Жұмыспен қамту

Барлығы үшін мүлтіксіз, бәрін қамтитын және тұрақты экономикалық өсуге, толық және өнімді еңбекпен қамтуға және лайықты жұмысқа ықпал ету.

4-қағидат

Еңбек: Іскерлік орталар күштеу немесе мәжбүрлі еңбектің барлық түрлерін түп-тамырымен жоюды қамтамасыз етуі тиіс.

6-қағидат

Еңбек: Іскерлік орталар еңбек және жұмыс саласындағы кемсітушіліктерді түп-тамырымен жоюды қамтамасыз етуі тиіс.

ЕСЕП БЕРУШІЛІК

Біз өзіміздің даму стратегиямыз және мүмкіндіктеріміз шеңберінде жұмыс орындарын сақтаймыз және құрамыз.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ

Біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық құжаттарда, Адам құқықтары туралы жалпыға ортақ декларацияда қарастырылған адам құқықтарын сақтаймыз және адам құқықтарын сақтауға ықпал етеміз.

Біз балалар еңбегін мүлдем қолданбаймыз және оған қатаң тыйым саламыз.

Біздің қызметкерлер – біздің басты құндылығымыз және негізгі ресурсымыз, олардың кәсіптік және қауіпсіздік деңгейінен біздің қызметіміздің нәтижелері мен инвесторлар үшінжасалатын құндылығымыз тікелей байланысты.

Біз еңбек нарығындағы кәсіптік кандидаттарды меритократия қағидатына негізделген ашық және айқын тәсілмен тартуға, қызметкерлерді оқытуға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті уәждеме мен кәсіптік дамуға арналған бағдарламалар әзірлеуге ұмтыламыз.

2017 жылы есептік мерзім соңында қызметкерлердің саны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша 90 111 адамды (2016 жылы 91 121 адам, 2015 жылы 80 131 адам, 2014 жылы 86 216 адам), аутстаффинг 3 118 адамды құрады.

Бұл ретте, персоналдың жалпы санындағы өндірістік персоналдың үлесі – 89,4%, әкімшілік-басқарушылық персоналдың үлесі – 10,6 % (2016 жылы 90 % және соған сәйкес 10 %). Компания қызметінің бағыты ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайы мен түйіндесетінін ескере отырып, ер адамдардың үлесі – 80,8 % ал әйелдердің үлесі – 19,2 % құрайды.

Қазақстан өңірлері бойынша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету,%

2015–2017 жылдар ішінде жынысы бойынша бөлінетін қызметкерлер, %

Жылы

2015

2016

2017

Еркектер

74,8

79

80,8

Әйелдер

25,2

21

19,2

Жас санаты бойынша топтағы қызметкерлердің негізгі үлесі 31 жастан 50 жасқа дейін – 58 %, бұл ретте еркектердің үлесі – 78,9 %, әйелдердің үлесі – 21,1 % құрайды. 51 жастан асып кеткен қызметкерлер саны персоналдың жалпы санынан – 24,5 % құрайды, бұл ретте еркектердің үлесі – 83,1 %, әйелдердің үлесі –16,9 %. 30 жасқа дейінгі жастардың үлесі персоналдың жалпы санынан 17,5 %-ды құрайды, бұл ретте еркектердің үлесі – 84 %, әйелдердің үлесі – 16 %.

Жас санаты бойынша қызметкерлер, %

Жылы

2015

2016

2017

30 жасқа дейін

23

17,5

31 жастан 50 жасқа дейін

54

58

50 жастан жоғары

23

24,5

2017 жылы жұмысқа жалданған қызметкерлер саны 8 050 адамды құрайды немесе 9,4 %.

2015–2017 жылдар ішінде қайтадан жұмысқа жалданған қызметкерлер, %

2015

2016

2017

23,9

20,7

9,4

Есептік мерзімішіндегі санаттар бойынша бөлінетін қызметкерлер,%

Есепті кезеңде жас санаты бойынша бөлінетін қызметкерлер,%

Жас санаты бойынша қызметкерлер, %

Есепті кезеңде жас санаты бойынша қайтадан қабылданған қызметкерлер,%

Есепті кезеңде жынысы бойынша бөлуде қайтадан қабылданған қызметкерлер,%

Есепті кезеңде олармен еңбек қатынастары тоқтатылған қызметкерлердің саны 12 мыңнан астам адамды құрайды. ҚМГ компаниялары тобы бойынша кадрлардың тұрақтамау коэффициенті орташа алғанда 14 %-ды құрайды (2016 жылы 13,8 %, 2015 жылы 11,1 %).

ҚМГ қызметкерлерге кепілдікті әлеуметтік пакетті ұсынады, оған әртүрлі әлеуметтік жәрдемақы мен өтемақы түрлері енгізіледі: еңбек демалысы кезіндегі сауықтыруға арналған материалдық көмек, жүктілігі мен босануына байланысты төлемдер, 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болатын қызметкерлерге ай сайынғы төлемдер, еңбек шарты бұзылған кезде еңбек қабілетін жалпы жоғалтумен, мүгедектік алумен байланысты басқа жұмысқа ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда өтемақылар, қызметкердің қайтыс болуына байланысты жерлеуді ұйымдастыруға біржолғы төлемдер, өндірістегі жазатайым оқиғалар нәтижесінде қайтыс болған қызметкердің отбасына бір жолғы төлемдер.

Компания сондай-ақ Қазақстанның балалар сауықтыру лагерьлеріне қызметкерлердің балаларының демалысын ұйымдастыру және ауырған жағдайда ерікті медициналық сауықтыруға арналған әлеуметтік кепілдіктерін ұсынады.

Бұдан басқа қызметкерлерге әлеуметтік қолдаудың тарихи қалыптасқан түрлері ұсынылады. Әлеуметтік көмектің аталған түрлері ұжымдық шарттарда бекітілген немесе кәсіпорынныңішкі құжаттарымен қарастырылған. Осындай төлемдерге зейнеткер жасына жетумен байланысты, неке құруымен байланысты, некеге тұрған кездегі қысқа мерзімді демалысқа байланысты, баланың тууына байланысты, еңбекақысының сақталуымен туысының қайтыс болуына байланысты төлемдер, егер емделуге жұмсалған шығындар сақтандыру бағдарламасында белгіленген лимиттен асып кеткен жағдайда мүгедек қызметкерлерге, қызметкердің мүгедек балаларына емделуге және медициналық операцияларға төлеуге және т.б. байланысты төлемдер жатқызылады.

Ұлттық заңнамаларға сәйкес азаматтардың зейнетақы қорлары Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорында болады. Зейнетақы қорлары минимум зейнетақы мөлшерлемесі,жеке зейнетақы қорынан (еңбекақыдан 10 % ай сайынғы төлем) және қосымша өңірлік үстемеақылардан тұрады.

Топта қосымша ретінде жұмыс істемейтін зейнеткерлер үшін зейнет бағдарламасы іске асырылады, соған сәйкес қызметкерлер зейнет жасынан шыққаннан кейін белгілі бір материалдық қолдауға ие болады.

Топтың кейбір мұнай-сервис ұйымдарында зейнеткерлік жасы алдындағы қызметкерлерге тараптардың келісімі бойынша еңбек қатынастарын бұзу кезінде төлемақы төлеумен зейнетке ерте шығу мүмкіндіктерін, ал зейнет жасына жеткен қызметкерлерге – еңбек қатынастарын бұзу кезінде төлемақы төлеуді ұсыну жөніндегі жоба іске асырылады.

2017 жылы ҚМГ компаниялары тобының қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға арналған шығындар, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге әлеуметтік көмекті қоса алғанда, 18 859 161 мың теңге ($55 млн) құрады.

Есептік мерзімнің соңын дабала күтімі бойынша еңбек ақыны төлеу сақталмаған демалыста болған қызметкерлердің саны 1697 адамды құрады, бұл ретте әйелдердің үлесі – 98,3 %, еркектердің үлесі – 1,7 % құрады. Жүктілігі мен босануына байланысты демалыста болатын әйелдер саны – 800 адам.

Компания еңбек шарттарын өзгерткен жағдайда қызметкерді он бес күннен бұрын кешіктірмей жазбаша хабардар етеді. Компания қызметінде маңызды өзгерістерге қатысты хабарлаудың минимум кезеңі 4 аптаны құрайды.

ҚМГ компаниялары тобының қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, млрд теңге

Есептік мерзім ішінде және жылдар бойынша ана болу/ әке болу бойынша демалыстағы қызметкерлер

Есептік мерзім ішінде бойынша ана болу/әке болу бойынша демалыстағы қызметкерлер, %