Этика мен адалдық

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Елдің ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздік деңгейін азайту.

ЭТИКАЛЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Біздің шешімдеріміз бен әрекеттеріміздің негізіне құрмет, адалдық, ашықтық, командалық рух және сенім, ақ ниеттілік және әділдік сияқты құндылықтар жатады.

Құндылықтар, қағидаттар, стандарттар мен мінез-құлық нормалары

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың іскерлік этика кодексі Компания мен оның қызметкерлерінің іскерлік мінез-құлықтың маңызды қағидаларының, ішкі корпоративтік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормаларының, әрбір қызметкердің әлеуметтік жауапкершілігінің жиыны болып табылады.

Кодекс корпоративтік құндылықтарды белгілейді, оларды ұстану ҚМГ мен оның қызметкерлерінің іскерлік мінез-құлқын белгілейтін және Компанияның беделін, оның бәсекеге қабілеттігі мен тиімділігін қалыптастыратын базалық этикалық қағидаттарды ұстанатын көрсетеді.

Кодекс – ҚМГ-нің корпоративтік басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады, ол ұзақ мерзімді перспективада Компанияның экономикалық өсуіне ықпал етеді.

Кодекстің ережелері, атқаратын лауазымға қарамастан, ҚМГ қызметкерлеріне қолданылады. ҚМГ қызметкерлері Кодекстің қағидаттары мен ұсынымдарымен танысып, оларды сақтауға міндетті.

ҚМГ іскерлік шешімдерді қабылдау кезінде, сондай-ақ күнделікті жағдайларда осы Кодекстің ережелерін ҚМГ акционерлерімен, қызметкерлерімен, еншілес және тәуелді ұйымдарымен, мемлекеттік органдармен, әріптестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен қабылдайды және сақтайды.

ҚМГ Кодексі ашық құжат болып табылады және ҚМГ‑нің іскерлік әріптестері мен кез келген басқа да мүдделі тұлғалар арасында еркін таратылады.

Қызметкерлердің жүріп-тұру нормасы

ҚМГ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған қандай да бір белгі бойынша қысым көрсетудің кез-келген көрінісіне жол бермейтін жұмысшы ортаны құруға ұмтылады. Қорқыныш, жұмысшы ортада өшпенділік тудыратын, жәбірлейтін атмосфера тудыратын, сондай-ақ ҚМГ қызметкерлерінің қызметін орындауына кедергі келтіретін кез-келген мінез-құлыққа жол берілмейді.

Әдепсіз мінез-құлықтар туралы кеңеске жүгіну механизмдері

МҮДДЕЛЕР ҚАЙШЫЛЫҒЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ

Компания беделіне залал келтіруі мүмкін және акционерлер мен өзге мүдделі тараптар тарапынан оларға деген сенімнің жоғалуына әкелетін, мүдделер қақтығысымен байланысты күрделі бұзушылықтар.

Лауазымды тұлғаның немесе қызметкердің жеке мүдделері олардың өзінің лауазымдық, функционалдық міндеттерін әділ орындауына әсерін тигізбеуі тиіс.

Серіктестермен қатынастарда, фидуциарлық қатынастарды белгілеу және сақтауды ескере отырып, сол кезде тараптар бір-біріне қарым-қатынаста барынша адалдықпен, сыйластықпен, әділдікпен және ниеттестікпен ісқимыл жасауға міндетті, мүдделер қайшылығын болдырмау, анықтау және жою жөнінде шараларды алдын ала қабылдайды.

Компанияның іскерлік мінез-құлық пен бизнес-этиканың мүмкін бұзушылықтарын анықтау, алдын алу және болдырмау үшін жауап беруге міндетті құрылымдық бөлімшелерімен қатар (мысалы, адами ресурстарды басқару бөлімшесі, корпоративтік қауіпсіздік қызметі, жедел желі телефондары және т.б.), сондай-ақ ҚМГ-да дауларды/қақтығысты оқиғаларды реттеу үшін корпоративтік Омбудсмен лауазымы енгізілген.

Халықаралық практикаға, соның ішінде Халықаралық Омбудсмендер Қауымдастығы (ХОҚ) стандартары мен қағидаттарына сәйкес, ҚМГ Омбудсмені ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беруге міндетті, жоғары деңгейдегі менеджерді білдіреді, оған жүгінген қызметкерлерге, еңбек даулары мен қақтығыстарының қатысушыларына кеңес береді, оларға Қазақстан Республикасының заңнамасының нормаларын сақтауды ескере отырып, өзара көмек, конструктивті және іске асырылатын шешімдерді пысықтауда жәрдем көрсетеді (соның ішінде қажеттілік жағдайында құпиялықты сақтау), ҚМГ мен ұйымдардың және қызметкерлердің проблемалық әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге, сондай-ақ ҚМГ мен ұйымдардың қызметкерлерінің іскерлік этика қағидаттарын сақтауға жәрдем көрсетеді.

Компания ішіндегі дауларды шеше отырып, Омбудсмен қақтығыстар тараптарына оны бейбіт жолмен реттеу арқылы шешуге көмек көрсетуге тырысады. Осы мақсатта, Омбудсмен объективтілік, құпиялылық және тәуелсіздік қағидаттарын мүлтіксіз сақтай отырып, консультант, келіссөз жүргізуші, медиатор немесе қақтығыстарды реттеуші ретінде сөз сөйлейді. Омбудсмен қақтығыстарды реттеу процесінде теңдік пен әділдік қағидатына сүйенеді, ал бұл жұмыс орнындағы моральдық-психологиялық климатты жақсартуға және қызметкерлерді уәждендіру мен жылы шырай көзқарасты қатынасты арттыруға мүмкіндік туғызады.

Омбудсменнің қызметі ҚМГ-ге қақтығысты оқиғаларды (ИСО 10003) реттеумен жұмыс және шағымдармен жұмыс жөніндегі (ИСО 10002) халықаралық стандарттарды сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біз Топ ұйымдарындағы даулар мен қақтығыстардың кез келген түрлерінің алдын алуға және болдырмауға ұмтыламыз. Кез келген адамның шағым жасау құқығы бұзылмауы тиіс. Біз әр түрлі механизмдерді әзірледік, қызметкерлер, іскерлік серіктестер мен мүдделі тараптар кез келген корпоративтік этиканы сақтамаушылық туралы, адам құқықтарының, еңбекті қатынастары практикасының бұзушылығы, келеңсіз экологиялық немесе әлеуметтік әсерлер туралы хабарлай алатын әртүрлі механизмдерді әзірледік:

  • Қызметкерлер – өзінің тікелей басшысын немесе жоғарыда тұрған тұлғаны хабардар ету арқылы; немесе Омбудсменге ақпарат ұсыну арқылы;
  • Қызметкерлер және басқа тұлғалар – –78-65-65 телефоны бойынша немесе электрондық сенім телефоны арқылы: doverie@kmg.kz (ақпарат жасырын түрде берілуі мүмкін).

Бұдан басқа, ішкі коммуникациялардың бірыңғай жүйесі шеңберінде келесілер:

  • басшылардың еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен кездесулері;
  • қызметкерлерді Бірінші басшының жеке сұрақтар бойынша қабылдауы;
  • Бірінші басшының блогы;
  • Ұсыныстарды жинауға арналған жәшіктер сияқты механизмдер қолданылады.

Іскерлік этика кодексіне сәйкессіздік бойынша өтініштер құпиялылық жағдайындағы Омбудсменнің міндетті қатысуымен қарастырылады.

Кез келген өтініштер келіп түскен кезде Топ басшылығын хабардар етеді. Барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстар тіркеледі, өтінішті қарау қорытындысы бойынша басшылық шешімі өтініш берушіге дейін жеткізіледі.