректерін беруден елеусіз өзгешеленуі мүмкін. Осындай жағдайларда ҚМГ-нің интернет-сайтына сілтеме бойынша еркін қол жеткізуге болатын тиісті қаржы есептілігінің деректері дұрыс және маңыздырақ болып табылады.

Тұрақты даму мәдениетін арттыру

Тұрақты даму саласындағы есептілікті дайындау практикасы мүдделі тараптарға есеп туралы хабарлау бойынша ауқымды өзара іс-әрекет жасауды, елеулілікті айқындау мәселелері бойынша консультацияны және ақпаратты жинау мен есепке кері байланысты көздейді.

2017 жылы бірқатар оқу іс-шаралары, оның ішінде шақырылған швейцариялық Schwery Consulting консалтингтік компаниясы тренерінің қатысуымен GRI Standarts туралы құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін сертификатталған тренинг өткізілді. Осылайша, басшылар үшін өткізілген екі күндік оқу нәтижелері бойынша 20-дан астам қызметкер материалдылық пен өзара іс-әрекетті айқындау оқуынан өтті, ал ҚМГ-нің әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінен 8 қызметкер GRI сертификаттарын алды.

Практикадан мысал

Тұрақты даму саласындағы басшылардың біліктілігін арттыру

2017 жылдың 16-17 қарашасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік орталығында тұрақты даму саласындағы құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тренинг өткізілді. Екі күндік тренинг екі халықаралық стандартты: Global Reporting Initiative тұрақты даму саласындағы есептілік жөніндегі басшылық пен AA1000 Stakeholder Engagement Standard мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау бойынша стандарт оқуды қамтыды.

Global Sustainability Standards Board (GSSB) ұйымы GRI, GSSB  аясында тәуелсіз операциялық орган ретінде құрылады, тұрақты даму саласындағы есептілік бойынша көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен сараптамалық білі мен перспективалардың кең спектрін білдіретін 15 мүшеден тұрады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай және газ операторы ретінде Тұрақты даму туралы есепті 2015 жылдан бері шығарып келеді. ҚазМұнайГаз, ұлттық мұнай-газ операторы ретінде, 2013 жылдан бастап GRI сәйкес тұрақты даму саласындағы есепті шығарады, Есепте экономикалық, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау қимасында компания қызметінің әсері көрсетіледі. AA1000SES сәйкес мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасауды басқару, олардың мүдделерін есепке алу және олардың балансын қамтамасыз ету компанияның тұрақты даму мен ұзақ мерзімді құнын арттыру жолындағы ҚазМұнайГаздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Практикалық тұрғыдан тренинг басшылардың тәуекелдер мен мүмкіндіктерді, әр түрлі стейкхолдер топтарымен өзара қарым-қатынастарды басқару тәсілдерін белгілеу және талдау, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы жалпы әлемдік бастамашылықтарға жәрдемдесу бойынша құралдары менеджментін байытуға бағытталған. GRI сәйкес жыл сайын есеп беру және AA1000SES сәйкес стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасауды басқару практикасы әлемдік қор биржаларында өз акцияларын орналастыратын көпшілік компаниялар арасында неғұрлым талап етілген болып табылады және әлеуетті инвесторлар, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық қозғалыстар, бұқаралық ақпарат құралдары мен қарапайым азаматтар арасында үлкен сұранысқа ие.

Оқу швейцариялық Schwery Consulting компаниясының GRI мен AA1000 сертификатталған тренері – осы саладағы бірегей тәжірибесі мен халықаралық танылған біліктілігі бар Рольф Шверидің, PhD, сондай-ақ басшы Алия Қадыралиева тұлғасында CSR Central Asia Орталық Азиядағы корпоративтік тұрақтылық пен жауапкершілік саласындағы сараптамалық ұйымның қатысуымен өткізілді. Топ-менеджментке арналған оқу бағдарламасы ҚазМұнайГаздың арнайы тапсырысымен жасалып, GRI сертификациясымен бекітілді және осындай форматта Қазақстанның аумағында алғаш рет өткізілді. Осылайша, ҚазМұнайГаз, құрамында тұрақты даму бойынша 20-дан астам сертификатталған маманы бар Қазақстандағы жалғыз компания ретінде тұрақты даму саласындағы корпоративтік басқару сапасының жаңа деңгейіне шығады. Тренинг қатысушылары атап өткендей, қызметкерлердің хабардар болуын үнемі арттыру  ҚазМұнайГаз компаниялары тобының қызметіне тұрақты даму құндылықтарын тиімді енгізу үшін өте маңызды.

Барлығын қамтитын және әділ сапалы оқу қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыру.

ҚМГ-нің 2016 жылғы тұрақты даму туралы есебі Жылдық есептер конкурсында ең үздік болды

2017 жылдың 8 желтоқсанында RAEX рейтингтік агенттігі (Қазақстан РА сарапшысы) ұйымдастырған Жыл сайынғы VII жылдық есептер конкурсының лауреаттары мен номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. 2017 жылы конкурстың шеңберінде қазақстандық компаниялардың, оның ішінде 41 қаржы ұйымы мен 64 қаржылық емес ұйымның 105 жылдың есебі бағаланды.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау департаменті дайындаған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2016 жылғы тұрақты даму туралы есебі бірден үш номинацияда жүлделі орын алды. Осы ҚМГ-нің осы жылғы тұрақты даму туралы есебі корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік бойынша ең үздік есептердің бірі болып, бірінші рет осы номинацияның шеңберінен шығып, «Ең үздік интерактивті есеп» пен «Жылдық есептің ең үздік дизайны» ретінде жүлделі орындар алды. Қазылар алқасы мен рейтингтік агенттіктердің сарапшылары осы есептің көптеген артықшылықтарын – ақпараттың сапалы ашылғанын, материалдың кәсіби берілгенін, сондай-ақ бірегей креативті ресімделуін атап өтті.

Бұрын, 2017 жылғы 24 қарашада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тұрақты дамуы туралы есеп Ресейдің ең ірі RAEX «Эксперт РА» рейтингтік агенттігінің (Ресей) нұсқасы бойынша қаржылық емес есептер арасында «Дизайн мен полиграфия» номинациясында Ресейдегі жылдық есептер конкурсында жеңімпаз болып танылды. http://raexpert.kz/press-center/news/show/342/