Сатып алу практикасы

Тұтынудың және өндірудің рационалды модельдерінқамтамасызету.

Сатып алу қағидаттарының бірі барлық әлеуетті жеткізушілерге сатып алу процесіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер ұсыну болып табылады.

Бұл ретте, тауарларды сатып алудың қолданыстағы жүйесі Холдингтің Тауарөндірушілер тізілімінде тұрған сатып алынатын тауарды өндірушілер арасында, сондай-ақ тек Холдингтің мүгедектер ұйымының тізілімінде тұрған сатып алынатын тауарды өндіруші мүгедектер ұйымы арасынанашық тендер өткізу арқылы немесе бағалы құсыныстарды сұрату тәсілі мен сатып алуды қарастырады. Бұдан басқа, Қағидада тауарларды сатыпалуды жүзеге асыру бөлігінде айрықша ережелер қарастырылған, бұл ережелерді 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін, осындай келісімшарттардың қолданыстағы мерзімі аяқталғанға дейін немесе 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жасасқан Холдингтің Жер қойнауын пайдаланушылары қолданады. Бұл айрықша ережелерде Жер қойнауын пайдаланушылардың техникалық реттеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының және жобалық құжаттың талаптарына тауарлардың сәйкестігі жағдайында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 78-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес қазақстандық тауар өндірушілерден тауарды сатып алуы міндетті екендігін қарастырады.

Сатып алу процесі келесі негізгі кезеңдерді енгізеді:

  • сатып алудың жылдық жоспарын (ұзақмерзімді) әзірлеу және бекіту;
  • жеткізушін ітаңдау;
  • сатып алу туралы шарт жасасу және орындау.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның ЕТҰ жеткізушілерін таңдау төмендетуге арналғансауда-саттықты қолданып ашық тендердің негізгі тәсілімен немесе бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидасына (бұданәрі – Қағида) сәйкес бір көзден жүзеге асырылады.

Барлық сатып алулар төмендетуге арналған сауда-саттықты қолданып ашық тендер тәсілімен немесе бағалық ұсыныстарды сұрату тәсілімен Электрондық сатып алуларды өткізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Электрондық сатып алулардың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушіні таңдау кезінде қорытындыларға әсер ететін бұзушылықтар жасамай, Қордың сатып алу қағидасына анық сәйкестікте сатып алу рәсімдерін жүргізу маңызды аспект болып табылады. Аталған көрсеткіш ҚМГ және ЕТҰ басқарушы қызметкерлерінің қызметінің негізгі көрсеткіштер картасына енгізілген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдарына арналған Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу регламентін бекітті. Аталған Регламент «Самұрық-Қазына» АҚ және Холдингтің сатып алу қызметін басқару жөніндегі стандарттары негізінде әзірленген Санаттар тізбесін, Сатып алу санаттық топтарын қалыптастыру, сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру, сатып алуды жоспарлау, жеткізушіні таңдау рәсімдерін өткізу, сондай-ақ ҚМГ және ҚМГ Ұйымдарындағы қорлардың оңтайлы мөлшерін қолдаумен байланысты рәсімдер тәртібін белгілейді. Аталған Регламент қазіргі кезде Қордың сатып алу қағидасына қарама-қайшыкелмейтін бөлігінде қолданылады.

Қор әлеуетті жеткізушілерді алдын ала біліктілік іріктеуден өткізуді және алдын ала біліктік іріктеуден өткен әлеуетті жеткізушілердің деректер базасын қалыптастыруды қарастыратын білікті әлеуетті жеткізушілер арасынан сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін әзірледі және бекітті.

ҚР резидент-компанияларынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу көлемі тұтастай алғанда (олардың қызметкерлерінің азаматтығына және «СТ-КZ» нысандағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттардың болғанына қарамастан) құрайды:

млрд теңге

Жылы

қорытынды

Тауарлар

Жұмыстар және қызметтер

2015

1 481

570,7

910,3

2016

1 602,5

637,5

965

2017

2 257,9

775,1

1 482,8

Осылайша, 2017 жылы ҚР резидент-компанияларынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу 2 257,9 млрд теңгені, сатып алулардың жалпы сомасынан 88,4 %-ды құрайды.

Сол уақытта тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұнның үлесіне септеу ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 87 бұйрығымен бекітілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезіндегі жергілікті мазмұнды ұйымдармен бірыңғай есептеу әдістемесі негізінде жүргізіледі.

«Жергілікті» деген сөз отандық кәсіпорындарды білдіреді, олар тауар өндіреді және тауардың «СТ-КZ» нысандағы тауардың шығуы туралы сертификаты болады. Бұл сертификатта жергілікті мазмұн үлесінің проценті көрсетіледі. Шартта жергілікті мазмұнды есептеу кезінде жер қойнауын пайдалану келісімшарттары шеңберінде сатып алынған жұмыстарды (шарттан басқа, қызметтер көрсету) орындауға арналған шартта қазақстандық кадрлардың еңбекақы қорының үлесі қызметкерлердің еңбекақысының жалпы қорында ескеріледі.

Тауарлардың,жұмыстардың және қызметтердің жалпы сомасы және жергілікті қамту үлесі (млрд теңге)

Жылы

қорытынды

ЖҚ үлесі,%

Тауарлар

Жұмыстар/қызметтер

сомасы

ЖҚ үлесі,%

сомасы

ЖҚ үлесі,%

2015

1 669

77

620

81

1 049

74

2016

1 871

76

721

83

1 149

71

2017

2 553

75

863

79

1 690

73