Қалдықтарды басқару

Тұтыну мен өндірудің рационалды модельдерін қамтамасыз ету.

Компаниялар тобында қалдықтарды басқару маңызды экологиялық аспектілердің бірі болып табылады. Себебі көмірсутегі шикізаттарын өндірумен өңдеу индустриясы әртүрлі қалдық түрлерінің жоғары түзілуімен, соның ішінде қауіпті қалдықтардың маңызды көлемдерімен ерекшеленеді. ҚМГ осындай немесе басқа қалдық түрлерінің түзілуіне әкелетін процестерді, кәдеге жарату тәсілдері мен көлемдерін және жылжыту жолдарын қадағалап отырады.

Топтағы компаниялар қалдықтарға қатысты заңнама талаптарына сәйкес келуге ұмытылады. Осы мақсатта Топтағы компанияларда Қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламалар әзірленеді және іске асырылады. Қалдықтардың түзіліуімен және өндірістік объектілерде жердің ластануына байланысты проблемаларды шешу үшін елеулі ақша қаражаты бөлінеді. Кейбір компаниялар ерікті түрде тарихи қалдықтардың және ластанған жерлердің маңызды көлемін қайта өңдеуді орындайды. Соңғы жылдары ҚМГ-да барлық келісімшарттық аумақта түзілген қалдықтарды, сондай-ақ мердігерлік компаниялар бойынша түзілген барлық қалдықтарды есепке алу жүргізіледі. ҚМГ өзінің мердігерлік ұйымдарын олардың қызметінің қалдықтарды қауіпсіз тасымалдау, орналастыру және кәдеге жарату бойынша талаптарға сәйкестігін бақылайды. Біз өндірістік объектілерімізге енгізу үшін қалдықтарды басқару саласындағы жаңа тәсілдер мен технологияларды тұрақты түрде зерттейміз.

Қолдану түрлері бойынша қауіпті қалдықтардың 2017 жылы ішіндегі көлемі, мың тонна

Бағыттар бойынша қалдықтардың түзілу динамикасы, мың тонна

* Сервис бағыты бойынша қалдықтардың түзілу көлемінің күрт азаюы көрсетілген жылы ішінде Oil Services Company ЖШС қызметінің нәтижесінде түзілген қалдықтар ММГ АҚ келісімшарттық аумағында түзілген қалдықтар ретінде ескерілуімен байланысты атап көрсетіледі. Себебі Oil Services Company ЖШС тек ММГ үшін ғана бұрғылау жұмыстарын жүргізеді.

2017 жылы түзілген қалдықтардың көлемі – 336,3 мың тонна (2016 жылмен салыстырғанда 10,2 %-ға жоғары), осы қалдықтардың ішінен «қауіпті» деп жіктелетін қалдықтар – 323,58 мың тонна, ал «қауіпсіз емес» қалдықтар – 12,7 мың тонна. Қауіпті қалдықтардың үлкен бөлігі – 57,4 %-ды бұрғылау қалдықтары (бұрғылау шламы және пайдаланылған бұрғылау ерітінділері) құрайды.

Барлық түзілген қалдықтардың 80 %-ы шарт бойынша арнайы компаниялармен өңдеуге тапсырылады. Қалдықтарды арнайы қолданудың басқа тәсілдері: қайталап пайдалану, қалпына келтіру, жағу және полигонда орналастыру болып табылады.

Бұрғылау қалдықтарының түзілуі

2017 жылы ҚМГ өндіруші компаниялары 185,829 мың тонна бұрғылау қалдықтарын (2016 жылғымен салыстырғанда 22,8 %-ға артық) шығарды, оның ішінде: 50,49 мың тонна – пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі; 135,339 мың тонна – бұрғылау шламы. 22017 жылы бұрғылау қалдықтарының көлемінің ұлғаюы өткен жылмен салыстырғанда бұрғыланған ұңғымалар санының ұлғаюымен байланысты. ҚМГ тобының өндіруші компанияларының барлық бұрғылау қалдықтары мамандырылған ұйымдарға кәдеге жарату үшін тапсырылады. Осы компаниялармен қалдықтардың бұдан әрі қарай кәдеге жарату әдістері: қалдықтарды инерттеу, термиялық әдіс, химиялық әдіс, биологиялық ремидиация және арнайы полигондарда көму.

ҚМГ өндіруші компаниялары көрсетілген периметрден сулы емес бұрғылау ерітіндісін пайдалана отырып, бұрғылау жұмыстарын жүргізбейді (тек қана сулы негізде жүргізеді).

ҚМГ бойынша бұрғылау қалдықтарының жалпы түзілуі

Жыл

Құрлықтағы жобалар

Теңіздегі жобалар

Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі, мың тонна

Бұрғылау шламы, мың тонна

Пайдаланылған бұрғылау ерітіндісі, мың тонна

Бұрғылау шламы, мың тонна

2014

116,501

236,954

0,905

0,879

2015

83,079

200,62

1,144

1,104

2016

44,242

107,13

0

0

2017

49,499

134,279

0,991

1,06

Қауіпті қалдықтарды тасымалдау

Біз Қазақстан ішінде/шегінен тыс қауіпті қалдықтарды импорттамаймыз/экспорттамаймыз.

Қазақстан Республакасы үшін қауіпті қалдықтарды импорттауға және экспорттауға шектеулер қою ҚР Экологиялық кодексінде, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысымен бекітілген Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесінде баяндалған.

Судың сапасы және тағайындау орны бойынша лақтырындысы

2017 жылы ҚМГ компаниялары тобы бойынша сутартудың жалпы көлемі – 9 млн м3, албұл 2016 жылғы мен салыстырғанда 2 %-ға артық.

Бағыттар бойынша су тарту көлемі, мың м3.

 

2014

2015

2016

2017

Өндіру

916

783

773

1131

Тасымалдау

1 190

1 016

1 220

1 390

Өңдеу

5 988

6 207

6 795

6 477

 ҚМГ кәсіпорындарының ағынды суларының негізгі қабылдағышы (және ақырғы пункті) әртүрлі арнайы қабылдағыштар: жинағыш тоғандар, буға айналу алаңы мен сүзгіден өткізу алаңы болып табылады. Аталған объектілер ағынды суларды табиғи тазартуға және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге арналған техникалық құрылыстар болып табылады. Кәсіпорындардың барлық ағынды сулары жинағыштарға келіп түскенге дейін механикалық және биологиялық тазартудан өтеді. Меншікті су жинағыштары бар кәсіпорындар ағынды суларды мамандандырылған компанияларға тазарту және кәдеге жарату үшін тапсырады.

Қабылдаушы объектілердің типтері бойынша ҚМГ компаниялары тобының суды тартуы, мың м3

Басқа компанияларда кәсіпорындарының ағынды суларын пайдалану туралы ақпарат кездеспейді. Компаниялар топтарының ішінде бір компанияның ағынды суларын басқа компаниялардың тазарту имараттарына тапсыратын орынболады. Мысалы, ҚазГӨЗ өзінің ағынды суларын кәдеге жарату үшін ӨМГ-ге тапсырады.

ҚМГ компаниялары тобында жоспардан тыс тастылымдар болмайды. Төгілетін сулардың барлық көлемімен сапасын ормалауға жатады.

Су тасталымдары және ағынды сулармен толтырылатын су қоймалары

ҚМГ тобындағы компаниялар табиғи су объектілеріне ағынды сулардың тасталымын жүзеге асырмайды. Кәсіпорындардан барлық ағынды сулары тиісті тазартудан кейін арнайы объектілерде (жинақтағыштар, су буланатын тоғандар, сүзгілеу алаңдары) жүргізіледі.Ағынды сулардың лақтырындысы үшін үстіңгі беттік су объектілерін пайдалануға ҚР Су Кодексінің 89-бабымен тыйымсалынған.

ҚМГ тобындағы теңізде қызметін жүргізетін компаниялар «нөлдік лақтырынды» – барлық қалдықтармен ағынды сулар кәдеге жаратуға арналған жағалауларға тасымалданады. Ағынды сулардың лақтырындысына Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағы шегінде ҚР Экологиялық кодексінің 262-бабымен тыйым салынған.

Қабат суларының көлемі және кәдеге жарату

2017 жылы ҚМГ өндіруші компаниялары мұнай өңдеу процесінде 124,416 млн м3 ілеспелі-қабат суларын үстіңгі беткет артып шығарған (2016 жылы мен салыстырғанда 1,2 млн м3 артық, 2015 жылғымен салыстырғанда 2,4 млн м3 артық). Осы сулардың үлкен бөлігі (123,328 млн м3 немесе 99 %) қабат қысымын ұстап тұру үшін қабатқа кері айдалған. Ілеспелі-қабатты суды кері айдау бір уақытта кәдеге жарату тәсілі және мұнайды беруді қарқындатудың тиімді әдісі болып табылады.Ілеспелі-қабатты судың қалған 1 %-ы жұтатын сорылатын ұңғымаларға айдалады (себебі ілеспелі мұнайды өндіретін кенорындарда қабат қысымын ұстап тұру талап етілмейді). Үстіңгі бетте мұнайды өндіру процесінде су-мұнайлы эмульсия тартып шығарылады, соның салдарынан гравитациялық әдіспен сумен мұнайға бөлінеді. Осылайша тұндырылған су қосымша өңдеулерсіз бірден қабатқа айдауға жіберіледі.

Қабаттағы қысымды ұстап тұру үшін ілеспелі-қабаттағы суды айдау көмірсутегі шикізатын игеру кезінде ҚР Су кодексінің 66-бабына сәйкес арнайы суды пайдалану объктісі болып табылады.

Өндірілетін ілспелі-қабаттағы судың жалпы көлемі, мың м3

2015

2016

2017

121 933

123 172

124 416

Отынның құрамындағы бензол, қорғасын және күкірт

ҚР индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдейтін зауытында қазақстандық МӨЗ шығаратын жаңа отын К4, К5 класты бензинді шығаруға мүмкіндік беретін жаңғырту және жаңарту жобалары іске асырылады. Бұл жақсартылған экологиялық қасиеттерге ие бензин түрі Қазақстанның барлық өңіріне жеткізіледі және тұтынушылар жоғары бағалап жатыр. МӨЗ шығарылатын өнімдер ТС013/2011 «Автомобильді және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің ТР талаптарына сай келеді.

Гидротазрату процесі технологиялық процестің ажырамас бір бөлігі болып табылады, ал бұл S/N/O/тиімсіз компоненттерді, металл құрамындағы қосылыстарды және т.б. азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісте қазіріг заманғы технологияларды пайдалану күкірт пен бензол деңгейінің азаюын, К4/К5 экологиялық класс талаптарына сәйкестігін қамтамасызетеді. Металл құрамындағы қосындылар пайдаланылмайды (техникалық регламентпен тыйым салынған (ТР ТС 013/2011).

Тиісті сападағы отынмен қамтамасыз ету үшін мұнай өнімдерін жеткізудің барлық тізбегі бойынша: зауыттан мұнай базаларына және АЭС дейін үздіксіз бақылау жүзеге асырылады.

АВТОБЕНЗИНДЕР

Автобензиндер химиялық бейтарапты болуы және коррозия тудырмауы тиіс. Бензиндердің және олардың жану өнімдерінің коррозиялық белсенділігі жалпы және меркаптанды күкірт құрамына,суда еритін сілтілер мен қышқылдардың құрамына және судың болуына байланысты болады.

Бензиндердің экологиялық көрсеткіштері арасында олардың құрамындағы қорғасын қосылысының болуы аса маңызды болып табылады. Осыған байланысты «ПМХЗ» ЖШС этилді сұйықтықты қолданудан толықтай бас тартты. Автобензиндерде улылығы жоғары қосылыстар мүлдем болмайды.

ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ

Дизель отыны құрамындағы күкіртті, азотты, қышқылды қосылыстарды жәнеметалл органикалық қосылыстарды азайту мақсатында гидротазарту процесінен өткен дизель отыны бар мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысынан бастап түзу ағынды компонентті араластырудың негізгі жолменжүргізіледі.

Битумдар

«CASPIBITUM» БК» ЖШС (бұданәрі – CASPIBITUM) битум зауыты Қазақстан Республикасының жолдарын салу кезінде сапалы жол битумына деген қажеттіліктерді жабуға арналған Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес салынған. CASPIBITUM 2009 жылы құрылған. CASPIBITUM – Қаражанбастың ауыр мұнайынан алынған жол битумдарын өндіретін зауыт.

Тұтқырлы жол битумдары жол салу және жолға төсеу кезінде тұтқырлы материал ретінде қолданылады.

Битум зауытының өнімдері:

ҚР СТ 1373-2013 МҰНАЙЛЫ ТҰТҚЫР БИТУМДАР сәйкес келетін жол битумдары. Техникалық шарттары. Жобалық өнімділігі- жылына 400 мың тоннаға дейін. Қолданылатын шикізаттағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі 740 Бк/кг-тан аспауы тиіс, аталған көрсеткіш мерзім сайын «ҰСО» ШЖҚ РММ» (Ұлттық сараптама орталығы) зертханасында жүргізіледі, мұнайдағы меншікті тиімді белсенділіктің орташа нақты құрамы – 204 Бк/кг-дан аспайды.

ҚР СТ 2534-2014 МҰНАЙЛЫ ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН ЖОЛ БИТУМДАРЫ сәйкес келетін түрлендірілген жол битумдары. Техникалық шарттары. Жобалық өнімділігі – жылына 120 мың тоннаға дейін.

Жобаға сәйкес технологиялық бөлігінде жеке инновациялық шешімдерді қолданумен жол битумын алудың классикалық технологиясы қолданылған:

  • үрлендірілген жол битумдарын алу – жылына 120 мың тоннаға дейін шикізатты жүктеу бойынша жобалық өнімділігі бар жинақты қондырғы. Шикізат ретінде гудронды пайдалану қарастырылған, оның модификаторы SBS полимерлік модификатор болып табылады. Модификаторды және тұрақтандырғышты қажетті пропорцияда қосу қажетті маркадағы түрлендірілген жол битумдары налуға мүмкіндік береді;
  • жол битумдарын «биг-бэги» (1000 кг) қаптарға салу және ұсақ даналы ыдыстарға (40 кг) салу және бөлшектеп өлшеу технологиясы битумды өндіруге және жеткізуге арналған арнайы теміржол цистерналарын қолданбай-ақ тұтынушыларға жыл бойы жеткізуге мүмкіндік береді.

Автомобильді АИ-80-К2 бензині

ТУ 38.001165-2014

Көрсеткіштің атауы

Әдіске арналған НД

Норма

ТР ТС 013/2011

ТУ 38.001165-2014

Қорғасынның массалық

концентрациясы, мг/ дм3, артық емес

МЕМСТ Р 51942-2010

5

5

Күкірттің массалық үлесі,

мг/кг, артық емес

МЕМСТ Р51947-92

500

500

Бензолдың көлемді үлесі,%,

артық емес

МЕМСТ 29040-91

 

5

Автомобильді АИ-92-К2 бензині

ТУ 38.001165-2014

Көрсеткіштің атауы

Әдіске арналған НД

Норма

ТР ТС 013/2011

ТУ 38.001165-2014

Қорғасынның массалық концентрациясы, мг/ дм3, артық емес

МЕМСТ Р 51942-2010

5,00

5,00

Күкірттің массалық үлесі, мг/кг, артық емес

МЕМСТ Р 52660-2006(ЕН ИСО 20884:2004)

500

500

Бензолдың көлемді үлесі, %, артық емес

МЕМСТ Р ЕН 12177-2008

5

5

Автомобильді АИ-95-К2 бензині

ТУ 38.001165-2014

Көрсеткіштің атауы

Әдіске арналған НД

Норма

ТР ТС 013/2011

ТУ 38.001165-2014

Қорғасынның массалық

концентрациясы, мг/дм3, артық емес

МЕМСТ Р 51942-2010

5

5

Күкірттің массалық үлесі, мг/кг, артық емес

МЕМСТ Р 52660-2006 
(ЕН ИСО 20884:2004)

500

500

Бензолдың көлемді үлесі, %, артық емес

МЕМСТ Р ЕН 12177-2008

5

5

Автомобильді АИ-98-К2 бензині (СУПЕР-98 этилденбеген)

МЕМСТ Р 51105-97

Көрсеткіштің атауы

Әдіске арналған НД

Норма

ТР ТС 013/2011

МЕМСТ Р 51105-97

Қорғасынның массалық концентрациясы, мг/дм3, артық емес

28828-90

5

Күкірттің массалық үлесі, мг/кг, артық емес

МЕМСТ Р 52660-2006(ЕН ИСО 20884:2004)

500

500

Бензолдың көлемді үлесі, %, артық емес

МЕМСТ 29040-91

5

5

Дизель ДТ-З-К2 отыны (ДЗЭЧ-0,05-40 экологиялық таза)

ТУ 38.1011348-2003

Көрсеткіштің атауы

Әдіске арналған НД

Норма

Күкірттің массалық үлесі: %, артық емес

МЕМСТ Р 51947-2002

0,05

Күкірттің массалық үлесі: мг/кг, артық емес

 

500

Табиғи газ отыны

Табиғи газдыңнегізгі бөлігін метан(CH4) – 98 %-ғадейінқұрайды. Табиғигаздың құрамында неғұрлым ауыр көмірсутегілер – метангомологтары: этан(C2H6), пропан (C3H8), бутан (C4H10), сондай-ақ басқа көмірсутегі емес заттар: сутегі (H2), күкірт сутегі (H2S), көмірсутегі диоксиді (СО2), азот(N2), гелий (Не) болады.

Табиғи газдың түсі мен иісі болмайды. Иісі бойынша жылыстауды анықтау үшін газға қатты жағымсыз иісі бар заттардың (одоранттар) шағын мөлшері қосылады. Көбінесе одорант ретінде этилмеркаптан қолданылады.