Талаптарға сәйкестік

Біз өндірістік қызметімізді Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде жүргізуге және қоршаған ортаға зиян келтіруді болдырмау жөніндегі тиісті шараларды қабылдауға ұмтыламыз.

ҚМГ корпоративтік деңгейде өндірістік объектілерді заңнамалық талаптарға қандай да бір сәйкессіздігін анықтау және қызметті жақсарту бойынша алдын алу шараларын жүргізу бойынша мерзімдік тексеру жүргізеді. Әрбір еншілес және тәуелді ұйымдарда әртүрлі басқару деңгейіндегі өндірістік объектілердің ҚР табиғат қорғау заңнамасына сәйкестігін анықтау үшін өндірістік объектілерге тексеру жүргізу жоспары мен өндірістік бақылау жоспары болады. Сонымен қатар кейбір өндірістік объектілерде қызметті жақсарту бойынша ұсыныстарды анықтау үшін 5 жыл мерзімділік пен ерікті экологиялық аудит жүргізіледі.

Компания өндірістік объектілерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасына сәйкессіздіктерді анықтау бойынша, заңнама талаптарына қандай да бір сәйкессіздікті болдырмау жөніндегі іс-шаралар жүргізу үшін проблемалық мәселелерді анық тау және тәуекелерді басқару бойынша жұмыстарды жалғастырады. 2016–2017 жылдардың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда экологиялық заңнаманың бұзушылықтарына жол бермеу үшін нақты төленген айыппұлдарды азайту үрдісі байқалады.

2017 жылы әкімшілік айыппұлды, шығындарды өтеу және нормативтен жоғары төлемдерді қоса алғанда, төленген айыппұлдардың жалпы сомасы 245 млн теңге (2016 жылы 1 170 млн теңге, 2015 жылы 1 764 млн теңге) құрайды.

Негізгі сипатты бұзушылықтар: қоршаған ортаға эмиссияларғаарналған рұқсатты уақтылы алмау, табиғатты қорғау жағдайларын орындамау, қоршаған ортадағы нормативтен артық эмиссиялар, қалдықтарды басқару бойынша жоспарларды орындамау болып табылады.

Қаржылық емес санкцияларды қолдану оқиғаларының саны 2017 жылы 2 дана деп тіркелген (2016 жылы 6 дана).

2017 жылы дауларды шешу тетіктерін пайдалана отырып 2 істі атап өтеміз. Оның біреуі бойынша эмиссияларға арналған рұқсатты уақтылы алмағаны үшін 2016 жылы заңнамаға сәйкессіздігі бойынша 49 млн теңге төленді. Ал екінші жағдай бойынша сотта іс қаралып жатыр. Компания бірінші инстанциядағы сотта дауды жеңіп шықты, соның нәтижесінде шағым білдірілген 953 млн теңге мөлшері төленбеді.

Төленген экологиялық айыппұлдар, млн. теңге

Практикадан мысал

2017 жылы мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудан әлеуметтік-экономикалық нәтиже

АМӨЗ

Зауыттың бензин және К4 пен К5 экологиялық кластарындағы ДО өндіруді бастауының арқасында канцерогенді зат болып табылатын күкірт пен бензолдың құрамы айтарлықтай азаюда. К4, К5-тің К2-ден негізгі айырмашылығы:

  • бензиндер үшін – құрамында күкірт, бензол және хош иісті көмірсутектері бар (құрамындағы күкірт 50-100 есе аз);
  • дизотын үшін – цетандық сан бойынша, құрамында күкірт пен көпциклді хош иісті көмірсутектердің массалық үлесі.

Отын класы (К5) жоғары болған сайын, соншалықты қоршаған орта үшін қауіпсіз болады.

Бұдан басқа, 2017–2021 жылдарға арналған су ресурстарын ұтымды пайдалану және үнемдеу бойынша жоспарға сәйкес АМӨЗ-де таза суды тұтынуды 500 мың м3 орташа жылдық төмендету, ағыстарды бұруды 115 мың м3 қысқарту күтілуде.

Жобаны іске асыру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына 4 000 жуық адам іске жұмылдырылды. МТӨК кейін пайдалану үшін 490 жаңа жұмыс орны құрылды.

КПА және МТӨК санитариялық-қорғаныш аймағына кіретін Перетаска кенті үйлерінің тұрғындары Атыраудың қауіпсіз аудандарға қоныс аударуда. Сонымен, 2016 жылдың аяғында З.Қабдолов көшесінің бойында орналасқан № 6, 10, 12 көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру аяқталды. Бұл жұмыс 2017–2018 жылдары жалғастырылуда.

ПМХЗ

  • Зауыт КО Кеден кодексінің талаптарына сәйкес К4 экологиялық класындағы бензидер мен ДО өндіруді бастауының арқасында канцерогендік заттар болып табылатын күкірт пен бензолдың құрамы айтарлықтай азаяды;
  • ПМХЗ-да таза суды тұтыну ағымдағы деңгейде жылына 1,1 м3 қалып отыр, ағын суды бұру 360 мың м3 қысқарту күтілуде;
  • жаңа қондырғыларды салу кезеңінде жұмыстарға 2 000 адам қатысты, пайдалану кезеңінде жергілікті мамандар үшін 161 жұмыс орны құрылды.

ПҚОП

  • Зауыт КО Кеден кодексінің талаптарына сәйкес К4, К5 экологиялық класындағы бензидер мен ДО өндіруді бастауының арқасында канцерогендік заттар болып табылатын күкірт пен бензолдың құрамы айтарлықтай азайды;
  • ПҚОП-та балғын суды тұтынуды 743,9 мың м3 қысқарту күтілуде;
  • құрылыс кезеңінде 4800 адамға дейін, пайдалану кезеңінде – 445 адам тартылды.

ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Тұрақты даму мүддесінде тұрақты даму жетістіктерінің құралдарын нығайту және жаһандық серіктестік механимздерінің жұмысын жандандыру.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қағидасына сәйкес жүзеге асырылады. Жеткізушілер сатып алуды жүргізу кезінде алдын ала біліктілік іріктеуден өтеді, соның ішінде «Қоршаған ортаны қорғау» критерийі бойынша өтеді. Акционерлерге 2017 жылы әлеуетті білікті жеткізушілерден сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер тізбесі бекітілген.

Топта жеткізушілерді экологиялық бағалау бойынша құжатталған рәсімдер жоқ. Алайда 2018 жылы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелері бойынша мердігерлерді басқару жөніндегі корпоративтік стандартты әзірлеу жоспарланып жатыр. Қазіргі кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі талаптар ҚМГ барлық Контрагенттерінің міндеттемелеріне енгізілген. Жеткізушілер шартқа қол қойған кезде ҚМГЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы менеджменті жүйесінің құжаттарымен танысқанын растайды.

Жеткізушілердің тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге әсері қоршаған ортаға әсерететін әсерлерді жалпы бағалауды құрастыру кезінде ескеріледі. Жобалар мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді,жұмыс басталаралдында барлық қажетті рұқсаттар алынады, жұмыстармен қызметтердің барлық жеткізушілерінің өндірістік операцияларды жүзеге асыру кезінде қатысуы мен әсерлері ескеріле отырып келісіледі.

Практикадан мысал

2017 жылы сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауытында «АМАН» жобасын енгізу шеңберінде кәсіпорындардың қолданыстағы объектілерінде жұмыстарды орындайтын емердігерлің және сервистік ұйымдарды еңбек қауіпсіздігі менең бектіқ орғауды балдық бағалау жүйесін енгізу жөніндегі бағдарлама іске асырыла бастады. Бағдарламаға бес мердігерлік ұйым қатысты. Бағдарламаға қатысқан компаниялардың қызметі келесі критерийлер бойынша бағаланады: еңбектіқорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасының қағидаларын сақтау,  жеке қорғаныс құралдарының болуы, инженерлік-техникалық құрамының кәсіптік деңгейі, жұмыстарды орындау сапасы мен уақтылы орындау, еңбек тәртібі, техникалық жарақтандыру.