Су ресурстарын пайдалану

Барлығы үшін су ресурстары мен санитарияның болуын және рационалды пайдаланылуын қамтамасыз ету.

Қазақстанда сумен қамтамасыз ету проблемасы өзекті болып тұр, елімізде су ресурстарына деген ұлттық тапшылық сезілмесе де,өте күрделі өңірлік су тапшылығы байқалады. Өнеркәсіп су жинау көлемі бойынша ауылшаруашылығынан кейін екінші орында тұр, бұл ретте су жинауды жыл сайын ұлғайту атап айтқанда, мұнай мен газды өндіру және өңдеу* саласымен ғана қамтамасыз етіледі. Тұщы су тапшылығы байқалатын өңірлерде мұнай мен газды өндіру операциялық, беделді және экономикалық тәуекелдермен, сондай-ақ су тұтынуды реттейтін нормативтерді қатаңдату нәтижесінде пайдалану және коммерциялық проблемалармен, соның салдарынан тиісті шығындардың ұлғаюымен ілесе жүреді. Осыған байланысты, ҚМГ-нің көптеген еншілес және тәуелді ұйымдары өз қызметін су тапшы және бағалы табиғат ресурсы болып табылатын өңірлерде жүзеге асырады, бұл компания үшін су ресурстарын пайдалануды дұрыс, уақтылы және жан-жақты бағалауда өт емаңызды болып табылады.

ҚМГ тобындағы компаниялардың қызметі су ресурстарын пайдалану бөлігінде корпоративтік орталықта шоғырландырылады, онда еліміздің су ресурстарына компанияның қосынды әсері талданады. Қазіргі күні ҚМГ тобындағы әрбір жеке компанияның қатысу өңіріндегі су ресурстарына тікелей әсері ретінде жеткілікті толық және терең бағалауға мүмкіндік беретін деректерді ұсынудың бірыңғай нысаны әзірленген, бұл әсерлерді компаниялардың барлық тобы масштабында экстраполяциялау керек. ҚМГ Корпоративтік орталығы сонымен қатар жетістіктерді, проблемаларды, тәуекелдерді талдайды, жақсартуға арналған саланы, болашақ қызмет үшін мақсаттар мен міндеттерді анықтайды, су тұтыну динамикасын салыстырмалы талдауды және кеңістікті бөлуді жүргізеді. Кәсіпорындардың тазарту және су жинау құрылыстарына бару мен өндірістік объектілердің аудиті жыл сайын жүргізіледі. ҚМГ компаниялары тобы бойынша су ресурстарын пайдалану жөніндегі ақпарат қауымдастық деректерінің талаптарына (нұсқаулық, стандарттар мен әдістемелер) сәйкес IOGP мен IPIECA қауымдастықтарына есептілікті ұсыну есебінен мұнай-газ саласының шетелдік және халықаралық компанияларымен салыстыру контексінде талдау жүргізіледі. Компания су ресурстарына жүктемені азайту мақсатында жаңа практикамен су үнемдеуші технологияларды қолдану және енгізу мүмкіндіктері үздіксіз зерттеледі.

Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және бағалы табиғи объектілерді ластауға жол бермеу мақсатында Топтың барлық компаниялары Қазақстан Республикасының су және экологиялық заңнамаларының нормаларымен талаптарын мүлтіксіз сақтайды.

Топ-менеджменттер арасында, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшыларының деңгейін дедесу ресурстарын оң тайлып айдалану мәселесінің маңыздылығын түсіну жылсайын артып келеді. Сондықтан аталған аспектіге үлкен назар аударылады: компаниялар тобында су ресурстарын басқару жөніндегі корпоративтік стандарт әзірленеді, су ресурстарымен байланысты мәселелерді талқылау мен шешу үшін әртүрлі еншілес ұйымдардың мамандары енгізілген функционалды топ құрылған; ЕҚОҚ бойынша Форумда Топ компанияларының бас директорлары үшін 2018 жылы компаниядағы су ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде проблемалармен перспективалар бойынша тұсаукесер алғаш рет өткізілді.

* ҚР сумен жабдықтау және су тарту саласындағы экономикалық тәсілдерді талдау /Эк.ғыл.док, проф. Есекина Б.К.редак. – Астана, 2016.-88-бет.

Көздер бойынша бөлумен жиналатын судың жалпы саны

2017 жылы ҚМГ компаниялары тобының жалпы су жинауы 84,5 млн м3 құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 4 %-ға артық (2016 жылы – 81,3* млн м3). Су жинаудың негізінен ұлғаюы мұнай өңдеу зауыттарына арналған қондырғылар санының және КТО-дан суды сатып алатын субабоненттер санының ұлғаюымен байланысты суды өңдеу 1,5 млн м3) және тасымалдау (1,9 млн м3) бағыттары бойынша орындалды;

Бизнес-бағыттар бойынша су жинау

Жиналатын судың келесі көздер бойынша мың метр кубқа бөлумен жалпы саны:

Көзі \ жылы

2014

2015

2016

2017

Беттік көздері

32 478

31663

31707

36813

Жерасты көздері

20 907

23006

23 077

22 875

Қалалық су мен жабдықтау жүйесі

5 072

2686

2 656

3 249

Теңіз

28 168

20987

20275

21369

Басқа кәсіпорындардың ағынды сулары

0**

41

93

87

* 2016 жылы ТДЕ-дежалпы су жиналу көлемі 78 млн м3 деп көрсетілген, 3 млн м3 айырмашылығы компанияның ішінде жалпы су жинау дықайта есептеу үшін 2016 жылғаарналған ҚМГкомпанияларылары КТО тапсырылған судың көлемі бойынша дұрыс емес деректер берілуі мен байланысты (нақты 8 млн м3 орнына11 млн м3.

** аталған параметр көрсетілген жылы қадағаланбады

ҚМГ компаниялар тобы бойынша көздер бойынша суды бөлу мен су жинау, млн м3

Ағындысуларсу жинаудың бір бөлігі ретінде тек ПМХЗ-да ғана бар (2017 жылы 87 мың м3) – зауыт өзінің тазарту құрылыстарына басқа кәсіпорындардың ағынды суларын қабылдайды. Компанияда көрсетілген периметрде тікелей жиналған жаңбыр суы бойынша есепке алу жүргізілмейді.

Компаниядағы су ресурстары келесі негізгі қажеттіліктерге: өндірістік, шаруашылықты-ауыз су және ТЭЦ үшін буды өндіру мен суды жинауда (мұнай өңдеу зауыттары үшін) пайдаланылады. Сонымен қатар жиналатын судың бір бөлігі басқа тұтынушыларға пайдаланусыз тапсырылады, сондай-ақ көптеген операцияларда суды тасымалдау мен пайдалану кезіндегі судың техникалық шығыны ілесе жүреді.

Барлау және Өндіру бағыты барынша су шығындары болып табылады – 2017 жылы 1 тонна КСШ өндіру үшін 2,13 м3 су жұмсалған. 2017 жылы мұнайды өңдеу үшін өңделген 1 тонна КСШ өндіру үшін 0,86 м3 су  жұмсалған.

Өндірістік қажеттіліктерге жұмсалатын судың көлемінен ең үлкен бөлігі (80 % артық) қабат қысымын ұстап тұру үшін қабатқа айдалады, қалған 20 %-ы мұнай өңдеу, қабаттың гидроажырауы, ұңғымаларды күрделі жөндеу, өрт сөндіру жүйесін толықтыру және т.б. сияқты өндірістік қажеттіліктерге жұмсалады. Компанияда су шығындары бойынша суды КТО жүзеге асыратын басқа тұтынушыларға тапсыру екінші орында, оның иелігінде Астрахань – Маңғышлақ магистральдық су құбыры бар.

Операциялар типі бойынша су ресурстарын пайдалану, мың м3

Типі бойынша ұйымдардың субөгеттеріне маңызды әсер ететін су көздерінің жалпы саны:

ҚМГ тобының компаниялары үшін су жинаудың негізгі беттік көздері Каспий теңізі (21,4 млн м3), Волга және Қиғаш өзендері (29,4 млн м3), Орал өзені (5,2 млн м3), Ертіс өзені (1,9 млн м3) және Пятимарский су қоймасы (321 мың м3) болып табылады. Бұл ретте Каспий теңізі мен Ертіс өзені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы қаулысымен бекітілген ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің тізбесіне енеді. Орал өзені аталған тізбеге енбейді, алайда 2016 жылы қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы Орал трансшекаралық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау жөніндегі келісімге қол қойылды. Орал өзені 1971 жылғы 2 ақпанда бекітілген суда жүзетін құстардың мекендейтін ортасы ретінде негізгі халықаралық маңызға ие сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға және 1992 жылғы 17 ақпанда бекітілген трансшекаралық ағынсуларды және халықаралық өзендерді қорғау мен пайдалану жөніндегі конвенцияға негізделеді.

Пятимарский су қоймасы су айнасының ауданы 5 000 га және Көшім өзені бойында Пятимарский ауылдық қокругі аумағында орналасқан, жергілікті маңызды балық шаруашылығы су қоймаларының тізбесіне енгізілген (Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 176 қаулысы).

ҚМГ Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан мұнай-газ конденсатты кенорны – «Өріктау» кенорнында көмірсутекті шикізатты барлауды және өндіруді жүргізеді. Кенорынның үлкен бөлігі тұщы су қорымен белгілі Көкжиде құмында болады.

Көкжиде құмы Батыс Қазақстандағы жерасты суларының қоры бойынша ірі кенорны және ауызсу сапасы бойынша бірегейі болып табылады. Аумақта Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген сирек кездесетін өсімдіктердің эндемикалық түрлері кезедседі. Көкжиденің жерасты сулары Республикалық және халықаралықмаңызыбармемлекеттік табиғат-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің тізбесінеенеді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қарашадағы № 1212 қаулысы).

Жалпы су жинау, мың м3

Қайтадан пайдаланатын су көлемі, мың м3

% Жалпы су жинауданқайтадан пайдаланатынсу

Айналма су көлемі, мың м3

% жалпы сужинаудан айналма су

84 541

4 331

5,12

296 649

351

2017 жылы ҚМГ тобының компанияларымен қайтадан 4,3 млн м3 су пайдаланылған. Негізінен тазартылған ағынды суларды қайтадан пайдалану мұнай өңдеу зауыттарында қолданылады, онда ағынды сулар арнайы тазарту ғимараттарында механикалық және биологиялық тазартудан кейін қабылдағыштарға (жинақтау тоғандарына) жартылай бұрып жіберіледі, ал қалған бөлігі бұдан әрі қарай пайдалану үшін зауыттарға кері қайтарылады. Осындай су, ең алдымен, қондырғыларда су айналма жүйесін толықтыру үшін, сондай-ақ өрт сөндіру жүйесін толықтыру, жасыл көшеттерді суару және басқа қажеттіліктер үшін пайдаланылады. ҚМГ зауыттарында суды қайтадан пайдалану проценті 35 % құрайды (Өңдеу бағыттары бойынша су жинау көлемінен).