Бастамалар және мүшелік

Тұрақты даму жетістіктерінің құралдарын нығайту және тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық серіктестік механизмдерінің жұмысын жандандыру.


http://www.worldbank.org/

Дүниежүзілік Банктің «2030 жылға қарай ІМГ тұрақты жалындатып жағуды толық тоқтату» бастамасы

ҚМГ аталған бастаманы 2015 жылы қолдады. Бұл үкіметтерді, мұнай компанияларын және даму ұйымдарын біріктіреді, олар 2030 жылдан кешктірмей ІМГ тұрақты жалындатып жағу практикасын толық тоқтату үшін ынтымақтастық жасауға келісім береді. 2017 жылы наурызда ҚМГ 2016 жылы ішіндегі алғашқы есептілікті жолдады.


https://www.globalmethane.org/

Жаһандық Метан Бастамасы

ҚМГ 2017 жылы Жаһандық метал бастамаларының (ҒМБ) Жобалау желісіне кірді, бұл метанмен күрес жөніндегі, сондай-ақ метанды қалпына келтіру және пайдалану бойынша жобаларға мүдделі жеке сектор субъектілерінің, қаржылық мекемелердің және басқа үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарының өсуші қауымдастығын білдіреді. ҒМБ серіктестері болып табылатын елдермен жұмыс істей отырып, Жобалау желісінің мүшелері метан бойынша нақты жобаларға арналған негізді дайындай отырып, осы қызметті жандандыруға кірісті.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің ҚМГ бастамасын қолдай отырып, ҒМБ Мұнай мен газ кіші комитетіне кірді.


https://www.worldwildlife.org/


 

http://creoncapital.lu/


https://www.unenvironment.org/

Қазақстанның мұнай-газ компаниялары үшін экологиялық жауапкершілік рейтингі

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Орталық Азия-дағы (UNEP – СА), CREON Capital және Ұлттық рейтингтік агенттікпен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы бойынша серістестік бойынша, Қазақстанның мұнай-газ компаниялары үшін экологиялық жауапкершіліктің бірінші рейтингін әзірлеу бойынша Ресейдің Дүние жүзілік табиғи қорымен (WWF) және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің қолдауымен «КРЕОН» тобымен ұйымдастырылған жобаға қатысты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы Қазақстанның мұнай-газ компанияларының алғашқы экологиялық рейтингіне басшылық етеді. ҚазМұнайГаз қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару жүйесін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады, барлық мүдделі тараптармен эколгия мәселесі бойынша белсенді өзара әрекеттеседі, сондай-ақ жыл сайынғы негізде барлық экологиялық аспектілер бойынша ақпаратты жариялайды, осылайша қоғам алдындағы ашықтық мен жауапкершілікке өзінің шынайы берілгендігін тұрақты түрде дәлелдеп келеді.


https://expo2017astana.com/

Астана ЭКСПО-2017

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Астана Экспо-2017» халықаралық көрме шеңберінде корпоративтік павиль-ондағы ауданы 370 кв. м бөлінген аумақта өзінің меншік экспозициясын таныстырды. Экспозицияда вертикаль-интеграцияланған ұлттық мұнай-газ операторы ретінде компанияның қызметі, ҚМГ-нің Қазақстан экономикасына және қоғамына қосқан үлесі, сондай-ақ Көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына қатысты мұнай-газ саласының даму перспективалары туралы ақпаратты ұсынды.

Сондай-ақ «Жастар слеті» форумы өтті, онда ҚМГ дискуссиялық форматта инновациялық-технология-лық даму және Қазақстан жастары мен жас қызметкерлері арасында мұнай-газ және энергетикалық саласының үрдістеріне салыстырмалы үрдістер болжамы туралы пікір алмасты.


https://www.iso.org/ru/home.html

ISO стандарттау бойынша халықаралық ұйымы

2006 жылдан бастап ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 талаптарына сәйкес сапаны басқару, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басқару жүйесін жұмыс жағдайында ұстап тұрады. Еншілес ұйымдар энергияны тұтынудың маңызды деңгейімен ISO 50001 бойынша сертификатталған.

2017 жылы топтағы барлық компаниялар қадағалау аудиттерінен сәтті өтті, халықаралық стандарттардың талаптарының қолданыстағы интеграцияланған жүйесіне сәйкестігін растады.


https://eiti.org/

Өндіруші салалардың ашықтық бастамасы (ӨСАБ)

Өнеркәсіптің мұнай, газ және кен өндіруші салаларынан түсетін кірістердің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік стандартты білдіреді. Біз Бастаманы өзара түсіну туралы меморандум жағдайын сақтаймыз және салықтар және еліміздің бюджетіне басқа төлемдер бойынша есептілікті ұсынамыз.

Қауымдастыққа мүшелік

Тұрақты даму жетістіктерінің құралдарын нығайту және тұрақты даму мүддесіндегі жаһандық серіктестік механизмдерінің жұмысын жандандыру.



http://atameken.kz/

ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы

2017 жылы 10 қарашада ҚМГ мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәісіпкерлер палатасы арасында құқықтық мәселелер бойынша ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Келісім заңнаманы жетілдіру ретіндегі құқықтық қызметтің маңызды бағыттарында құқықтық мәдениетті арттыруға арналған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, арбитражда коммерциялық дауларға рұқсат етуді кеңейту сияқты маңызды бағыттарында тараптардың өзара әрекеттесуін қарастырады.


http://www.kazenergy.com/ru/

Қазақстандық «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығы

ҚМГ басшылығы Қауымдастықтың бірнеше комитеттерінің және жұмыс топтарының жұмысына қатысады.

KAZENERGY экология, әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесіне төрағалық ету ҚМГ үшін Қазақстанның мұнай-газ саласының тұрақты даму мәселесін алға жылжыту мүмкіндігі болып табылады.

2017 жылы 11 тамызда ҚМГ мен қазақстандық «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандум Қазақстан Республикасының жетілдіру ретіндегі құқықтық қызметтің маңызды бағыттарында құқықтық мәдениетті арттыруға арналған бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, дөңгелек үстелдерді, құқықтану саласындағы өзекті мәселелерге арналған семинарларды, конференцияларды ынтымақтастық жасау сияқты маңызды бағыттарында тараптардың өзара әрекеттесуін қарастырады.


https://www.unglobalcompact.org/

БҰҰ Жаһандық шарты

Тұрақты даму қағидаттарына біздің шынайы берілгенімізді көрсету БҰҰ Жаһандық шартына мүше болу, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы 17 жаһандық мақсатты және Жаһандық шарт Қағидаттарын және жылжыту бойынша ҚМГ-нің қол жеткізген прогресі туралы хабарлама ретінде БҰҰ ҒШ сайтында Тұрақты даму саласындағы есепті жыл сайын орналастыру болып табылады.

 

Ұңғымалардағы геофизикалық және жұмыстар бойынша халықаралық ғылыми-техникалық және іскерлік ынтымақтастық («АИС»)

 

http://www.iaot.eu/

Халықаралық мұнай тасымалдау қауымдастырғы (IAOT)

2015 жылдан бастап КТО мұнайды тасымалдаудың халықаралық жүйесін жақсарту үшін IAOT мүшесі болып табылады. Қауымдастық тариферді қалыптастырумен, құбырларды диагностикалау және пайдаланумен, тасымалдау және сақтаумен байланысты мәселелерді қарастырады.


http://ank.kz/

Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы

 

http://smkz.kz/

Қазақстан машина жасаушылар одағы

Одақтың негізгі мақсаты: Қатысушылардың мүддесі үшін Қазақстан Республикасының өкілетті және атқарушы органдары арқылы тиісті ұйымдық-құқықтық инфрақұрылымдарды және оның жұмыс істеу механизмдерін қалыптастыру; машина жасау саласын дамытудың келісілген стратегиясын қалыптастыру, бірлескен жобаларға инвестиция салу, кадрларды даярлау мен қайта даярлау; Қазақстан Республикасыныңэкономика салаларының тауарларға, жұмыстарға және машина жасау қызметтеріне деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Қатысушылардың күштерін біріктіру.

 

http://smkz.kz/

Қазақстандық «KazWeld» дәнекерлеу қауымдастығы

 

Қазақстан Республикасының инженерлер-энергетиктер одағы

 

http://iriska.kz/

«IRIS» ұлттық бизнес қауымдастығы

 

http://shipowners.kz/

Қазақстан Республикасының теңіз көлігі кәсіпкерлерінің қауымдастығы

 

https://www.iogp.org/

Халықаралық IOGP Мұнай мен Газ өндірушілер қауымдастығы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ мүмкіндіктер мен мақсаттарды, сондай-ақ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) процестерін жақсарту саласындағы Халықаралық Мұнай мен Газ Өөндірушілер қауымдастығының (IOGP) бастамаларын қолдайды.

2014 жылдан бастап, ҚМГ практикаға бастамашы болды және IOGP стандарттары мен талаптарына сәйкес есептілікті пайдаланады, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде жақсарту үшін салаларды анықтаумақсатында, сондай-ақ жазатайым оқиғалар мен өнеркәсіптік инциденттердің көрсеткіштерін азайту үшін мұнай-газ секторының осыған ұқсас компанияларымен бенчмаркинг өткізеді. Алайда 2018 жылдың қаңтарынан бастап қана IOGP тең құқықты мүшесі болды.


Oil Spill Response Limited (OSRL) мұнайдың апатты құйылуларын жоюды қамтамасыз ету үшін халықаралық қауымдастыққа мүше болуды қалпына келтіру мәселесі пысықталып жатыр.


Бұдан басқа, 2018 жылы ҚМГ «Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ арасындағы меморандумды жандандыру қолға алынды.