Әлемдік нарыққа шығу стратегиясы

ЕСЕП БЕРУШІЛІК

Біз шешімдерді ойластырылған және саналы түрде қабылдаймыз, лауазымдық тұлғалар деңгейінен бастап қызметкерлермен аяқтап, әрбір деңгейге арналған іс-қимылдарды жасаймыз.

KazMunaiGas International

ҚМГ-де KMGI болуы стратегиялық қызығушылық туды-рады, яғни мұнайды Қара теңізге кепілдендірілген өт-кізуді қамтамасыз етеді және 300 млн астам тұрғындар саны бар ақырғы тұтынушылар нарығына қол жеткізуді ұсынады.KMGI Румынияда Қаратеңіз өңіріндегі еңірі және қазіргі заманғы мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірі – «Petromidia Navodari», сондай-ақ «Vega Ploiesti» мұнай өңдеу зауытын иеленеді. Автокөліктерге жанармай құю станцияларының желісі Румынияда, Молдовия-да, Грузияда, Болгарияда, Францияда және Испанияда 1000 артық сату пункттерін және CEFC компаниясымен бірлесіп иелену арқылы DyneffSAS тәуелсіз мұнай-газ компаниясына акциялардың 51/49 процентін қамтиды.

«KMGTrading» еншілес кәсіпорны ҚМГ бас компанияларының ресурстарынан компанияның шикі мұнай экспортын, сондай-ақ халықаралық нарықтарға сауда-саттық операцияларын жүзеге асыраты нжалғыз оператор болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2007–2009 жылдары Rompetrol румындық мұнай концернінің 100 % акциясын сатыпалды. Бұл қазақстандық компанияның стратегиялық жоспарына сай келеді, яғни Еуропаға өзінің мұнайын экспорттауға, бірақ сонда мұнайды өңдеуге және ақырғы өнім ретінде сатуға мүмкіндік береді.

KMGI өсу әлеуеті

KMGI жалпы өңдеу көлемі 2017 жылдың қорытындысы бойынша 5,66 миллион тоннаны, соның ішінде 4,7 миллион тонна мұнайды құрады. Қалған көлемі баламалы шикізатқа тиесілі, соның ішінде жаңартылатын энергия көзі–биоэтанолда бар. Салыстыратын болсақ, 2010 жылы жалпы өңдеу көлемі 3,55 миллион тоннаны, соның ішінде 3,37 миллион тонна мұнайды құрады.

2017 жылы мұнайды орташа тәуліктік өңдеу тәулігіне 19 мың тонна рекордтық көрсеткіші бар 16,76 мың тоннаны құрады, ал бұл зауыттың 41 жылдық тарихы ішіндегі қол жеткен ең жоғарғы деңгейі болып табылады. Салыстыратын болсақ, 2010 жылы орташа тәуліктік өңдеу 10,87 мың тоннаны құрады. Бұл ретте энергиялық сыйымдылық индексі 99,97 дейін азайды, ал бұл 2010 жылы 120 болған. Вега МӨЗ жетістігі де жоғары, өзінің тарихи рекорды 373 мың тонна шикізатты өндіруге қол жеткізді.

ҚМГИ мақсаты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін мұнай өңдеу, мұнай химиясы, шетелдікнарыққа арналған мұнайды және мұнай өнімдерін өткізуден түсетін максимум экономикалық қосылған құнды қамтамасыз ету болыптабылады:

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Еуропадағы бөлімшелерін дамыту және қазақстандық ұлттық мұнай брендін алға жылжыту арқылы халыралық нарыққа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
  • мұнай өңдеу мен мұнай-химия саласындағы «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-тың ішкі ресурстарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында операциялық тиімділікті және технологиялық жабдықтауды арттыру;
  • мұнай және мұнай өнімдерін өткізу сегментінде бәсекеге қабілетті, халықаралық нарықта интеграцияланған және әртараптандырылған мұнай компаниясы ретінде «ҚМГ» қалыптастыру;
  • тиімді жеткізу тізбегін қалыптастыру және сатудың бақылауарналарын дамыту есебінен тұтынушыларға сапасы жоғары мұнай өнімдері мен қызметтерін ұсыну.

KMGI даму стратегиясы

Барлығы үшін қымбат емес, сенімді, тұрақты және қазіргі заманғы энергия көзіне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Берік инфрақұрылым құру, жалпыға ортақ және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз ету және инновацияларды енгізу

Бұдан басқа, компания 200-ге дейін автокөліктерге жанармай құю станцияларын салуды, upstream мен downstream саласындағы өнеркәсіптік қызметтерді дамытуды, Petromidia зауытының алаңында когерентті режиміндегі ЖЭО салуды жоспарлап отыр.

Компанияда жалпы отын шығаруда бензин мен авиакеросиннің үлесін ұлғайту бойынша жұмыс істейді. KMGI бірнеше румын өңірлік әуежайларға авиакеросин жеткізуді қамтамасыз етуді бастауды жоспарлап отыр. Бұл ретте басты мақсат – елдегі ірі әуежай, Румыния астанасы Бухарест қаласынан алыс емес арақашықтықта орналасқан Хенри Коандэатындағы халықаралық әуежай.Өндірістің артуы нарықтық трендтегі отынның әртүрлі түрлерін тұтынуға, сонымен қатар авиакеросин дизелді отынға қарағанда қымбат тұратындығына байланысты мұнай өңдеудің маржиналдылығын (ең төменгішектеболушылық) ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2017 жылы 251 мың керосин өндірілді.

Румыниядағы Rompetrol мұнай өнімдерін сату бойынша нарықтық үлесі 25 %-ды, соның ішінде бөлшек сату бойынша жеке үлесі 15 % мөлшерінде құрайды. Компания Румыниядағы және соған жақын елдер: Болгария, Молдовия және Грузияда нарық үлесін өндіреді. Компанияның өз активтері бар Испания мен Франциядағы жоспарларға қатысты алатын болсақ, онда қатысу үлесін екі есе – 2,5 %-дан 5 %-ға ұлғайту міндетіт ұр.

KMGI өндіретін отынды Rompetrol брендімен Румынияда АЭС жұмыс істейтін 379 қызметкерден тұратын АЭС меншікті желісінің үлкен бөлігі бойынша сатуға болады. Компания Батыс Еуропаның басқа елдерінде мықты бәсекелестікпен жұмыс істейді. Грузиядағы, Молдовиядағы және Болгариядағы KMGI шамамен 221 АЗС тиесілі. 2017 жылы Румынияда, Грузияда, Болгарияда және Молдовияда 2,8 млн тонна бензин мен дизельді отын сатылды. Өсу қарқынына қатысты алатын болсақ, соңғы жылдары румындықр итейлдегі KMGI сату жыл сайын 10 %-ға өсуде, сол уақытта тұтастай румыннарығы 2-5 %-ға өсуде.

2013 жылдан бастап KMG еншілес Trading AG кәсіпорны ҚазМұнайГаз бас компанияларының ресурстарынан шикі мұнай экспортын, сондай-ақ халықаралық на¬рықтарда үшінші тараптармен сауда-саттық операцияларын жүзеге асыратын жалғыз оператор болып табылады. КМГТ өңдеу және бөлшектеу секторында мұнай өнімдері қорын, Топтардың еншілес компанияларымен (Болгария, Молдова, Грузия, Украина, Франция және Испания) және Қара теңіз өңіріндегі үшінші тараптармен отынды сатуды қоса алғанда, мұнай өнімдерінің қорларын басқарады. КМГТ өзінің ұстанымын үшінші тараптармен бизнесті дамытудың басталуы үшін жеткілікті масштабын қамти отырып, ҚМГ ҰК негізгі трейдеріне шоғырландыра алады.

ҚМГИ басқа нарыққа арналған экспорттық стратегиясының негізгі критерийлері:

  • Маржаны барынша көбейту, ал бұл нарықтық талаптарға сәйкес максмум бағадамұнай өнімдерінкөтермесатудыбілдіреді;
  • МӨЗ жанында жеткізу тізбегін оңтайландыру, ал бұл басқа нарыққа экспорттау кезінде логистикалық шығындарды барынша азайтудан тұрады;
  • бөлшек сатумен байланысты тікелей инвестициялар басталғанда орташа мерзімді перспективаға бағдарланған жаңа тиімді нарықтарды ашу. Сербия, Түркия сияқты шекара маңындағы елдер мен мұнай өнімдерін сату және т.б.
  • Үшінші тараптармен трейдингілі бизнесті дамыту және жаңа экспорттық мәмілелерді құрылымдау.

Румынияда мұнай химиясын дамыту

KMGI үшін әлеуетті даму нүктелерінің бірі ретінде Румыниядағы мұнай химиясын алуға болады, оның өнімдеріне бүкіл дүниежүзі бойынша үдемелі сұраныс бар. Қазіргі кезде компания жылс айын 26 мың тонна пропан, 62 мың тонна тығыздығы төмен полиэтилен, 85 мың тонна полипропилен өндіре алады. Компания «Вега» МӨЗ-да арнайы өнімдер: гексан, экологиялық еріткіштер, лак-бояу өнеркәісібіне арналған уайт-спирит және битум өндіреді. KMGI Румыниядағы битумды жалғыз өндіруші болып табылады, елдің битумға деген жалпы сұранысының шамамен
25 %-ын қанағаттандырады. Petromidia МӨЗ Евро-5 стандартты отын өндіреді, бұл ретте мұнайдың әртүрлі сорттарын өңдейді.

Қара теңіздегі теңіз терминалы

ҚМГ-нің Каспий мен Қара теңізді қосатын географииялық таралу аймағына қатысуы KMGI тобына енетін «Midia Marine Terminal» терминалмен қамтамасыз етіледі.

Топтар құрамына енетін «Midia Marine Terminal» компаниясы 2009 жылы құрылған, «Rompetrol Logistics» компаниясынан Мидия портындағы айлақты басқаруды қабылдап алған. 2009 жылдан бастап терминал жаңғыртылған, ал бұл оған теңіз және өзен кемелері үшін Қара теңіздегі заманау және көп функционалды мұнай-газ терминалы болуға мүмкіндік берді. Терминал арқылы жыл сайын шамамен 5 млн тонна мұнай мен 3,5 млн тонна мұнайөнімдері ауыстырып тиеледі, ал бұл тиісінше 50 танкермен және 60 000 теміржол цистернасымен тасымалдау көлеміне сәйкес келеді. Терминалды пайдалануға енгізу сәтінен бастап 385 астам танкермен жүк түсірілген.

Басқару тәсілі

Сатудың жоғарғы өсу қарқынына бірнеше факторлар есебінен қол жеткізілді. Соңғы бес жыл ішінде қазақстандық менеджмент бизнесті трансформациялаудың, Petromidia МӨЗ жаңғыртудың масштабты бағдарламасын жүргізді, бірқатар еуропалық елдерде АЭС желісін кеңейтті. Біріншіден, бұл операциялық модельдің өзгерісі, екіншіден, АЭС желісінің ребрендингісі, сондай-ақбұл күшейтілген маркетингтік саясат. «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ акционерін қолдау кезінде ойластырылған және теңгерімдік инвестициялық бағдарлама елеулі нәтижелер әкеледі. Компания соңғы бес жыл ішінде жыл сайын өзінің операциялық көрсеткіштерін (шикізатты өңдеу көлемдері, мұнай өнімдерін сату, өңдеуге және өткізуге жұмсалған шығындарды азайту/оңтайландыру) және қаржылық көрсеткіштерін жақсартады.

ҚМГИ Rompetrol брендісі арқылы ұлттық АЭС желісінің әсер етуші сауда маркасы және өзінің отын өнімдері ассортиментінің жоғары сапасы, ілеспелі сервис, HEI ресторандар желісі және Fill&Go карточкасын пайдалана отырып май толтырудың қолайлы жүйесі ұсынылатын жоғары сападағы белгілі өзге типтегі отын-тарату пункттерінің болып табылады. «Petromidia» МӨЗ-да өндірілетін «Efix» (Евро-5) отын маркасы Қара теңіз өңіріндегі барынша белгілі және өзін жақсы жағынан танытқан отын брендісі болып табылады. Румыния КМГИ үшін сату арналарының табыстылығы жақсы болатын негізгі нарық болып табылады.Румыниядағы бөлшек сату нарығы отынды сатудың тек жоғарғы деңгейімен, сонымен қатар Қара теңіз өңіріндегі басқа нарықтармен салыстырғанда маңызды маржамен сипатталады. Экономикалық өсім және жылдам ауысатын инфрақұрылым жылдам және пайда берерлік кеңейту үшін мүмкіндіктерді ашады. ҚМГИ стратегиясы АЭС меншік желілерін бұдан әрі қарай дамытуды және қолданыстағы станциялар ребрендингісін қоса алғанда сатудың барлық арналарын шектеулі дамыту арқылы Қара теңізі өңіріндегі ең алғашқы үштікке кіретін ірі ойыншы ретінде компания ұстанымын нығайтудан тұрады. Бухарест қаласының маңайында ұстанымын нығайту осы стратегия орталығында болады. Бұдан басқа, сұйылтылған көмірсутекті газды тарату бойынша ҚМГИ-нің сауда қызметі кеңейтіледі.