Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Тұрақты даму мүдделерінде бейбіт сүйгіш және ашық қоғамдар құруға көмектесу, барлығы үшін әділ сотқа қол жеткізуді қамтамасыз ету және барлық деңгейде тиімді, есеп беретін және кең қатысуға негізделген мекемелер құру.

10-қағидат

Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Іскерлік орталар сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалаушылық пен парақорлыққа қарсы іс-қимыл жасауы тиіс.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗІМСІЗДІК

Сыбайлас жемқорлық біздің акционерлеріміз, инвесторларымыз өзге тұтас алғанда мүдделі тысқары қоғамдар үшін біздің ұйымдар құратын құнды бұзады.

Біз барлық мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуде сыбайлас жемқорлыққа оның кез келген түрлеріне төзімсіздік танытамыз.

Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлер заңмен көзделген тәртіппен жұмыстан шығаруға және жауапкершілікке тартуға жатады.

Қордағы және ұйымдағы ішкі бақылау жүйесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеуге, алдын алуға және анықтауға бағытталған шараларды да қамтуы тиіс.

Мүдделі тараптармен олардың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі хабардарлығын көтеру үшін диалогты дамыту қажет.

2017 жылы ҚМГ Басқармасының шешімімен «Сыбайлас жемқорлықты мониторингтеуді өткізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидасы» (бұдан әрі – Қағида) және «Сыбайлас жемқорлық стандарты» бекітілген және енгізілген.

Қағидаға сәйкес тоқсан сайынғы негізде компаниялар тобында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелік талдау жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтау бойынша ҚМГ және еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі бағаланады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, соның ішінде ҚМГ және көптеген ЕТҰ-да тәулік бойы ұйымдастырылған ақпараттық сенім жүйелері арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері сыбайлас жемқорлықты мониторингтеуді өткізу үшін ақпарат көздері болып табылады.

Қазіргікүні ҚМГ қызметкерлері және әрбір азамат электрондық почта немесе сенім телефон желісі бойынша кез келген қызметкердің, мердігерлік ұйымдардың немесе қызметі ҚМГ-мен байланысты басқа тұлғалардың заңға қайшы іс-әрекеттері бойынша жүгіне алады.

Сенім телефонының нөмірі мен электрондық адресі ҚМГ-нің корпоративтік сайтында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналасқан. Осыған ұқсас мәліметтер ЕТҰ сайттарында бар.

Мәселен, өткен жылы ҚМГ ақпараттық сенім жүйесіне компаниялар тобындағы әртүрлі бұзушылықтар туралы 60 астам хабарламалар мен өтініштер келіп түскен. Осы өтініштердің тең жартысы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС сауда маркасымен жұмыс істейтін АҚС персоналы тарапынан көрсетілетін қызмет көрсету сапасына қатысты болған.

Бұдан басқа, тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу мәселелері бойынша 7 шағым мен өтініш қаралған.

Барлық өтініштер бойынша тиісті тексерулер жүргізілген, сол тексерулердің нәтижелері бойынша өтініш берушілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар қабылданған, сондай-ақ заңмен белгіленген тәртіппен оларға рұқсат беру тәртібі туралы түсініктемелер берілген.

Бұл ретте өтініштерді қарау мерзімдерін бұзуға немесе өтініштерді қарауды негізсіз қабылдамауға жол берілген жоқ.

90 астам ішкі құжатқа және сатып алу бойынша 110 шартқа сараптама жүргізілген. 435 қызметкер мен бос лауазым орындарына үміткерлердің ҚМГ Басқармасының 2016 жылғы шешімімен бекітілген бос әкімшілік лауазымдарға бәсекелестік іріктеу және персоналды бейімдеу қағидасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа және өзге құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексерілді.

Сонымен қатар, алдын алу мақсатында 2017 жылы қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен тақырыптық кездесулер нысанында кеңейтілген жалпы корпоративтік іс-шаралар ұйымдастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл мәселелері бойынша осыған ұқсас кездесулермен тренингтер барлық ЕТҰ-да жүргізілген. Қызметкерлердің 39,4 %-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша оқытудан өткен.

Қызметкерлер мен басшылар, сондай-ақ ЕТҰ 100 % сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша саясатпен және рәсімдермен таныстырылған.

ҚМГ әкімшілік ғимаратында ақпараттық мониторында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шеңберінде КҚД бастамасы бойынша әзірленген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жауапкершілігі туралы промо-роликтер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде таратылады.

ЕТҰ ұсынған мәліметтер бойынша 2017 жылы компаниялар тобында сыбайлас жемқорлық саясаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері туралы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер 100 % хабардар болды, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 55 % контрагенттен аспады. Аталған мәліметтер ҚМГ мен ЕТҰ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы типтік шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туарлы бөлімді,сондай-ақ ҚМГ мен ЕТҰ шарттар жасасқан кезде компаниялар тобының сыбайлас жемқорлық саясатымен әлеуетті жеткізушілерді таныстыру туралы тапсырысшылар ретіндегі міндеттемелерін енгізу есебінен орын алып отыр.

2017 жылы сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді бағалауды тексеру және қызметкерлер құқықтарын сақтау 85 компанияда ұйымдастырылған, ал 2016 жылы осындай тексерулер тек 38 компанияда ғана жүргізілген. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық көріністерінің бірде бір оқиғасы, ұлты мен жынысы бойынша, діни сенімі мен саяси көзқарастары бойынша кемсітушілік фактілері анықталған жоқ. Мәжбүрлі және міндетті еңбекті пайдалану фактілеріне, сыбайлас жемқорлықпен байланысты сотта іс қараулар мен қылмыстық тексерулерге жол берілген жоқ. Компаниялар тобының корпоративтік қауіпсіздігі бөлімшелері қызметкерлерінің тарапынан өкілеттіктерін асыра қолдану оқиғасы белгіленбеді.

Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің 21,2 %-ы адам құқықтары аспектілеріне қатысты саясат және рәсімдерге оқытудан өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданатын іс-шаралар және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жүйелік сипатта болады және ҚР заңнамасына және ҚМГ ішкі құжаттарына қатаң сәйкес келеді.

Адам құқықтарын сақтау бойынша бағалау жүргізілген компанияларда 100 % адам құқықтарын сақтау мәселесі бойынша 25 сағат оқыту өткізілген.

Есепті кезеңде адам құқықтарын сақтау бойынша 89 инвестициялық келісім және келісімшарттар енгізілді.