Климаттың өзгеруі және атмосфералық ауаның сапасы

Климаттың өзгеруімен және оның зардаптарымен күрес бойынша шұғыл шаралар қабылдау.

Әлемдік энергетикалық жүйе соңғы он жыл ішінде күрделі өзгерістерді сезінуде, біріншіден, экономикалық өсім байқалатын дамушы елдер тарапынан энергия ресурстарына деген сұраныстың өсуімен байланысты, ал екінші жағынан, отынның қазба түрлерін пайдаланудан қоршаған ортаға өсуші жүктеменің өсуіне байланысты. Себебі біз энергияға деген әлемдік сұраныстың артуын қанағаттандыру үшін мұнай мен табиғи газды ұлғайтуға тырысамыз. Біз табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтай отырып, табиғат ресурстарын оңтайлы пайдалана отырып және табиғат қорғау қызметін жетілдіре отырып, өз қызметіміздің қоршаған ортаға келеңсіз әсерлерін барынша азайту жөніндегі іс-шараларға басты назар аударамыз.

Парниктік газ шығарындылары бойынша сандық көрсеткіштер Топтың 17 еншілес ұйымын қамтиды, парниктік газ шығарындылары жылына 20 000 тоннадан астам СО2 – баламасын құрайды және 2018–2020 жылдары парниктік газ шығарындыларына арналған квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына енгізілді. Биомассаны өртеуден немесе оның ыдырауынан болатын CO2 шығарындылары ескерілмейді.

ҚМГ корпоративтік орталық деңгейінде парниктік газ шығарындылары және атмосфераға ластағыш заттардың бөлу саласында еншілес және тәуелді ұйымдардың қызметін басқарады, эмиссияларға рұқсат алу, парниктік газ шығарындыларына квота алу, газды жағуға рұқсат алу және т.б. сияқты қызмет түрлерін жүргізуге арналған барлық қажетті рұқсат етуші құжаттарды уақтылы алуды қадағалайды. Біз атмосфералық ауаны қорғау, ластағыш заттардың және парниктік газ шығарындылары көздерін түгендеу, жобалық құжаттаманы дайындау, өндірістік экологиялық бақылау мен мониторингтеуді ұйымдастыру, ластағыш заттар шығарындыларын азайтуға әкелетін жабдықтарды жаңғырту бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын әзірлейміз.

Мұнай өңдеу зауыттарында жаңғырту жүргізіледі, бұл соңғы тұтынушыдан бастап атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларын азайтуға, К4 және К5 экологиялық класс талаптарына сай келетін сапалы мұнай өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

2018 жылы атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындыларды басқару жөніндегі ҚМГ Корпоративтік стандартын бекітуді жоспарлап отырмыз және онда атмосфераға зиянды әсерлерді қысқарту бойынша қызметті басқарудың негізгі қағидаттары анықталады.

ЭКСПО шеңберінде Future energy Forum панельді сессияларында мүдделі тараптарға ҚМГ Тобының экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және көміртегіні қадағалау жөніндегі ҚМГ қызметі туралы ақпаратты жарияладық, бұл компанияның сарапшыларымен бағаланған. Біз болашақта CDP Климаттық бағдарламасы шеңберінде парниктік газ шығарындылары бойынша есеп береміз.

Біз атмосфералық ауаға әсерлерді азайту бойынша өндірістік объектілердің қызметін жақсарту жұмыстарын жалғастыра береміз. Біз еліміздің нормативтік заңнамалық базасын жетілдіруге белсене қатысамыз, эмиссияларды басқару жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын өткіземіз, климаттың өзгеруімен байланысты форумдарға және конференцияларға қатысамыз, шығарындыларды қысқарту бойынша стратегияларды іске асырудағы өз мүмкіндіктерімізді арттыру үшін біліміміз мен дағдыларымызды жетілдіреміз.