Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу

АШЫҚТЫҚ

Біз кездесулерге, талқылауларға және диалогқа әрдайым ашықпыз. Біз тараптардың мүдделері арасындағы құқықтар мен теңгерімді сақтауға, өзара мүдделерді ескеруге негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтасуды мүдделі тараптармен қалыптастыруға ұмтыламыз.

Біздің негізгі мүдделі тараптарымыз, бұл

ҚМГ көмірсутегілерін барлау мен өндіру, оларды тасымалдау және Қазақстан ішінде және шетелде мұнай мен мұнай өнімдерін іске асырғанға дейін өңдеудің толық өндірістік циклін жүзеге асырады және мемлекеттің мұнай-газ секторындағы мүдделерін білдіреді. ҚМГ қызметінің күрделі құрылымы мен түрлеріне байланысты мүдделі тараптардың кең ауқымымен өзара әрекеттеседі.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасасу әдістері

Өзара әрекеттесу деңгейі

Өзара әрекеттесу әдістері

Консультациялар:

екіжақты өзара әрекеттесу;

мүдделі тараптар Қордың және  ұйымның сұрақтарына жауап береді

Cауалнамалар; фокус-топтар; мүдделі тараптармен кездесулер; жария кездесулер; семинарлар;

коммуникация құралдары арқылы кері байланысты ұсыну; консультациялық кеңестер

Келіссөздер:

Әлеуметтік серіктестік қағидаттары негізінде ұжымдық келіссөздер

Еліктірушілік

екіжақты немесе көпжақты өзара әрекеттесу;

барлық тараптан тәжірибе мен білімді жинақтау, мүдделі тараптар және ұйымдар тәуелсіз жұмыс істейді

Көпжақты форумдар; консультациялық панельдер;

консенсусты қол жеткізу процесі;

шешімдерді бірлескен қабылдау процесі;

фокус-топтар; кері байланысты ұсыну схемасы

Ынтымақтастық:

екіжақты немесе көпжақты өзара әрекеттесу; тәжірибе мен білімді бірлесе жинақтау, шешімдер мен шаралар қабылдау

Бірлескен жобалар; Бірлескен кәсіпорындар;

серіктестік; мүдделі тараптардың бірлескен бастамалары

Өкілеттіктерді ұсыну:

Мүдделі тараптар басқаруға қатысуды (егер қолданылса) қабылдайды

Мүдделі тараптармен басқаруға, стратегияға және операциялық қызметке өзара әрекеттесу мәселелерін интеграциялау

Мүдделі тараптарды анықтау

ҚМГ тұрақты негізде МТ-мен диалогты реттеу, ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасау және қатынастарды басқару бойынша шараларды қабылдайды.

ҚМГ-да тәуекелдерді және тәуекелдіктерді саралаумен (тікелей немесе жанама), міндеттерді, оқиғаларды (жоғары тәуекел аймағына айрықша назар аудара отырып), әсерлер, әртүрлі перспективаларды ескере отырып жасалған мүдделі тараптардың картасы бекітілген. Қойылған міндеттерді тиімді іске асыру үшін мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу жоспары жасалады.

ҚМГ мүдделі тараптарды және солармен өзара әрекеттесуді анықтау кезінде мүдделі тараптармен өзара әрекеттесудің ең озық практикаларын, сондай-ақ AA1000SES Stakeholder Engagement Standard сияқты халықаралық стандарттарды қолданады.

Өзара әрекеттесудің негізгі бағыттары

Тұрақты даму жетістіктерінің құралдарын нығайту және тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық серіктестік механизмдерінің жұмысын жандандыру.

ЕСЕП БЕРУШІЛІК

Біз акционерлер мен инвесторлар алдында ұзақ мерзімді кезеңде ұзақ мерзімді құнының өсуі және тұрақты дамуы үшін өз жауапкершілігімізді сезінеміз.

Инвестициялық қауымдастық (IR / Investor Relations)

Мүдделі тараптарды жіктеу:

  • Облигациялар ұстаушылар;
  • Инвестициялық банктер;
  • Рейтингтік агенттіктер;
  • ҚМГ әлеуетті инвесторлары;
  • «Қазақстанқор биржасы» АҚ
  • ҚР Ұлттық банктің қаржылық есептілік депозитарийі
  • Нарықтың басқа кәсіпқой қатысушылары.

ҚМГ туралы ақпаратты ашу ҚМГ құнды қағаздары айналымда болатын қор биржаларының қолданылатын талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасының ақпаратты ашу бөлігіндегі талаптарына сәйкес жүргізіледі.

ҚМГ-да инвесторлық қауымдастық бөлігіндегі мүдделі тараптардың іріктеу рәсімдері мен қағидаттары болмайды. ҚМГ инвесторларының тізбесі кездесулер, конференциялар, роуд-шоу жүргізуден кейін тұрақты негізде толтырылады. Тізбе инвестициялық банктерден және ҚМГ облигацияларын ұстаушы ҚМГ компанияларынан, сондай-ақ ҚМГ қызметіне қызығушылық тудырған нарықтың кәсіпқой қатысушыларынан тұрады. Ішкі құрылымдық бөлімшелерге қатысты алатын болсақ, IR team мәселесінің ерекшелігіне байланысты қаржылық және өндірістік блоктармен (upstream, midstream and downstream), сондай-ақ қажеттілік жағдайында ЕТҰ-мен тікелей өзара әрекеттеседі.

Инвестициялық қауымдастықтармен коммуникацияны қолдап тұру келесі IR іс-шараларын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі:


  • өткен тоқсан ішіндегі Компания қызметінің нәтижелері бойынша инвесторлармен тоқсан сайынғы конференц-қоңыраулар;
  • Инвесторлармен роуд-шоу, кездесулер (инвестор күні, аналитика күні, ҚМГ офисіндегі кездесулер);
  • Мүдделі инвесторлардан, инвестициялық банктерден /компания, қаржылық аналитиктер және т.б. электрондық (ir@kmg.kz) почта арқылы немесе телефон бойынша келіп түсетін ҚМГ қызметі туралы сұрақтарға жауап беру;
  • ҚМГ қаржылық және өндірістік нәтижелер бойынша мерзімдік IR-материалдарды жариялау – пресс-релиздер, инвесторларға арналған тұсаукесерлер, ҚМГ туралы брошюра, ҚМГ туралы фактілер (KMG factsheet), Жылдық есеп және т.б.

Инвесторлармен өзара әрекеттесу

2017, сәуір

2.75 млрд АҚШ долл. көлемінде еврооблигацияларды шығару бойынша роуд-шоу

2017, маусым

Инвесторлармен 2017 жылғы 1 тоқсан ішіндегі қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңыраулар

2017, мамыр

ҚМГ офисінде басшылықтың инвесторлар тобымен кездесуі (HSBC, Barclays, BankofAmericaMerrillLynch, RenaissanceCapital)

2017, қыркүйек

Инвесторлармен 2017 жылғы 2 тоқсан ішіндегі қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңыраулар

2017, қараша

Инвесторлармен және Лондондағы облигациялар ұстаушылармен роуд-шоу (non-dealroad-show)

2017, желтоқсан

Инвесторлармен 2017 жылғы 3 тоқсан ішіндегі қаржылық және операциялық нәтижелердің қорытындысы бойынша конференц-қоңыраулар

 

Қоғамдық өзара қарым-қатынастар (PR/ Public Relations):

Мүдделі тараптарды жіктеу:
  • Қазақстандық және шетелдік БАҚ;
  • Жалпақ жұрт;
  • ҚМГ ЕТҰ бейінді құрылымдық бөлімшелері мен ҚР мемлекеттік органдары.

Компания жариялылық пен ашықтық қағидаттарын сақтау шеңберінде барлық республикалық және өңірлік ақпарат құралдарымен өзара әрекеттеседі, соның ішінде барлық мүдделі тараптардың қол жетімділігі үшін Компанияның ресми сайтында ақпараттарды орналастырады, ақпараттық хабарламаларды таратудың жүзеге асырады, БАҚ сауалдарына жауаптарды ұсынады, барлық қатысқысы келетін БАҚ шақыруымен баспасөз конференцияларды ұйымдастырады және т.б.

БАҚ-пен және жалпақ жұртпен байланысуды ұстап тұру келесі PR іс-шараларын жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі:

  • Баспасөз-релиздерді, ақпараттық хабарламаларды, Компания сайтында және БАҚ-та мақалаларды жариялау;
  • БАҚ сауалдарына жауап беру;
  • БАҚ шақыра отырып форумдар, өндірістік кеңестерді, инфосессияларды және т.б. өткізу
  • Брифингтерді ұйымдастыру және Компания басшылығынан сұхбат алу.

Мемлекеттік органдар (GR / Government Relations):

Мүдделі тараптарды жіктеу:

  • ҚР мемлекеттік органдары;
  • Халықаралық ұйымдар /Серіктестер,
  • Шетелдік елшіліктер, ведомстволар
  • ҚМГ ЕТҰ және «Самұрық-Қазына» АҚ бейінді құрылымдық бөлімшелері

GR-бағыты ҚМГ-нің жалғыз құрылымдық бөлімшесі болып табылады, бұл ҚМГ мен ЕТҰ жалпы қызметінің мәселелері бойынша жиынтық ақпаратты орталықтандырылған жинау мен дайындауды жүзеге асырады. GR-бөлімі ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және ҚР мемлекеттік органдарының тапсырмаларын/сауалдарын орындауды мазмұнды жауап хаттарды жолдау арқылы қамтамасыз етеді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде мүдделі тараптардың мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу үшін қандай да бір іріктеу қағидаттары GR-қызметінде болмайды. GR-бөлімі негізінен өндірістік блоктармен, сондай-ақ қажеттілік жағдайында ЕТҰ-мен тікелей өзара әрекеттеседі.

Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу келесілер арқылы жүзеге асырылады:

  • мемлекеттік органдарының сауалдарына мазмұнды жауап хаттарды жолдау;
  • бастамашылық мәселелер бойынша (ҚМГ тобының қызметіне қатысты ұсыныстар, рұқсат беру, реттеу және лицензиялық құжаттаманы беру мәселелері бойынша,бірлескен жұмыс топтарына қатысу бойынша) ҚМГ құрылымдық бөлімшелеріне жәрдем көрсету;
  • ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Үкіметіне, ҚР Парламентіне, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және басқа мемлекеттік органдарына беру үшін ҚМГ жалпы қызметінің мәселелері бойынша жиынтық ақпаратты дайындау және жинау;
  • ҚР Президенті жанындағы Мұнай-газ секторының, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен мұнай-газ және энергетикалық салаларды дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырыстарына ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
  • ҚМГ басшылығы мен өкілдерінің: мемлекеттік маңызы бар іс-шараларға, Мемлекет басшысының шетелдегі ресми сапарларында; мемлекетаралық сипаттағы іс-шараларға, шет елдермен ынтымақтастық жасау жөніндегі үкіметаралық комиссиялар мен комитеттердің жұмысына, еліміздің ішіндегі және шетелдегі халықаралық іс-шараларға (конференцияларға, форумдарға) қатысуын үйлестіру.

Халықаралық ұйымдар/Серіктестер, шетелдік елшіліктер, ведомстволар:

  • ҚМГ Басқармасы төрағасының шетелдік мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және шетелдік компаниялар өкілдерінің қатысуымен кездесулерін және келіссөздерін протоколдық-ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету;
  • ҚМГ ЕТҰ және «Самұрық-Қазына» АҚ бейінді құрылымдық бөлімшелері.

2017 жылғы түйінді тақырыптар

Төмендегі келесі оқиғалар 2017 жылы ҚазМұнайГаз үшін барынша маңызды болады:

  1. «ҚазТрансГаз» АҚ және «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында қазақстандық 5 млрд куб-метрін жеткізу туралы сатып алу-сату тарихи шартына қол қою. Ағымдағы жылдың 16 қазанынан бастап ҚазТрансГаз отандық газды Қытайға экспорттауды бастады.
  2. Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғыртуды аяқтау. Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта құру және жаңғыртуды аяқтау бойынша жоспарлар.
  3. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғыртудың бірінші кезеңін аяқтау, бұл К4 және К5 экологиялық кластарға сәйкестікте автомобиль отындарының сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  4. ҚМГ-нің жаңа операциялық моделіне сәйкес Трансформациялау бағдарламасы бойынша іске асыру сатысына ауысу және ҚМГ-нің жаңа операциялық моделін енгізуді бастау стратегиялық холдинг ролінен, директорлар кеңесі арқылы субхолдингтерді басқарушы сипатынан ауысып, өндірістік активтерді белсенді операцияларды басқаруға шоғырландырылады.
  5. «Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ ірі активін сату. ҚМГ 2017 жылғы 8 қарашада Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде авиакомпания акцияларының 100 %-ын бәсекелестік ортада сатты. Сатып алушы «Sky Logistics Service» ЖШС ашық екі кезеңді конкурс шеңберінде анықталды. Сату сомасы – 11 850 млн теңге.
  6. ҚМГ мен итальяндық ENI мұнай-газ компаниясы арасында Каспий теңізіндегі Исатай учаскесіне жер қойнауын пайдалану құқығына үлестерді тапсыру туралы келісімге қол қою. ENI бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісім-шартқа сәйкес 50 %-ды алады. Сондай-ақ тараптар Қазақстандағы индустриалдық-инвестициялық жобаны бірлескен іске асырудың негізгі жағдайы туралы келісімге қол қойды. Екі келісім мұнай-газ саласы секторы және Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саласы ретінде дамыту мақсатында пакеттік мәмілені жасайды.
  7. «Бозой» жерасты газ қоймасында «Газды кептіру қондырғысын» пайдалануға тапсыру. Мемлекет басшысының жаңа қондырғыны іске қосуға нұсқауы еліміздің индустриялдандыру күніне арналған дәстүрлі телекөпір уақытында тікелей эфирде берілді (2017 жылғы 06 желтоқсан). Газды кептіру қондырғысы Қазақстанның Ақтөбе облысы мен оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына «Бұхар – Орал» және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырлары арқылы «Бозой» газ қоймасынан іріктелетін табиғи газды тасымалдау мүмкіндігін берді, осылайша жылыту маусымында сапалы және үздіксіз газбен жабдықтауды қамтамасыз етіп отыр.
  8. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС үшінші тоқсанда болашақ кеңейту жобасын/«Теңізшевройл» ЖШС сағалық қысыммен басқару жобасын (бұдан әрі – ТШО БКЖ/СҚБЖ) іске асыруға қатысу шеңберінде екі өзі жүретін баржаның және екі буксирдің құрылысын аяқтады. «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС ТШО БКЖ/СҚБЖ іске асыруға қазақстандық компаниялардың салмақты үлесін қамтамасыз ете отырып, Прорва порты ауданында жүктерді тасымалдау маршруты бойынша кеме жүретін арналарда модульдерді және кемелер өткізгіштерін тасымалдау үшін кемелерді пайдаланатын болады.
  9. Қашаған мұнай кенорнында мұнайды өндіру. 2017 жылы Қашаған кенорнында қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және жабдықтар сенімділігі бойынша негізгі басымдықпен өндіру деңгейін арттыру және тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. А, Д және ЕРС-3 аралдарының ұңғымалары пайдалануда. 2017 жылдың ортасында шикі газды кері айдаудың 2 компрессоры пайдалануға енгізілген, ал бұл өндіру деңгейін жоспарлы арттыруды жалғастыруға мүмкіндік береді.
  10. Рекордты қысқа мерзім ішінде «Қазақстан-Қытай» және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» трансұлттық магистральдық газ құбырларына 4 қуатты, жоғары технологиялық компрессорлық станция іске қосылған. Қазақстандағы өте қуатты станция Ақтөбе қаласындағы АГРС-300 іске қосылған. Газ тарату станциясы өңірдің тең жартысын газбен қамтамасыз етуге қабілетті.
  11. «ҚазТрансГаз» АҚ Орта және Орталық Азиядағы газ ағындарының маңызды және технологиялығы жағынан өте қуатты оператор болып саналады.
  12. Алғашқы рет Алматы облысының облыс орталығы, Талдықорған қаласы және Қапшағай, Есік, Жаркент және Шелек қалаларына газ тартылды. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының алыстағы 30 елді мекеніне газ тартылды.
  13. Қазақстанның газбен жабдықтау жүйесіне Байқоңыр қаласы қосылды.
  14. 2017 жылғы маңызды оқиғалардың бірі ЭКСПО-2017 халықаралық көмресінің өтуі болып табылды. ҚМГ компаниялары тобы көрменің басты демеушілерінің бірі ретінде қатысты, көрмеге келген барлық келушілерге ЭКСПО-2017 шеңберінде өзінің меншік композициясын таныстырды, вертикаль-интеграцияланған ұлттық мұнай-газ операторы ретінде компанияның қызметі, ҚМГ-нің Қазақстан экономикасына және қоғамына қосқан үлесі, сондай-ақ тұтастай әлемдегі өзгеріп жатқан жаңа энергетика бойынша мұнай-газ саласының даму перспективалары туралы ақпаратты ұсынды.
  15. Ақтөбе қаласында жаңа АГНКС іске қосылды, бұл қаланың барлық автокөлігін газбен (сығылған метанмен) қамтамасыз етуге қабілетті.
  16. «ҚазТрансГаз» АҚ еурооблигацияларды 10 жыл мерзіммен айналымға, «ISE» Ирланд қор биржасында және «KASE» Қазақстандық қор биржасында жалпы көлемі $750 млн листингіменсәтті орналастырды. Инвесторлар өтінімдері бірнеше рет ұсыныстардан асып кеткен.
  17. «ҚазТрансГаз» АҚ және «Республикалық газ саласының ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігі алғашқы рет «Нұр Отан» партиясымен бірше гапздандыру мәселелері бойынша өңірлерде масштабты көшпелі қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырды. Мыңдаған қазақстандықтардың проблемалар мәселелері шешілді.
  18. Әлемдегі ұзындығы барынша ұзын және өте қуатты газ құбырларының бірі – «Орталық Азия – Центр» магистральдық маршруты 50-жылдық мерейтойын атап өтті.
  19. Тараптардың келісімі бойынша (жұмыс беруші, кәсіподақ) 3 жыл мерзімге «Oil Services Company» ЖШС ұжымдық шартына қол қойылған.
  20. Қаламқас кенорнында автокөлік техникасының 400 бірлігіне арналған өндірістік-техникалық базаны салуды аяқтау және пайдалануға енгізу.
  21. Қаламқас кенорнында автокөлік құралдарының және арнайы техникасының 100 бірлігіне арналған өндірістік базаны сатып алу.
  22. Қаламқас кенорнында 200 орынға арналған вахталық кентті сатып алу.
  23. 2017 жылғы 16 наурыз. «KMG Drilling & Services» ЖШС «Satti» өздігінен көтергіш қалқымалы бұрғылау қондырғыларын (бұдан әрі – ӨКҚБҚ) жеткізу және алдын ала қабылдау актісіне қол қойды.