Экологиялық баланс
Біздің мақсатымыз – біздің қызметіміздің қоршаған ортаға теріс әсерін үздіксіз азайту. Қызметіміздің басым бағыттары мыналар болып табылады: парникті газ тасталымдарын басқару, жалындатып жағуды қысқарту, тарихи қалдықтарды кәдеге жарату, жерді құнарландыру және энергия тиімділігін арттыру.
Нысаналы функционалға қол жеткізу мақсатында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ блогы келесі жобаны іске асыруда:
- Еңбекті және қоршаған ортаны басқарудың жаңа моделін енгізу



ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша қызмет Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі вице президенті мен корпоративті корталық таүйлестіріледі. Корпоративті корталық жетістіктерді талдайды және ЕҚОҚ саласындағы болашақтағы қызмет үшін мақсаттар мен міндеттерді және жақсартуға арналған энергиялық тиімділікті анықтайды, өткен кезеңдердегі көрсеткіштер және сала бойынша жетекші халықаралық компаниялардың (IOGP, IPIECA) осыған ұқсас көрсеткіштері бойынша бенчмаркинг өткізеді, өндірістік объектілердің аудитін жүзеге асырады. Біз экологиялық салауаттылықты сақтау және қоршаған ортаға келеңсіз әсерлерді азайту мақсатында жаңа практикалар мен технологияларды қолдану мен енгізу мүмкіндіктерін үздіксіз зерттейміз.
ЕҚОҚ бойынша мәселелер ай сайын ҚМГ Басқармасымен ДК отырыстарында тыңдалады, ал бұл басшылармен мамандардың жауапкершілігін арттырады.