Биоәртүрліліктерді сақтау және экологиялық мониторингтеу

Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты даму мүддесінде рационалды пайдалану.

Құрлықтағы экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және оларды рационалды пайдалануға ықпал ету, орманды рационалды басқару, шөлейттенумен күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері бұру және биологиялық әртүрліліктердің жойылу процесін тоқтату.

Біз биоәртүрлілік – бұл экологиялық қолайлылық кепілі екенін түсінеміз.

Біз абиотикалық ортамен қатар, қатысу өңірлеріндегі табиғат объектілерін мекендейтін тірі ағзаларға тигізетін өз әсерімізді барынша азайтуға тырысамыз. Бұл үшін біз болашақ қызметті жоспарлау кезінде биоәртүрлілікке тигізетін мүмкін әсерлерді бағалаймыз және осы әсерлерді азайту үшін шаралар қабылдауға тырысамыз. Өнді-рістік операцияларды тікелей жүргізу кезінде ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес тұрақты экологиялық мониторинг жүргіземіз, бұл ретте ерекше қорғалатын табиғат аумақтарымен қорық аймақтарына жоғары көңіл бөлеміз.

Біз қатысатын өңірлердегі қорғалатын табиғат аумақтары

Республикалық маңызы бар Солтүстік Каспий қорық аймағы

Солтүстік Каспий шығыс бөлігінің айдыны Еділ (ҚР шегінде) және Жайық өзендерінің сағасымен Каспийдің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағына енеді. Каспийдің солтүстік бөлігіндегісулы-батпақты алқап, әсіресе Еділ, Жайық және Ембі өзендерінің сағасы, сондай-ақ іргелес жағалаумен теңіздің акваториясы Евразиялық континенттегі маңызды суалқаптары болып табылады. Бұл суда жүзетін құстармен су жағасында жүзетін құстардың ұя салуы, түлеуі, маусымдық қоныс ауда-руы мен қыстап қалу кезеңінде құстарға қолайлы мекен болуын қамтамасыз етеді.

Қазақстанның биоәртүрлілігін сақтау үшін және барлық Евразиялық континент үшін осындай маңызды аумақ тұрақты мониторингтеуді және қазіргі заманғы және тұрақты қорғалатын іс-шараларды жүргізуді талап етеді. ҚМГ Солтүстік Каспийдегі өзінің қызметін бастаған сәттен бастап осы өңірдің табиғат қорғау мәселелеріне назар аударып келеді.

Республикалық маңызы бар Новинский мемлекеттік табиғат (зоологиялық) қорықшасы ҚР Қызыл кітабына енгізілген флора мен фаунаны көбейту үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында құрылған.Қорғау режимі – қорықша режимі.

Республикалық маңызы бар Кендерлі-Қаясан қорық аймағы дуадақтар мен ителгілердің табиғи өсіп-өнуі және мекендеу ортасын сақтау мақсатында құрылған. Беліленген режимдері: қорық режимі, қорықша режимі, реттелетін режим.

Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жоғары санатына жатады.Қорық мекемесінің мақсаты — Үстірт қыратындағы солтүстік шөлейтті табиғат кешенін, соның ішінде фауна мен флораның бірқатар сирек түрлерін табиғи күйінде сақтау. Қорғау режимі – қорықша режимі.

Жергілікті маңызы бар «Көкжиде – Құмжарған» мемлекеттік табиғат кешенді қорықшасы. Аталған қорықшаның аумағында республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорықша қорының екі объектісі: Көкжиде құмы мен Көкжиде жерасты сулары орналасқан,бұлар республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қорының геологиялық объектілерінің тізбесіне енгізілген.

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтардың жанында және шекара шегінде орналасқан өндірістік алаңдар

ЕҚТА типі

Шекараның ішінде

Аралас шекара (аумақ-тың бір бөлігі енеді)

Шекарадан тыс (1-5 км жақын орналасқан)

IUCN I-IV санат

0

0

Қансу

IUCN V-VI санат

Жамбыл Сәтпаев

Жамбыл

Қансу

Өріктау

Әлібекмола

Қожасай

Дүниежүзілік мұра объектілері

Рамсар алқабы

Биоәртүрліліктің негізгі аймақтарына қатысы бойынша өндірістік қызметтің орналасқан жері және масштабы

Учаскесі

Орналасқан жері

Биоәртүрліліктің негізгі аймақтары (КБЗ)

БНА қатысы бойынша орналасқан

жері

Келісімшартт ық аумақтың ауданы

(км2)

Әсер етуді азайту бойынша 
Жоспары

Қансу

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

Кендерлі-Қаясан қорық аймағы және Үстірт мемлекеттік қорығы

Қорық аймағында және қорыққа жақын

орналасқан

4 374,6

Биологиялық мониторинг

Өріктау

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Жергілікті маңызы бар «Көкжиде – Құмжарған» мемлекеттік табиғаткешенді қорықшасы

Аумақтың бір бөлігін енгізеді

239,9

Гидрогеологиялық мониторинг

Әлібекмола және Қожасай

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы

Көкжиде құмы мен Көкжиде жерасты сулары

Жақын орналасқан

156,5

Гидрогеологиялық мониторинг

Жамбыл

КСКМ Атырау ауданы

КСКМ ерекше экологиялық сезімталды аймағы, Новинский қорықшасы

Қорық аймағында орналасқан және аумақтың бір бөлігін енгізеді

1 935,2

Тұрақты экологиялықмониторинг, теңіз мұнай операцияларын жүргізу кезіндегі шектеулер

Сәтпаев

КСКМ Атырау ауданы

КСКМ ерекше экологиялық

сезімталды аймағы

Қорық аймағында орналасқан

1 481

Тұрақты экологиялық мониторинг, теңіз мұнай операцияларынжүргізу

кезіндегі шектеулер

2017 жылы ерекше қорғалатын аумақтармен және қорық аймақтарымен жақын немесе шекаралас орналасқан учаскелерде Сәтпаев теңіз блогында ұңғымаларды барлау-бұрғылау жүргізілді. Аталған ауданда қызметтің қазіргі заманғы кезеңінде техногенді әсер шамалы және жабайы жануарлар мен құстардың өздерінің мекендейтін аумағында еркін ұшулары мен жүрулеріне кедергі жасамайды. Барлау-бұрғылаудың барысында келесі жұмыс түрлері: бұрғылау қондырғыларын монтаждау, ұңғымаларды бұрғылау мен сынау, кеме жасау сияқты жұмыстар қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Келесілер: теңіздегі құрылыс мерзімінде судағы өлшенділер концентрациясының артуы, түптегі шөгінділердің табиғи құрылымының бұзылуы, соның ішінде қарқынды кеме құрылысының әсері, физикалық шу әсері келеңсіз факторлар болып табылады.

Теңіз деңгейі көтерілгенде су жайылған аймақта болатын жағалаудағы мұнай кенорындарының тарихи ұңғымалары теңіз ортасына әсер етудің тағы бір көзі болып табылады. Көп жылғы фондық зерттеулер нәтижесі бойынша әсерлер әсер ету кеңістігі мен уақыт бойынша оқшауланған, теңіз ортасының жағдайына маңызды келеңсіз әсерін тигізбеді. ҚМГ-да осы ұңғымаларды кезең-кезеңмен іске асыру жоспары әзірленген және іске асырылып жатыр.

«Қансу» учаскесі Маңғыстау облысы Қарақия ауданында орналасқан, Кендерлі-Қаясан қорық аймағының шегінде жартылай орналасқан және Үстірт мемлекеттік табиғат қорығымен шекараласады (учаске шекарасынан 2 км буферлік аймақ). 2016 жылы учаскеде геологиялық-барлау жұмыстары жүргізілмеді.

Өріктау, Әлібекмола және Қожасай ҚР Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. «Өріктау» кенорнының келісімшарттық аумағының солтүстік-батыс бөлігі Көкжиде құмында орналасқан, сондай-ақ кенорын жергілікті маңызы бар «Көкжиде – Құмжарған» мемлекеттік табиғат кешенді қорықшасымен шекаралас жатыр. Жерасты суларының ластануына жол бермеу мақсатында Топтағы компаниялар қызметінің аймағында, сондай-ақ Келісімшарттық аумақта іргелес жатқан Көкжиде құмды алқабының аймағында қоршаған орта жағдайын тұрақты бақылау бойынша жұмыстаржүргізіледі.

«Жамбыл» және «Сәтпаев» учаскелері Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндеорналасқан. Келісімшарттық аумақтар Каспий теңізінің қорық аймағының шегінде, сондай-ақ Новинский қорықшасының шегінде жартылай орналасқан, бірақ өндірістік алаңдар экологиялық сезгіш аймақтарға жанаспайды. Аталған учаскелерде экологиялық сезгіштігі жоғары кезеңде өндірістік операцияларды өткізуге шектеулер сақталмайды (3-қосымша. Каспий теңізінің табиғат ресурстарының экологиялық сезгіштік деңгейі). Учаскелер акваториясын зерттеу кезеңінде қандай да бірауыт қу табиғи құбылыстар, алаңдаушылық немесе жоғары назар қоюды тудыратын қоршаған ортаның жағдайы немесе табиғи емес сипаттағы факторлар тіркелген жоқ.

2017 жылы биоәртүрлілікті сақтауға қосқан біздің үлесіміз:

  • 2017 жылы флора мен фаунаны сақтауға жұмсалатын шығындар 121,7 млн теңгені құрады. Негізінен бұл шығындар аумақты көгалдандыруға және құнарландыруға жұмсалған.
  • Бұзылған жерлердің топырақ құнарлығы қалпына келтірілді – 4,9 км2 (2016 жылы 149,2 км). «Ембімұнайгаз» АҚ топырақ құнарлығын қалпына келтіру жобасын әзірледі, соған сәйкес орташа мерзімді перспективада 1 364,4 км2 тарихи бұзылған жерлердің топырақ құнарлығы қалпына келтіру жоспарланып отыр.
  • Бекіре балық түрлерін шығару 4 700 мың теңгеге (2016 жылы 508,35 мың теңге) жоспарланған.

Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының флорасы мен фаунасының түрлері

Флора мен фаунасының түрлері

Кендерлі

-Каясан мемлеке ттік қорық аймағы

(түрлерін

Үстірт мемлекеттік табиғат қорығы (түрлерінің саны)

Новинский қорықшасы (түрлерінің саны)

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің қорық аймағы (түрлерінің саны)

«Көкжиде – Құмжарған» мемлекеттік

табиғат кешенді қорықшасы (түрлерінің саны)

Өсімдігі

20 (13)

336 (5)

4

229 (54)

94

Құстар

10

166 (18)

27

466 (63)

75

Жануарлар, соның ішінде

18

 

3

 

 

сүтқоректілер

17

29 (8)

 

125 (41)

44

бауырымен

жорғалаушылар

 

15 (1)

 

20 (9)

8

Балықтар

 

 

 

133 (27)

 

*  жақшаларда: ҚР Қызыл кітабына енгізілген түрлерінің саны

Іс-шаралар бағыттары бойынша 2017 жылы табиғат қорғау іс-шаралары, млдр теңге

 

Құрлықтағы

операциялар

Теңіз операциялары

2016 ж.

2017 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Биоәртүрлілігі ОВОС жабылған немесе осыған ұқсас құжаттармен учаскелер (%)

100

100

100

100

Экологиялық мониторинг тұрақты жүргізілетін учаскелер (%)

100

100

100

100

Жойылған ұңғымаларды мониторингтеу тұрақты жүргізілетін жойылған ұңғымалары бар учаскелер (%)

100

100

100

100

КазТрансГаз компаниялар тобы бойынша 2017 жылы биоәртүрлілігі бағаланған және бақылауға алынған маңызды операциялық учаскелердің саны мен проценті:

Биоәртүрліліктің сындарлы жағдайы шаруашылық қызметімен, табиғат ортасының ластануымен, табиғи апаттармен, сондай-ақ қорғалатын экожүйелердің шамалы ауданымен байланысты. Биоәртүрліліктің жұтаңдануы мен экожүйелердің деградациясы Қазақстан Республикасы аумағының 66 %-да, әсіресе шөл дала мен дала аймағында, жерді жырту мен шектен тыс жаю кезінде байқалады.

Магистральдық газ құбырының желілік бөлігін пайдалану және техникалық диагностикалаудың негізгі міндеті оның техникалық жағдайының өзгерістерін уақтылы анықтау: қоршаған ортамен өзара әрекеттесу жағдайы, газ құбырының қалдық ресурстарын бағалау, сондай-ақ магистральдық газ құбырының желілік бөлігін қауіпсіз пайдалануды және сенімді жұмыс қабілетін қамтамасыз ету үшін жөндеудің барынша тиімді тәсілдерін және іс-шараларды таңдау болып табылады.

Қорғалатын аймақтарда жұмыстардың орындалуын бақылау және минимум арақашықтық аймақтарында жұмыстарды жүргізуге келісу Магистральдық газ құбырын пайдалану қағидасының талаптарына сәйкес газ-көлік ұйымдарымен (оператормен) жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген).

Газ құбырлары астындағы топырақты шайылып кетуден қорғау үшін, өзен жағаларымен сағаларындағы еңістерде газ құбырлары осінің бойымен беттік ағынды сулардыңағуын болдырмайды, сондай-ақ газ құбырларының қорғалатын аймағында орналасқан жыралармен шұңқырлардың пайда болуының алдыналады. Үйінділерде, бөгеттерде, тауларда төселген газ құбырларынан суды өткізу жұмыс жағдайында жүргізіледі.

Мемлекеттік орман қорының жері бойынша өтетін магистральдық газ құбырының трассасы шеткі газ құбырының осінен 3 м шегінде әрбір жақтағы өскінді ағаштарды мерзім сайын тазартады, қауіпсіз және өртке қарсы жағдайда күтіп ұстап тұрады. Газ құбырлары трассасының бойында пайдаланушы бөлімшеге қатысты объектінің атауын көрсететін белгілер орнатылады, қажетті технологиялық схемалар, анықталған кемшіліктерді, олқылықтарды, пайда болған ақауларды жоюға шараларды келесі қабылдау үшін пайдалану бөлімшесініңжалпы технологиялық схемаға қажетті байланыстыру километрлік пикеттері орнатылады.