Тікелей емес экономикалық әсерлер

ҚМГ инфрақұрылымға арналған инвестицияларды жүзеге асырады. ҚМГ компаниялары тобы бойынша қала құраушы кәсіпорындар әлеуметтік объектілерді және спорттық ғимараттарды салуға инвестициясалады.Сонымен бірге компания үшін аталған инвестициялар бейінді кемес қызмет болып табылады.

ҚР өңірлерін газдандыру бойынша жобаларды іске асыру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің 100 % еншілес ұйымы «ҚазТрансГаз»* АҚ арқылы ҚР өңірлерін дамытуға, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті арттыруға және өңірлердегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға маңызды үлесін қосады. «ҚазТрансГаз» АҚ өңірлерді газдандыру бағдарламасы шеңберінде ҚР елді мекендерін газдандыру және жаңғырту бойынша жұмыстарын жалғастырып отыр.

2017 жылы жалпы құны 20 млрд теңге тұратын «Ақтөбе облысы елді мекендерін газдандыру және газ тарату желілерінжаңғырту»жобасы бойынша жұмыстар аяқталды. Жоба шеңберінде:

  • Жалпы ұзындығы 660 км газ құбырларын төсеу орындалған, соның ішінде магистральдық газ құбырын –173 км, жоғары қысымды – 131 км, орташа қысымды – 66 км, төменгі қысымды – 290 км;
  • 6 АГРС, 13 ПГБ, 158 ГРП Шорнатылған;
  • Ақтөбе облысының он елді мекені газдандырылған: Ырғыз ауданы Ырғыз ауылы, Әйтеке би ауданы Комсомол ауылы, Алға ауданы Богословка ауылы, Хромтау ауданы Аққұдық ауылы, Мұгалжар ауданы Алтынды ауылы, Мұгалжар ауданы Еңбек ауылы және Талдысай ауылы, Қарғалы ауданы Қосестек ауылы, Мартук ауданы Жайсан ауылы, Ойыл ауданы Ойыл ауылы. 2017 жылы тұтастай алғанда өңір халқы 817 млн м3 газ тұтынды.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» АҚ өңірлерді газдандыруға инвестиция салуды жалғастырады:

«Тараз қаласындағы газ тарату желілерін жаңғырту». Жоба шағын қабатты сектордағы болат газ құбырларын полиэтиленді орташа қысымға ауыстыруды, жоғарғы жерасты газ құбырларын ауыстыруды, қабаты аз үйлердегі әрбір тұтынушы үшін тікелей SMART картасымен ШГРП жеке орнатуды қарастырады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша:

  • 2 кезектегі 1 іске қосу кешені бойынша ұзындығы 82,29 км газ құбыры салынған:
  • Жеке шкаф пункттері орнатылған – 2 596 дана.

2017 жылдың ішінде тұтастай Тараз қаласының халқы 459 млн м3 газ тұтынған.

«Маңғыстау облысының елді мекендеріне газ тарату желілерін жаңғырту, қайта салу және жаңадан салу». Жоба газ желілерінің жеткіліксіз өнімділігінен және қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайынан тұтынушылар үшін газ жетіспеушілігін болдырмау, қызметтер сапасын арттыру және сенімділігін жақсарту мақсатында Маңғыстау облысының газ желілерін жаңғыртуға және қайта салуға, сондай-ақ салуға бағытталған. Жоба шеңберінде 2017 жылы 23 млрд теңге инвестиция салынды.

2017 жылдың ішінде 737,44 км газ құбырларын төсеу жұмысы орындалған, соның ішінде: жоғары қысымды – 383,65 км, орташа қысымды – 47,65 км, төмен қысымды – 306,14 км.

АГРС-6 дана, ШГРП-23 дана, ПГБ-28 дана орнатылған.Бұрын инвестициялық бағдарламада бекітілген 11 объект көрсетілген мерзімде аяқталған және пайдалануға тапсырылған. Өңірдің бес елді мекені газдандырылған: Бейнеу, Боранкөл, Батыр, Жарма, Басқұдық.

«Қостанай облысының елдімекендерін газдандыруды кеңейту». 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жобаны іске асыру шеңберінде алты елді мекен: Рудный қаласы Қашар кенті, Лисаковск қаласы Октябрьский кенті, Қарабалық ауданы Тоғұзақ кенті, Денисовский ауданы Антоновка, Алчановка кенттері газдандырылған, Рудный қаласы – газдандыру жалғастырылуда. 2017 жылдың ішінде тұтастай Қостанай облысының елді мекені 364 млн м3 газ тұтынған.

Өңірлерді газдандыруға инвестициялар салу, сонымен қатар газға қол жеткізуді ұсыну халықтың әлеуметтік-тұрмыстық өміріне басқа да оң нәтижелерін енгізеді:

  • жаңа аумақтарды газдандыру газ тарату құбырлары объектілеріне және АГРС тікелей жұмыс істеу арқылы пайдаланушыұйымдарда халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді;
  • негізгі өнеркәсіптік объектілеріне отынның экологиялық түрі – табиғи газды аударады, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартады;
  • облыстағы халықтың қолайлы өмір сүруі артады, еңбек пен өмір жағдайлары жақсарады.

Күрделі шығындар млрд теңге

Әлеуметтік бағдарлы негізгі инвестициялық жобалар, млрд теңге


* Компания магистральдық газ құбыры және газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау бойынша орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді, ішкіжәне сыртқы нарықта газ сатумен айналысады, құбыр жолдары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысына сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып белгіленді.