Мұнайдың төгілуінің алдын алу және дайындықты қамтамасыз ету

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, тіршілікке бейімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Мұхиттарды, теңіздерді және теңіз ресурстарын сақтау және тұрақты даму мүддесінде рационалды пайдалану.

Құрлықтағы экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және оларды рационалды пайдалануға ықпал ету, орманды рационалды басқару, шөлейттенумен күрес, жердің тозу процесін тоқтату және кері бұру және биологиялық әртүрліліктердің жойылу процесін тоқтату.

Мұнайдың апатты төгілуін жоюға (МАҚЖ) тұрақты дайындық біз үшін негізгі басымдық болып табылады.

Біздің Теңіздегі операцияларымыз

Каспий теңізі бірегей табиғат объектісі болып табылады, оның сезгіш экожүйесіне әсіресе мұнай ластанулары қатты әсерін тигізеді. Біз теңіздегі мұнай операцияларын жүргізу кезінде экологиялық қауіпсіздікке жоғары талаптар қоямыз: кез келген жұмысты бастар алдында келісімшарттық аумақтарда фонды экологиялық зерттеулер жүргіземіз, біздің әлеуетті әлеуметтік және экологиялық әсерлерімізді бағалаймыз, сондай-ақ операцияларды жүргізу уақытында және операцияларды жүргізгеннен кейін әсер ету мониторингісін, эмиссиялар мониторингісін және апатты оқиғалар мониторингісін жүзеге асырамыз.

Біз теңізді бұрғылау операцияларын бастар алдында мұнайдың барлық мүмкін апатты құйылуын жоюға тұрақты дайындықты қамтамасыз етеміз. Жұмыстар аяқталған соң жойылған ұңғымаларды үздіксіз экологиялық мониторингтеу жүргіземіз. Келісімшарттық аумақтарда теңіз учаскелеріне арналған экологиялық мониторингтеу бағдарламасы бойынша ұңғымаларды сүңгуірмен тексеру енгізіледі. Келісімшарттық аумақ-тарда жойылған ұңғымаларды мониторингтеу: атмосфералық ауаның сапасын, теңіз суының және түпкі шөгінділердің ластануын, биоәртүрлілік жағдайын,сондай-ақ зертханалық-аналитикалық жұмыстарды, жойылған ұңғымалар сағасын фотоға түсіру және бейнетүсірілім жасауды қадағалау енгізеді.

Біз теңіздегі операциялар кезінде келесі қағидаттарды сөзсіз ұстанамыз:

  • Жобалық шешімдерді қатаң сақтау;
  • «Нөлдік тасталым» қағидаты – барлық қалдықтар және ағынды сулар жағалауға шығарылады;
  • Балық қорғайтын құрылғылармен барлық жүзу құрылғыларын және льяльных сулардың болмауын қамтамасыз ету;
  • Уылдырық шашукезеңінде-1 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін өндірістік операцияларды өткізугетыйым салу;
  • Өндірістік кемелермен балық аулауға тыйым салу;
  • Түнгі уақытта ұңғымаларды сынауға және көмірсутекті шикізатты жағуға тыйым салу;
  • Арнайы пайдалану режимін сақтау.

Топта төтенше жағдайларға, соның ішінде мұнайдың төгілуіне жедел және тиімді ден қоюды қамтамасыз ету,олар-дың зардаптарын жою бойынша тиісті операцияларды орындау жүйесі қолданылады. МАҚЖ-қа дайындық деңгейін арттыру үшін практикалық және теориялық сабақтарды, персоналдың практикалық дағдыларын жетілдіруге арналған әртүрлі деңгейдегі жаттығулар меноқу-жаттығуларды тұрақты түрде жүргіземіз.

Біз есептік мерзім ішінде Сәтпаев учаскесінде теңіз бұрғылау ұңғымаларына бұрғылауды жүргіздік, сол үшін теңіздің ластануын болдырмау бойынша арнайы бағдарлама әзірленген. Бағдарлама теңіз ортасын қорғауға, су жайылған аймақтан сақталатын материалдарды, қоршаған ортаға зиянын тигізуге қабілетті бұрғылау ерітінділерін мен өзге заттарды алып шығу, теңізді және өзге шаруашылықты қызметті заңға сай пайдалануға арналған іс-шараларды енгізеді.

Біз мүмкін құйылулар пайда болған жағдайда тиісті жаттығулар жүргіземіз және 1 мен 2 деңгейдегі мұнай құйылулары бойынша арнайы компаниялармен шарттар жасасамыз. 3 деңгейдегі құйылу болған жағдайда теңіз мұнай кенорындарындағы апаттарды жоюға маманданған «Oil Spill Response Limited» халықаралық қауымдастығымен келісім жасалады.

КMG еншілес ұйымы Systems & Services ЖШС (бұдан әрі – KMG S&S) МАҚЖ үшін арналған ҚР жалғыз арнайы объектісі – Атырау облысындағы Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасын (бұдан әрі – СКЭДБ) иеленеді.

Есептік мерзім ішіндегі теңізге құйылулардың нольдік деңгейі.

Практикадан үлгі

Қазтеңізкөлікфлоты Баутино порты акваториясында мұнайдың апатты төгілуін жою (МАҚЖ) жөніндегі оқу-жаттығу өткізді.

2017 жылғы 27 маусымдағыоқу- жаттығу сәттіөткізілді.

ҚМГ компаниялар тобына енетін «Қазтеңізкөлікфлот» ұлттық теңіз кеме компаниясы КСКМ-де Сәтпаев учаскесінде барлау-бұрғылау кезіндегі МАҚЖ білдіреді. «Қазтеңізкөлікфлот» бұрғылау жұмыстарын бастағанға дейін мұнайдыңапатты құйылуларын жою (МАҚЖ) жөніндегі оқу-жаттығу өткізді. Оқу-жаттығуға 4 кеме қатысты: теңіз операцияларын қолдайтын 2 мамандандырылған көпфункционалды кеме, сондай-ақ буксир мен  баржа. Құйылудың  мүмкін болатын нақты жағдайына барынша жақын оқиға сипатталды, кеме үлгі бойынша арнайы жабдықты пайдалана отырып, мұнайдың апатты құйылуларын жойды. «Қазтеңізкөлікфлот» кеме экипажы мен жағалау персоналы   жоғары дайындықты, біліктілікті  және құзіреттілікті  таныта білді.

Мұнайдың апатты құйылуларын жою жөніндегі қызметтер теңіз кенорындарын барлау мен өндіру бойынша жұмыстар жүргізу кезінде теңіз операцияларының ажырамас бір бөлігі болып табылады. Осындай қызметтің мақсаты – теңіз бетіне мұнайдың  жылыстап ағуы немесе соның салдарынан құйылуымен байланысты теңіздегі  төтенше апатты жағдайларға жол бермеу. Себебі мұндай апаттар теңіз экологиясы үшін ауыр зардаптарға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына келеңсіз әсер етуі мүмкін.

Жерүсті объектілері

Құбыр жолдарының тұтастығын қамтамасыз ету – Компанияның өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздігі саласындағы саясатының басым бағыттарының бірі.

Апаттылық деңгейі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы және аталған бағыттағық олданыстағы жүйелік жұмыстар саласындағы шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Мұнай құйылуларының жалпы саны 2017 жылы алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 81 %-ға азайды, 2017 жылы құйылған мұнайдың көлемі 1749,65 тоннаны құрады, ал бұл өткен жылғы көрсеткіштен біршама жоғары. Аталған нәтижелер тозған құбырларды ауыстыруға және баяулату тәсілі арқылы құбырларды жемірілуден қорғауға бағытталған «Барлау және өндіру» бизнес-бағыты бойынша Компанияның ЕТҰ-да кәсіпшілік құбыр жолдарының сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру қорытындысы болып табылады.

Аталған бағдарламаларды табысты орындау мұнайдың төгілу санын азайтуға, соның салдарынан топырақтың ластану ауданын азайтуға тікелей әсерін тигізеді.

Мұнайдың құйылу көлемі (жерүсті объектілері)

Есептік жылы ішінде тозған кәсіпшілік құбыр жолдарының (3219,7715 км, 2016 ж.) 41923,492 км ауыс-тырылған. Құбырларды ауыстыру кезінде сапасы неғұрлым жоғары құбырларды, көбінесе коррозиялық төзімділігі жоғары құбырларды, қорғаныш жабыны бар және металл емес (шыны пластикті) құбырларды пайдалану ұсынылады.

2012–2017 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ-та құбырлардың техникалық жағдайының себебі бойынша апат тіркелмеген («ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырларының жалпы ұзындығы – 5 377,3 км).

Уәкілетті органдардың тексерулері мен расталған статистикалық деректер «ҚазТрансОйл» АҚ құбыр жолдары жүйесінің пайдалану сенімділігі туралы растайды.

Құбыр жолдары жүйесінің апатсыз жұмыстарының маңызды буыны оныңтехникалық жағдайын қазіргі заманғы диагностикалау болып табылады. Құбыр жолдарының ақауларын анықтау және жедел жою мақсатында 2012–2017 жылдар аралығында компанияда қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, мұнай құбырларының 4 874,07 км-не құбырішілік және сыртқы диагностикалауды жүргізу (жалпы ұзындығының 91 %-ы) қамтамасызетілді.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та пайдаланылатын коррозияға қарсы қорғау құралдарының тиімділігі 2012–2017 жылдар аралығында магистральдық мұнай құбырларында коррозиялық себептерінің болмауын растайды.

Құқық қорғау органдарымен тығыз өзара әрекеттесу кезінде 2012 жылдан бастап «КазТрансОйл» АҚ компаниясының құбырларын қылмыстық заңсыз кесу оқиғаларының алдын алады. 2013 жылы жылына бірнеше оншақты және тіпті 17 фактіге дейін құбырларды заңсыз кесу санын азайтуға қол жеткізілді; 2014 жылдың қорытындылары бойынша құбырларды заңсыз кесудің 12 оқиғасы анықталған; 2015 жылы құбырларды заңсыз кесудің 14 оқиғасы жасалған; 2016 жылы – құбырларды заңсыз қосудың 3 оқиғасы, ал 2017 жылы құбырларды заңсыз кесудің 6 оқиғасы анықталған.

«ҚазТрансОйл» АҚ құбыр жолдары жүйесін пайдалану және қызмет көрсетуде мерзімдік анықталатын шамалы ауытқулар жүйелік бұзушылықтар болып табылмайды, құбыр жолдары жүйесіне және республика тұрғындары үшін зардаптары сезілмейтіндей барынша қысқа мерзімде жедел түрде жойылады.

Кәсіпшілік құбыржолдарын қайта құру (ауыстыру), км

Рұқсат етілмеген кесулер