Парниктік газ шығарындылары

Біз тікелей парниктік газ шығарындыларын есепке алуды жүргіземіз, деректер тексеріледі және уәкілетті органға жыл сайынғы негізде тапсырылады. Квоталарды бөлудің ұлттық жоспарына енгізілген ұйымдар қондырғылардың паспорттарын тексереді және мониторингтеу жоспарының сенімділігін растайды.

Парниктік газ эмиссияларын есептеу уәкілетті орган бекіткен парниктік газ шығарындыларын есептеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтар негізінде жүргізіледі және келесі парниктік газдарды: көмірқышқылгазы (CO2); метан (CH4); азот қышқылы(N2O); перфторкөмірсутегілері (ПФУ)жабады.

Парниктік газ шығарындыларын мемлекеттік реттеу (СО2) көмірқышқыл газ шығарындыларының көлемі бойынша жүзеге асырылады. 2017 жылғы нәтижелер бойынша ҚМГ компаниялары тобындағы көмірқышқыл газ шығарындыларының көлемі 6,57 млн тонна (2016 жылы 6,53 млн) болды. Шығарындылардың шамалы ұлғаюы есептілік шекарасының кеңеюімен байланысты (17 ЕТҰ – 2017 жылы, 15 ЕТҰ – 2016 жылы).

Қызметтің бағыттары бойынша парниктік газ шығарындылары

* CO2 баламасы–парниктік газдардың жаһандық жылу әлеуетін өлшеу бірлігі. Көмірқышқыл газы оның көмегімен қалған парниктік газдар бағаланатын эталон болып табылады. Ел Әдістемелерінде метан үшін жаһандық жылу коэффициенті – 21 және азот қышқылы үшін – 310 қолданылады.

Көмірсутегі шикізатын өндірудің ұлғаюына және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға қарамастан парниктік газ шығарындыларының деңгейі СО2 баламасы Компанияда соңғы 5 жыл ішінде базалық 2013 жылдың деңгейінен 5 % төмен болып келеді, ал бұл газды жалындатып жағудың қысқаруымен, соған сәйкес метан шығарындыларының азаюымен, энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділік бойынша іске асырылатын іс-шаралармен байланысты. Алайда тоннаға шаққандағы СО2 шығарындылар деңгейі базалық 2013 жылдың деңгейінен 2 %-ға жоғары.

Парниктік газ түрлері бойынша шығарындылардың жалпы көлемі

Парниктік

газдар

2013

2014

2015

2016

2017

мың т

мың т

СО2 экв.

мың т

мың т

СО2 экв.

мың т

мың т

СО2 экв.

мың т

мың т

СО2 экв.

мың т

мың т

СО2 экв.

СО2

6 420

6 420

5 850

5 850

6 027

6 027

6 527

6 527

6 569

6 569

CH4

178

4 131

142

3 195

149

3 132

147

3 062

163

3 391

N2O

0

33

0

20

0

106

0

88

1

77

ПФУ

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

Жиынтығы:

6 598

10 584

5 992

9 064

6 176

9 266

6 675

9 678

6 732

10 037

 

2017 жылы «Көмірсутегілерін өндіру» бизнес бағыты бойынша парниктік газ шығарындыларының тікелей көлемі 2,57 млн тонна СО2 құрайды, ал бұл өткен жылдың деңгейінен 2 %-ға төмен (2016 жылы 2,62 млн тонна). Энергиялық тиімділігін арттыру бойынша қолданылатын шаралар арқылы өндірілген көмірсутегі шикізаты көлемінің өсуі кезінде де СО2 шығарындылар қарқындылығының көрсеткіші азаяды.

Өндірудегі СО2 шығарындылар қарқындылығы

Өндірудегі СН4 шығарындылар қарқындылығы

Біз ағымдағы жылдан бастап «көмірсутегілерін өндіру» бизнес бағыты бойынша метан шығарындылар (CH4) қарқындылығын есептей бастадық .Соңғы 5 жыл ішінде метан шығарындылары 30 %-ға қысқарды, бірақ шығарындылар қарқындылығы орташа салалық көрсеткіштерден жоғары. Жалындатып жағуды қысқарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша аталған көрсеткішті азайту нәтижесі күтіліп отыр.

«Өңдеу» бизнес бағыты бойынша мұнайды терең өңдеудің өсуіне байланысты соңғы екі жылда шығарындылардың қарқын алуы байқалады.

Қазіргі кезде мұнайды тасымалдау бағытында тек бір компания ғана ұсынылғандықтан,ал ұсынылған ұйымдардың газды тасымалдау бағытында ПГ шығарындыларының көлемі мен газды тасымалдау көлемінің сәйкес келмеуіне байланысты «тасымалдау» бизнес бағыты бойынша қарқындылықты есептеу жүргізілмейді.

Мұнай өңдеудегі шығарындылар қарқындылығы

Метанның кемуін тікелей анықтау бойынша жоба

Біздің өндірістік объектілерімізде метанның кемуін анықтау және сандық өлшеу бойынша 2015–2016 жылдары ішінде Қоршаған ортаны қорғау агенттігі мен «Carbon Limits» норвегиялық компаниясымен бірігіп жүргізілген пилоттық жобалар нәтижесінде біз 2017 жылы Жаһандық Метандық Бастамашылық (ҒМБ) жобалау желісіне кірдік. Біздің компанияның бастамасы бойынша Астана қаласында Жаһандық Метандық Бастамашылық (ҒМБ) өкілдерінің Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметкерлерімен, ҚМГ еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлерімен таныстыру кездесу өткізілді. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі ҒМБ мұнай мен газ ішкі комитеті ретінде енгізілді.

Ынтымақтастықты жалғастыра отырып, 2018 жылы Компанияның жаңа өндірістік объектілерінде метанның кемуін анықтау бойынша жаңа жобаларды жүргізу, сондай-ақ Жаһандық Метандық Форумға қатысу жоспарланып отыр.

Мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту шеңберінде парниктік газ шығарындыларын қысқарту бойынша, буды рекуперациялау қондырғыларын іске қосу, жаңа резервуарларда қалқымалы қақпақтар орнату сияқты бірқатар іс-шаралар жүргізіледі. Шығарындыларды азайту энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділік бойынша, қазандықтағы дизель отынды газға ауыстыру, газ турбиналы жетегі бар компрессорлық станцияларды КС жүктеуді оңтайландыру, технологиялық жабдықтарды қайта құру, көлікті (арнайы техниканы) газға ауыстыру, артық ауаның шектеулі мәнін анықтау үшін цирконийлі датчиктерді орнату (пештегі жалындатып жағу кезінде отыншығынын азайту) сияқты іс-шараларды іске асыру нәтижесінде байқалады.

Практикадан мысал

Парниктік газ шығарындыларын қысқарту

Н. Шманов атындағы мұнай айдау станциясын (МАС) қайта жаңарту барысында атмосфераға зиянды шығарындылардың шығып кетуін болдырмау үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау облысында буды рекуперациялау қондырғысын пайдалануға енгізді, оның міндеті мұнайды толтыру, тасымалдау және сақтау кезінде пайда болатын жеңіл көмірсутектердің буын өңдеу болып табылады. Нәтижесінде атмосфераға таза ауа бөлінеді, сол уақытта көмірсутектің бөлшектері ұсталып, сіңіретін сұйықтық қолдану арқылы резервуарға қайтып келеді.

2017 жылы «ПКОП» ЖШС ағызу эстакадасының ағызу құбырларынан буды құру құрылғыларымен байланысты буларды рекуперациялау қондырғысын реттеп іске қосу жұмыстары жүргізілді.

АМӨЗ-де жаңғырту шеңберінде көмірсутек газын рекуперациялап, теміржол цистерналарына ашық түсті мұнай өнімдерін такттік құю автоматтандырылған қондырғысын салу жүргізілуде, оны пайдалануға енгізу құю операциялары кезінде атмосфераға көмірсутектердің шығынын азайтуға мүмкіндік береді және қоршаған ортаға парникті газдардың шығарындыларын алдын алуға септігін тигізетін болады.

Компания өз қызметінде озонды бұзатын заттардың шығарындыларына жол бермейді, бұл климаттың өзгеруіне алып келеді. Мерзім-мерзіммен бақылау және мониторинг жүргізіледі.

Атмосфералық ауаның сапасы

Біз операциялар мен өндірістік процестер нәтижесінде түзілетін ластағыш заттардың атмосфераға бөлетін шығарындыларын азайту бойынша экологиялық мониторингтеу жүргіземіз және шаралар қабылдаймыз.

2017 жылы Топтар боынша барлықластағышзаттардыңшығарындыларыныңнормативтік көлемі 256 мың тоннаны (2016 жылы 241 мың тоннаны) құрады. Пайдалануға жаңа көздердің енгізілуімен байланысты шығарындылардың шамалы ұлғаюы байқалады. Ластағыш заттардың атмосфераға бөлетін шығарындыларының негізгі көлемі тасымалдау секторы – 58 %, өндіру және өңдеу секторларының қосқан үлесі-22 % мен 18 % болды.

2016 жылдан бастап көздер бойынша шығарындыларды талдау жүргізіліп жатыр.

 

2017

2016*

Электр энергиясын өндіру

5 013

4 643

Жалындатып жағу

14 509

16 587

Басқа стационарлық көздер

236 828

219 851

Барлығы:

256 350

241 081

 * 2017 жылғы тұрақты даму есебіндегі деректер жаңа өндірістік объектілердің енгізілгенін ескере отырып есептелген (2016 жылғы есепте шығарындылардың жалпы көлемі 173,4 мың тонна көлемінде көрсетілген). 

Ластағыш заттардың атмосфераға бөлетін шығарындыларын есептеу ластағыш заттардың атмосфераға бөлетін шығарындыларын анықтау бойынша қолданыстағы әдістемелік нұсқаулықтарға және ұсыныстарға сәйкес қолданылатын жабдықтардың техникалық сипаттамаларының негізінде жүргізіледі. Біз пайдалана отырып, мысалы, нақты уақыт режиміндегі газ талдағыштарға тікелей өлшеуді жүргізбейміз, алайда Еліміздің цифрландыруға ауысуы аясында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органмен шығарындылар көздеріне арналған датчиктерді/газ талдағыштарды орнату арқылы ластағыш заттардың шығарындыларын автоматтандырылған мониторингтеуге бірлескен ауысу жоспарланып жатыр. Аталған мәселе табиғат қорғаушыларымен қарастырылады. Атмосфералық ауаға бөлінетін негізгі шығарындылардың бірі күкірт тотығы (SOх) және азоттотығы (NOх) болып табылады.

Ластағыш заттар шығарындыларының саны

Компания өз қызметінде төзімді органикалық ластағыштардың шығарындыларын жүзеге асырмайды.

2017 жылы ҚМГ Компаниялары тобы бойынша мұнай баламасындағы көмірсутегі шикізатын өндірудің жалпы көлеміне NOx шығарындыларына қатысты орташа көрсеткіш КСШ өндірудің мың тоннасына шаққанда 0,25 тоннаны құрады,ал IOGP орташа көрсеткіші – 0,4.2016 жылмен салыстырғанда NOx шығарындыларының шамалы азаюы байқалады. ҚМГ Компаниялары тобы бойынша мұнай баламасындағы көмірсутегі шикізатын өндірудің жалпы көлеміне SOx шығарындыларына қатысты орташа көрсеткіш КСШ өндірудің мың тоннасына 0,32 тоннаны құрады, ал IOGP орташа көрсеткіші – 0,2.2016 жыл мен салыстырғанда SОx шығарындыларының шамалы азаюы байқалады.

Практикадан мысал

АМӨЗ күкіртті өңдеу және сағалық газдарын тазарту қондырғысы

Күкіртті өңдеу және сағалық газдарын тазарту бойынша жаңа үйлестірілген қондырғыны пайдалануға енгізу «АМӨЗ» ЖШС ауданында және Атырау облысында экологиялық ахуалды жақсартуда маңызы зор, себебі зауытта өңделетін мұнайдағы күкірттің құрамы жоғары болады.

Аталған жобаны іске асырумен байланысты күкірт сутекті газ регенерациялаудан өтеді, ал бұл атмосфераға SО2 шығарындыларын елеулі азайтуға, маңызды өндірістік өнімді – күкіртті ұнтақтау блогында тауарлық күкіртті бір уақытта алумен байланысты.

Практикадан мысал

Мұнай өнімдерін автоматты нүктелі құю қондырғысы (АНҚҚ)

Шымкент мұнай өңдеу зауытында («ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС) «ШМӨЗ жаңғырту және қайта құю жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстанда бірінші рет мұнай өнімдерін автоматты нүктелі құю қондырғысы (АН өндіріске енгізілді, бұл экологиялық талаптар есебінен жобаланған және салынған. Қондырғының технологиялық/телескопиялық жабдықтар арқылы әрқайсысының 730 м3/сағат өнімділігімен вагон-цистерналарға екі жеке нүкте бойы мұнай өнімдерін герметикалық құюды қамтамасыз етеді, ал бұл атмосфераға бөлінетін көмірсутегі буы шығарындыларының алдын алады.

Сондай-ақ жаңғырту шеңберінде технологиялық газдарды қауіпсіз жоюды қамтамасыз ететін газ жалындап жанатын қондырғы, дизель отынын және күкірт өндірісін гидро тазалаудың жаңа қондырғылары пайдалануға енгізілген. Жалпы зауыттық объектілерде іске қосу баптау және жоғары октанды бензинді алуға мүмкіндік беретін нафтаны изомеризациялау қондырғысын орнату жұмыстары жүргізіледі. Атмосфералық ауаға бөлінетін шығарындылар 1089,62 тн/г қысқарды.

Қазіргі кезде компанияның басқа МӨЗ-да осыған ұқсас АНҚҚ құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа резервуар парктерде және ағызу-құю парктерінде атмосфераға бөлінетін көмірсутегі шығарындыларын азайту үшін МӨЗ резервуарлардың бензин паркі понтондармен және азотты жастықтармен, ал шикізат паркі – қалқымалы қақпақпен жабдықталған. Барлық резервуарлар шағылыстырғыш дискілермен жабдықталған. Көмірсутегі шығарындыларын тұтып қалу тиімділігі 95-99%-ды құрайды.

Ілеспе мұнай газын кәдеге жарату

Газды кәдеге жаратау деңгейі 2017 жылы 85 %-ды құрады (2016 жылы 86 %). Көптеген кенорындарда газ өңдеу зауыттарында мұнай газын өңдеу арқылы ілеспелі мұнай газын толық кәдеге жарату, газ электр станцияларында электр энергиясын өндіру және меншікті кәсіпшіліктердің технологиялық қажеттіліктері үшін ІМГ пайдалану байқалады. Тауар газы жергілікті халыққа жеткізіледі. Бірнеше кенорындарда ІМГ тұрақты жағу әлі де жүргізіледі. Алайда ұйымдарда ІМГ дамыту және өңдеу өзекітілген бағдарламасы бар, соған сәйкес жақын жылдары ІМГ тұрақты жағу ІМГ дайындау қондырғыларын, газ-поршеньді электрстанцияларын салу арқылы түпкілікті жойылады. Жақын жылдары газды кәдеге жарату деңгейі 95 % болады деп күтілуде.

Компания ІМГ қабатқа кері айдау жүргізілмейді.

ІМГ кәдеге жарату бойынша инфрақұрылымдарды және қазіргі заманғы қуаттарды салу өндіру активтерін толық масшабты әзірлеуге және атмосфераға парникті газ шығарындыларын маңызды азайтуға мүмкіндік береді.

2016 жылы ҚМГ Компаниялары тобы бойынша мұнай баламасындағы көмірсутегі шикізатын өндірудің жалпы көлеміне жағылған газға қатысты орташа көрсеткіш КСШ өндірудің мың тоннасына шаққанда 11 тоннаны құрады, ал IOGP орташа көрсеткіші – 12,9.

2017 жылғы 1 тоқсанда компанияда 2030 жылға қарай ІМГ жалындатып жағуды тоқтату жөніндегі Дүниежүзілік банктің жаһандық бастамалары шеңберінде 2016 жылы ішінде ІМГ жағудың жалпы көлемі бойынша алғашқы есептілік тапсырылды.

Практикадан мысал

Ілеспелі мұнай газын дайындау қондырғысын енгізу

2017 жылы Прорвинский тобы кенорындарында жылына қуаты-150 млн м3 болатын ілеспелі мұнай газын дайындау қондырғысы іске қосылды. Қондырғы ІМГ кәдеге жаратуға арналған. Қондырғыға қолданылатын Merichem фирмасының – LO-CAT- газ өңдеу технологиясы экология жағынан қауіпсіз және күкіртсутегін жоюдың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Газды дайындаудың барлық процесі толықтай автоматтандырылған және апатты оқиғаларға қарсы қорғаудың бірнеше деңгейлерін қарастырады. Қондырғыда жыл сайын тауарлық газ, тұрақты  газ конденсаты – 4,1 мың тонна және түйіршіктелген күкірт – 2,7 мың тонна өндіріледі.

ҚМГ-дағы ілеспелі мұнай газды өндіру және жағу, млн м3