Адам құқығы

Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Еліміздің ішінде және сыртында теңсіздік деңгейін азайту.

1-қағидат

Адам құқықтары: Іскерлік орталар халықаралық түрле танылған адам құқықтарын қолдауы және қорғауы тиіс.

2-қағидат

Адам құқықтары: Іскерлік орталарадам құқықтарын бұзуға сыбайлас қатысушы болып табылмайтындығын куәландыруы тиіс.

Біз адамның негізін қалаушы құқықтарын қатаң сақтаймыз. Біз әрқайсысымызға тең құқықтар берудің анық маңыздылығын мойындаймыз.

Біз балалар еңбегін пайдаланбаймыз, мәжбүрлі еңбекті қолданбаймыз, барлық қызметкерлердің нәсіліне, діні мен жынысына қарамастан олардың тең құқығын мойындаймыз.

Компания Қазақстан Респбликасының еңбек заңнамасының талаптарын қатаң орындайды және шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайлардың дәлелдері бойынша, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері, жасы немесе дене кемшіліктері бойынша, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге тиесілігі бойынша еңбек құқықтарын іске асыру кезінде қандай да бір кемсітушілікке ұшырамайтындай сәйкестікте еңбек заңнамасының нормаларын бұзбайды. Есептік кезеңде бірде-бір кемсітушілік фактілері анықталған жоқ.

Кез келген қызметкер еңбек заңнамасына сәйкес өзінің өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға құқылы.

Компанияның әрбір қызметкері еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен еркігндіктерін іске асыруда тең мүмкіндіктерге ие бола алаады. Бұдан басқа, компания ұжымдық шартты жасасу, өзгерту, толықтыру бойынша қызметкерлермен келіссөздерге белсене қатыса алады, келіссөздер жүргізу мерзімін қатаң сақтайды және тиісті бірлескен комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді, келіссөздер жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады, ұжымдық шарт ережелерінің шарттарын қатаң орындайды.

Қызмет түрлері бойынша немесе аумақтық белгілер бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізуге және қауымдастық еркіндігіне арналған құқықтарға қандай да бір шектеулер компания қызметінде қарастырылмаған. Біз әлеуметтік жауапты компания ретінде осы құқықты толықтай қолдаймыз және қызметкерлердің бірлестіктегі еркіндік құқығын іске асыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз.

58 838 адам – 2017 жылы ұжымдық шарттармен қамтылған Топтағы қызметкерлер саны (54 197 – 2015 ж., 58 658 – 2016 ж.)

Компанияның кәсіподақ ұйымдарымен өзара әрекеттесуі салалық және өңірлік деңгейлердегі еңбек заңнамасымен белгіленген әлеуметтік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылады. Өзара әрекеттесудің негізгі параметрлерінің салалық деңгейінде (әлеуметтік кепілдіктер, еңбек ұйымының мәселелері, еңбекті төлеу қағидаттары, жұмыспен қамту, гендерлік және жастар саясаты, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек қақтығыстарын болдырмау мен шешу және т.б.) ҚР 2017–2019 жылдарға арналған мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағысалалық келісімде белгіленді.

Өңірлік деңгейде әлеуметтік серіктестік бойынша облыстық комиссия жұмыс істейді, соның шеңберінде еңбекті қорғау және жұмыспен қамту бойынша өңірлік мәселелермен қатар нақты ұжымдық еңбек дауларын қарастырады.

3-қағидат

Еңбек: Іскерлік орталар қауымдастық еркіндігін және ұжымдық келіссөздерге арналған құқықтарды тиімді тануды қамтамасыз етуі тиіс.

5-қағидат

Еңбек: Іскерлік орталар балалар еңбегіне тыйым салуы тиіс.

6-қағидат

Еңбек: Іскерлік орталар еңбек және жұмыс саласындағы кемсітушіліктерді түп-тамырымен жоюды қамтамасыз етуі тиіс.

Практикадан мысал

Маңғыстау облысы әкімдігінің жанынан әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы болып өтті, онда облыстық кәсіподақ орталығының ҚМГ мұнай-сервис компанияларында өтемақы төлеп, тараптардың келісімі бойынша қызметкерлермен еңбек шарттарын мерзімінен бұрын бұзу жөніндегі Ұзақ мерзімді бағдарламаны іске асыруды тоқтату туралы өтініші қаралды.

Қарау қорытындылары бойынша комиссия еңбек шарттарын ерікті бұзуды және еңбек заңнамасының бұзылмауын ескере отырып, осы Бағдарламаны  одан әрі іске асыруды мақұлдады. 

Топтың еншілес компанияларындағы әлеуметтік жағдайға мониторинг жүргізу мақсатында туындаған жағдайға уақытында ден қоюға, олардың туындау себептерін анықтауға, жауаптыларды бекітуге және проблемаларды жою бойынша тиісті шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін «Әлеуметтік ахуал мониторингіне» (ӘАМ)  арналған құралдар әзірленді. 2017 жылы ӘАМ 13 ЕТҰ-да енгізілді.

Практикадан мысал

Әлеуметтік тұрақтылық рейтингісі

«Самұрық-Қазына» АҚ әлеуметтік серіктестік орталығы жүргізген Әлеуметтік тұрақтылық рейтингісінің (ӘТР) зерттеулеріне сәйкес ҚМГ ӘТР 2013 жылдан бастап 2017 жылдар аралығында 61 проценттен 76 процентке дейін өсті және «орташа деңгейден жоғары деңгейге ауысты.

ӘТР зерттеуінің нәтижелері бойынша ҚМГ-да және кейбір ЕТҰ-да анықталған барлық қауіпті аймақтар бойынша  Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді және жандандырылады.

ҚМГ-нің 2016–2018 жылдарға арналған әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін компаниялар қызметінің әртүрлі салаларын қамтиды.