Экологиялық жауапкершілік

2017 жылы ЕҚОҚ жағдайын жақсарту жөніндегі жол картасын іске асыруды жалғастырдық, ал бұл 2020 жылға дейінгі кезеңдегі біздің мақсатымызды айқындап берді. Жол картасы тұрақты даму саласындағы негізгі стратегиялық бастамаларды қамтиды.

ҚМГ сақтық шаралары қағидаттарының негізгі ережелерін бөледі (БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының 15-қағидаты, 1992 ж.). Біз жаңа жобалар мен объектілерді іске қосар алдында міндетті түрде әсерлерді бағалау процесінде қоғамдық пікірді анықтау және қоғамдық пікірлерді ескеру мақсатында жоспарланған қызмет және оның мүмкін әсерлері туралы қоғамды ақпараттандыруға бағытталған қоршаған ортаға әсер ететін әсерлерді бағалау (ҚОӘБ) шеңберінде іс-шаралар кешенін өткіземіз. Біз ҚОӘБ жобаларына барлық мүдделі тараптардың қол жеткізуін, ескертулерді және ұсыныстардықабылдау мен тіркеуді қамтамасыз етеміз. Материалдар халықты жоспарланған іс-шаралармен таныстыру мақсатында жергілікті билік органдарының веб-сайттарына және БАҚ-та орналастырылады. Орхусский орталықтарымен өзара қарым қатынас жасау кезінде жергілікті қауымдастықпен және қоғамдық ұйымдармен консультациялық кездесулер өткізіледі. Біз қауымдастықтың өтініштеріне дереу жауап береміз және Топтың маңызды басымдықтарының бірі ахуалдарды сотқа дейін реттеу болып табылады.

Қызмет ететін өңірлерде қоршаған ортаға өндірістің мүмкін теріс әсерлерін мониторингтеуді жүзеге асырудың негізі тұрақты өндірістік экологиялық бақылау болып табылады.

Есептік мерзім ішінде ұйымдардың қоршаған ортаға әсер етуі бойынша шағымдар экологиялық шағымдарды беру тетіктері арқылы берілген.

  1. Атырау қаласы тұрғындарының көше ауасы сапасының нашарлауымен – мұнай өнімдерінің және күйік иісінің пайда болуымен байланысты шағымдары негізінде Атырау облысы Экология департаментімен 2017 жылғы 26 сәуір мен 2017 жылғы 22 маусым аралығындағы мерзімде «АМӨЗ» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері туралы № 06-17/1актісіне сәйкес «АМӨЗ» ЖШС тарапынан бұзушылықтар анықталған жоқ.

Тексеру барысында 2017 жылғы 26–27 сәуір мерзімінде зауыттың жанына орнатылған ауаның сапасын мониторингтеу станциясының көрсеткіштері қаралған, соның нәтижелері бойынша көрсетілген мерзімде шекті-рұқсат етілген концентрациядан асып кету көрсеткіші белгіленбеген. Сонымен қатар тексеру жеке көздер бойынша қоршаған ортаға эмиссиялардың жобалықнормативтеріненасыпкетуіанықталмады.

Атырау МӨЗ-да атмосфералық ауаның сапасын бақылайтын төрт автоматты станция жұмыс істейді, бұлар келесі ластағыш заттарды: күкіртті сутегін, көміртегі оксидін,азот оксидін, күкіртті ангидрид, көмірсутектері нбақылайды. Сондай-ақ станцияларда атмосфералық ауаның метеорологиялық сипаттамалары анықталады. Экологиялық қосындардың деректері әрбір 10 минут сайын орталық зауыт зертханасына тапсырылады, «Казгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Атырау облысы бойынша филиалы АМӨЗ деректер базасына қол жеткізеалады.

  1. Атырау қаласы тұрғындарының Атырау МӨЗ санитарлық-қорғаныш аймағына (оның кеңеюіне байланысты) тұрғындардың қоныс аударуына қатысты шағымдары негізінде, 2017 жылы шілдеде ҚР экологиялық заңнамасын сақтауды жоспардан тыс тексеру ашылды. Атырау облысы Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті Мұнайды терең өңдеу кешенін пайдалану (МТӨК) басталғанға дейін тұрғындарды орналастыру толық көлемде аяқталуы тиіс. Қазіргі заманғы 14 технологиялық қондырғылары бар МТӨК құрылысы – бұл зауытты толық жаңартуды аяқтаушы кезең. Атырау МӨЗ тұрғындарды орналастыру бойынша іс-шаралар жоспарын іскеа сыруды 2016 жылдан бастап жүргізіп келеді. МТӨК толық масштабты пайдалану басталғанға дейін тұрғындарды орналастыру аяқталады (2018 жылғы 1-тоқсан).