Қаржылық тұрақтылық стратегиясы

Берік инфрақұрылым құру, жалпыға ортақ және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз ету және инновацияларды енгізу.

ҚМГ қаржылық тұрақтылығы

ҚМГ Қазақстан үшін максимум пайдаларды қамтамасыз етуге ұмтылады және еліміздің экономикасын әртараптандыруды жаңғыртуға жәрдемдеседі. Компанияның миссиясы өзге басымдықтар мен мақсаттар қатарында Қомпанияның қаржылық ұстанымын күшейтуге бағытталған.

Кейбір жетілген активтерге арналған өндіру деңгейін азайту үрдісі байқалады, оларды ағымдағы өндіру деңгейінде ұстап тұру үшін және мұнайды беруді арттыру үшін инвестициялар мен күрделі қаржы салымдарын жүргізу қажет.

ҚМГ шығындарды қысқартуды және қаржылық ұстанымдарын күшейтуді жоспарлайды. Егер бұрынғы жылдары ірі ақша салымдары инвестициялық бағдарламаларға бағытталған болса, мысалы, мұнайды қайта өңдейтін зауыттарды жаңғыртуға болса, онда болашақта мұндай шығындар жоспарланбайды. Қарқынды күрделі шығындар кезеңі аяқталды және бұдан әрі қарай бұл жобалар қайтарымын беребастайды, соған сәйкес компанияға жүктелетін қаржылық жүктеме де азаяды.

Ірі жобалар негізінен пайдалы жағдайлар бойынша тартылған қарыз қаражаты есебінен жаңғыртылған болатын. Бірақ сол кезде осындай қызметтерден түсетін кірістер олардың қызметтеріне арналған тарифтік қарыздарға қызмет көрсету үшін жеткілікті деңгейде бекітілуіне байланысты маңызды болып табылмайды. Осылайша, жақын арада күрделі шығындардан түсетін үстеме пайда күтілмейді. Екінші жағынан алғанда, Қазақстанның экономикасына тұтастай жалпы мультипликативтік нәтиже барынша маңызды. Негізіне бұл жаңа жұмыс орындарын құру және қолданыстағы жұмыс орындарын ұстап тұруға қатысты. Компания құрылымында мұнай сервис компанияларының қатарына жататын залалды кәсіпорындар бар. Алайда ҚМГ әлеуметтік жауапкершілікке байланысты оларды тарата алмайды, басқа тәсілдер арқылы көмектесуге – тапсырыстар табуға, жұмыс орындарын сақтауға арналған жұмыстардың жаңа көлемдерін табуға тырысады.

DODO бағдарламасының негізгі көрсеткіштері

Атауы/ Кезеңі

2017 (Факт)

2018

2019

2020

2021

АЗС саны

25

40

60

80

100

Сату көлемі (мың тонна)

30

102

158

217

277

Анықтама:

DODO бағдарламасы «Dealer Owned–Dealer Operated» (Серіктес иеленеді – Серіктес басқарады). Бағдарламаның негізгі мақсаты – АЗС иелеріне ҚазМұнайГаз АЗС желісінің бөлігі болуға мүмкіндік беру – ҚазМұнайГаз брендімен жұмыс істеу, ҚМГ талондары мен карталары бойынша мұнай өнімдерін сату. Кәсіпкерлер (Серіктестер) өзінің меншігіндегі және қолданыстағы АЭС неғұрлым тиімді басқару мүмкіндігін алу мүмкіндігіне ие болады.

Анықтама:

CODO бағдарламасы «Company Owned – Dealer Operated» (Компания иеленеді – Серіктес басқарады) – АЗС жеке кәсіпкерлерінің басқаруына айына кемінде 300 тоннадан сату көлемін тапсыру. Аталған бағдарлама АЗС күтіп ұстау бойынша ағымдағы шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ шағын кәсіпкерлерге нақты көлемге арналған күштерді шоғырландыру есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

СОDO бағдарламасының экономикалық нәтижесі млн теңге