Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергиялық тиімділікті арттыру

Барлығымыз үшін сенімді, тұрақты, қазіргі заманғы және қымбет емес энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Топтың энергия үнемдеуді және энергиялық тиімділікті дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықтардың жаңғырту, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, жылу энергиясын өңдеуді және тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті өндіру көздерін, соның ішінде ІМГ пайдалана отырып, дамыту.

Қоршаған ортаны қорғау және ҚМГ өндірісінің тиімділігін арттыру саласындағы негізгі міндеттердің бір іэнергиялық тиімділікті артты русаласындағы қызметті жалғастыру болып табылады. Корпоративтік орталық энергияны тұтыну және энергиялық тиімділік көрсеткіштері бойынша деректерді жинайды және талдайды, прогресті қадағалайды және жақсартуға арналған мүмкіндіктерді сәйкестендіреді, өткен кезеңдердегі көрсеткіштер және сала бойынша ұқсас компаниялардың (IOGP) көрсеткіштері бойынша бенчмаркинг өткізеді.

Компанияның энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділігін арттыру саласындағы қызметі ISO 50001 «Энергетикалық менеджмент жүйесі» халықаралық стандартының әдіснамасына негізделеді, бұл осы қызметті жүйелік басқару бойынша ең озық жалпыға танылған халықаралық практика болып табылады.

Энергиялық ресурстарды тұтыну

GRI 302-1 есептік мерзім ішінде барлығы 119,42 млн ГДж отын-энергетикалық ресурстар тұтынылды, бұл 2016 жылғы деңгейден 5 %-ға жоғары, соның ішінде: электрэнергиясы – 11,45 млн ГДж, жылу энергиясы – 3,45 млн ГДж, табиғи газ – 56, 89 млн ГДж, ПНГ – 17,21 млн ГДж, қазандық- пешотыны 18,27 млн ГДж және энергетикалық ресурстардың басқа түрлері тұтынылды.

2016 жыл мен салыстырғанда энергиялық ресурстарды тұтынудың ұлғаюы ең біріншіден, қаныққан кенорындарда өндірудің суланғандығының артуымен, сондай-ақ ҚР МӨЗ жаңғыртумен байланысты. Соның нәтижесінде мұнайды өңдеу тереңдігін ұлғайту үшін жаңа технологиялық қондырғылар енгізілген.

Қазіргі кезде біз тек ұйымның ішінде энергетикалық ресурстарды тұтынуды есепке алуды жүргіземіз, осыған байланысты осы есепте ұйымның шегінен тыс энергияны тұтыну көрсетілмеген.

Энергия ресурстарын жалпы тұтыну

Отын түрлері бойынша энергия ресурстарын тұтыну

Еншілес ұйымдардың энергияны тұтыну үлесі

Энергия сыйымдылығы

2017 жылы компаниялар тобында орташа алғанда көмірсутегін өндіру бағыты бойынша меншікті энергияны тұтыну өндірілген КСШ тоннасына 1,6 ГДж құрады, бұл IOGP Халықаралық мұнай мен газ өндірушілер қауымдастығының көрсеткіштерімен салыстырғанда (2016 жылы өндірілген көмірсутегінің тоннасына 1,4 ГДж)
16 % артық қалады. Мұнай өндіруде энергия ресурстарын меншікті тұтыну ең біріншіден, қаныққан кенорындарда өндірудің суланғандығының артуымен байланысты.

2017 жылы МӨЗ бойынша орташа алғанда мұнайды өңдеу бағыты бойынша меншікті энергияны тұтыну өңделген мұнайдың тоннасына 3,0 ГДж құрады, бұл еуропалық зауыттың көрсеткіштерімен бір деңгейде екендігін көрсетеді. ПМХЗ-да меншікті энергияны тұтынудың неғұрлым жоғары деңгейі ең біріншіден, мұнай-химия кәсіпорны өңірінің неғұрлым қатаң климаттық жағдайларымен байланысты. ПКОП-та есептік жылы меншікті энергияны тұтынуды ұлғайту зауытты жаңғыртумен, мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайту үшін қолданыстағы технологиялық қондырғыларды қайта жаңартумен және жаңа қондырғыларды салумен байланысты.

КСШ өндіру бағыты бойынша меншікті энергияны тұтыну

Мұнайды өңдеу бағыты бойынша меншікті энергияны тұтыну

Энергия тұтынуды қысқарту

Топтың энергия үнемдеуді және энергиялық тиімділікті дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары – технологиялық жабдықтардың жаңғырту, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу, жылу энергиясын өңдеуді және тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ меншікті өндіру көздерін, соның ішінде ІМГ пайдалана отырып, дамыту.

Энергия үнемдеу бойынша жүргізілген іс-шаралар арқылы ТЭЖ тұтыну базалық жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға қысқарды.

Энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік бойынша 82 астам іс-шара орындалды, ТЭЖ үнемдеу 833,3 мың ГДж құрады, нақты көрінісі 12,3 млн кВт электрэнергиясы (0,4 %), 2,1 мың Гкал жылу энергиясы (0,3 %), 7 879 мың м3 табиғи газ (0,5 %) және 14,6 мың тонна қазандық-пеш отыны (3,3 %) тұтынылды. Осыған байланысты Энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік бойынша негізгі іс-шаралар, атап айтқанда технологиялық жабдықтарды енгізу 2017 жылы IV тоқсанында іске асырылған, ал энергия ресурстарының нақты көріністегі экономикалық нәтижесі 2018 жылы ғана байқалады. Аталған іс-шараларды іске асыруға арналған қаржылық шығындар 1 387 млн теңгені (4,25 млн АҚШ долларын) құрады. ТЭЖ сатып алуға жұмсалған қаржылық шығындарды үнемдеу 410,3 млн теңге (1,26 млн АҚШ долларын) құрады.

Компания қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша тұтастай 2017 жылы Энергияны үнемдеу бағдарламасын іске асыруда ТЭЖ үнемдеу бойынша келесі нәтижелер алынған:

  • Мұнай-газ өндіру – 26,7 мың ГДж;
  • Мұнай мен газды тасымалдау – 325,1 мың ГДж;
  • Мұнайды өңдеу – 481,5 мың ГДж.

2017 жылғы қызметтің нәтижелері

2017 жылы Корпоративтік орталығының энергетикалық аудиті өткізілді. Энергиялық аудит нәтижелері бойынша энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік бойынша 11 іс-шара әзірленді. Іс-шараларды енгізудің мүмкін әлеуеті базалық 2016 жылы ТЭР тұтынудың жалпы көлемінен 14,3 %-ды құрады.

2018 жылға арналған іс-шаралар:

  • 2018 жылы энергия үнемдеу және энергиялық тиімділік бойынша іс-шараларды іске асыру, соның нәтижесі бойынша кемінде 0,8 млн ГДж энергия үнемделеді;
  • әлемдік озық зауыттармен салыстырғанда ҚР МӨЗ дамуының жалпы деңгейін талдау үшін Solomon индекстерін бенчмаркингтік зерттеулер өткізуді жоспарлау.
  • ЭСКО арқылы энергия үнемдеу саласында инвесторларды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.