Персоналды дамыту

Барлық адамдарды өмір бойы жан-жақты қамтитын және әділ де сапалы біліммен қамтамасыз ету және оқыту мүмкіндігін көтермелеу.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ

Біз еңбек нарығына кәсіби кандидаттарды ашық әрі айқын негізде тартып отырмыз және өз қызметкерлерімізді меритократия қағидаты негізінде дамытудамыз.

Біз қызметкерлерді ынталандыру мен дамытудың тиімді жүйесін құрамыз.

Корпоративтік мәдениетті дамытамыз.

ҚМГ қатысатын өңірлерде адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін ҚМГ жыл сайынғы негізде персоналды оқыту және дамытуды қамтамасыз етеді және ҚМГ комапниялары тобының қызметкерлерін оқыту және дамытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін енгізеді.

Персоналды оқыту және дамыту, қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру және қолдау процесін жақсарту, сондай-ақ бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында 2016 жылдан бастап ҚМГ компаниялары тобында «70/20/10 – жұмыс орнында оқыту/ішкі оқыту/сыртқы оқыту» персоналды оқыту мен дамытудың жаңа тұжырымдамасы іске асырылуда. 2017 жылы оқытудың жаңа моделін енгізу шеңберінде ҚМГ компаниялары тобы бойынша ішкі жаттықтырушылар институтын енгізу жұмысы жалғастырылды. Мәселен, ішкі тренерлермен 24 семинар өткізіліп, оған 650 астам адам қатысты.

Бұдан басқа, 2017 жылы озық тәжірибені алмасу және зерттеу, кәсіби білім мен дағдыларды алу мақсатында ҚМГ компанияларының тобы бойынша «Табыс формуласы» тағылымдамасын ұйымдастыру бағдарламасының тұжырымдамасы әзірленді, оның шеңберінде 2017 жылы ҚМГ ЕТҰ 8 компаниясының ішінен 6 компаниясындағы 39 қызметкер тағылымдамадан өтті. Бұл ретте 2017 жылы ҚМГ компаниялары тобының қызметкерлері үшін тағылымдаманы ұйымдастыру саласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

2017 жылы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» ЖШС, ТДБ ҒЗИ ЖШС, «Profeshional Geo Solutions» ЖШС, «Қазақойл-Ақтөбе» ЖШС компанияларымен 2018 жылы тағылымдамаға қызметкерлерді жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан басқа, 2017 жылы ҚМГ Кадр комитетінің шешімімен ҚМГ мен ЕТҰ корпоративтік орталығының топ-менеджерлеріне (СЕО-1, СЕО-2) арналған «Бірыңғай дамыту бағдарламасы», сондай-ақ директорлар мен олардың орынбасарлары және Бірыңғай кадр резервінің қатысушылары үшін «Тиімді басшы» дамыту бағдарламалары бекітілді.

Көрсетілген жобалармен қатар ҚМГ оқытылған қызметкерлерінің санын жыл сайын белсенді түрде арттыруда. Мәселен, 2017 жылы ҚМГ жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге 120 мыңнан астам адам оқытылды, ол алдыңғы жылдың көрсеткіштерінен 15 %-ға жоғары. Оқығандар санының және шығыстардың ұлғаюы жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды іске қосумен және іске асырумен байланысты. Бұдан басқа, 2017 жылы жиынтық есепті шоғырландыру периметріне KMG International NV, «Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ сияқты осындай ҚМГ ЕТҰ енгізілгенін, 2016 жыл ішіндегі есепте олардың ҚР шекарасынан тыс жерлерде болуына байланысты ескерілмегенін атап өткен жөн. Биыл жинаққа акцияларының 50 % және одан көп пайызы ҚМГ-ге тиесілі компаниялар енгізілді.

Оқудан қызметкерлердің ішінде 14 %-ын әйелдер, 86 % – ерлер құрайды. Бұл ретте, білім алғандардың 15 %-ы – әкімшілік-басқарушылық персонал, 85 %-ы – өндірістік персонал.

Жылдар бойынша білім алған қызметкерлердің жалпы саны, мың адам

Қызметкерлердің санаттары бойынша білім алғандардың жалпы саны, %

Персоналды дамытуға арналған шығындар, млрд теңге

Қызметкерлердің санаттарын бойынша бір оқып-үйретілетін қызметкерге академиялық сағаттардың орташа жылдық саны,%

Жынысы бойынша бөліп, оқудан өткен қызметкерлердің саны, %

Жылдар

2015

2016

2017

Ерлер

86,5

88

86

Әйелдер

13,5

12

14

Міндетті оқудан өткен қызметкерлердің үлесі 36,7 % құрады. Бұл ретте, білім алғандардың 41,6 %-ы жұмыс мамандықтарымен оқудан өтті және 5,6 %-ы – өндіріспен байланысты оқудан өтті. Осы тақырыптар бойынша білім алуға барлық шығыстардың 50 % жұмсалды.

Оқытылған бір қызметкерге академиялық сағаттың орташа жылдық саны 16,1 сағатты, оның ішінде бір ер адамға – 15,8 сағат, әйел адамға – 18,3 сағатты (2016-да 33,6 сағат) құрайды.

Сонымен бірге қызметкерлерді оқыту және дамыту жыныс белгісіне және атқаратын лауазымына қарамастан жүзеге асырылады.

Сертификациялық бағдарламалар бойынша оқудан өткен қызметкерлердің үлесі 0,1 % құрады. ҚМГ ұзақ мерзімді дамуының басым бағыттарының бірі қазіргі заманға сай құзыреттерге ие, жаңа форматтағы басшыларды дайындау мақсатында жастар мен персективалы көшбасшыларды іздеу мен анықтауды қамтитын кадрлық резервті дайындау болып табылады.

Оның негізгі қағидаты басқару сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлерге ҚМГ компаниялары тобында даму және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер беру мақсатында басшы кадрларды мақсатқа сай және жүйелі дайындау болып табылады.

2017 жылы резервшілер үшін тренингтер үздік қазақстандық және ресейлік тренерлерді тарта отырып жүргізілді және жеке тұлғалық-іскерлік құзыреттер мен кәсіби білімдерін дамытуға бағытталды. 2017 жылы ҚМГ Кадр комитетімен бекітілген «Тиімді басшы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 28 резервші оқудан өтті. 9 тақырып бойынша аталған бағдарлама бойынша барлығы 54 резервте тұрған адамды оқыту жоспарланып отыр.

Резервшілер үшін арнайы тренингтік бағдарламалардан басқа ЕМВА қос дипломдық бағдарламасы әзірленді және жүргізілуде. 2017 жылы ЕМВА бағдарламасына сәйкес 6 резервші оқуды сәтті аяқтады, 9-ы ҚБТУ-РГУ бағдарламасы бойынша және 18 резервші ҚБТУ-УГНТУ бағдарламасы бойынша оқуын жалғастыруда.

Тағылымдамалар бағдарламасын іске асыру шеңберінде 7 резервші General Electric және Ресеймұнай сияқты компанияларда, сондай-ақ Еуропаның мұнайлы астанасының Абердина университетінде тағылымдамадан өтті.

Мұнай-газ саласы үшін жас білікті кадрларды даярлау және келген өңірлерінде адами капиталды дамытуға ҚМГ ұмтылуы мақсатында дуальдік оқытуды ұйымдастыру жұмысы жүргізілуде, оның негізгі қағидаты кәсіпорында оқыту болып табылады – уақыттың 60 %, колледждегі оқыту – уақыттың 40 %.

Павлодар мұнай-химия зауытының базасында Павлодар химия-механикалық колледжі МКК небәрі 50 оқушысы оқудан өтті: төртінші курстың 32 оқушысы және үшінші курстың 18 оқушысы.

Төртінші курстың 32 оқушысының ішінен 15-і «Мұнай жен газды өңдеу технологиясы» (бұдан әрі – МГӨТ) мамандығы бойынша, 17-і – «Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» (бұдан әрі – ЖТҚЖ) мамандығы бойынша оқудан өтті. Практикадан өту қорытындылары бойынша ПХМК 27 түлегі зауытқа жұмысқа орналастырылды.

2015 жылдан бері «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарында Атырау мұнай және газ университетінің және «APEC Petrotechnic жоғары мектебінің» студенттері үшін «Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығы бойынша дуальдік оқыту пилоттық режимде ұйымдастырылды. Жоба іске қосылған кезден бастап жоғарыда көрсетілген оқу орындарының 69 студенті дуальдік оқудан өтті және қазіргі уақытта тағы 24 студент дуальдік оқудан өтеді.

Біз жас мамандарды даярлау бойынша нысаналы жұмыс жүргіземіз. Еліміздің бейінді ЖОО-лары бар (ҚБТУ, Сәтпаев атындағы ҚазҒТУ, Атырау мұнай және газ институты, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және т.б.) студенттердің практикадан өтуі туралы келісім жасалды.

Қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттырудың іске асырылатын бағдарламаларының тізбесі

  1. Жаңа қызметкерлерге арналған бейімдеу бағдарламасы
  2. Басқарушылық дағдылар
  3. Персоналды басқару
  4. Ішкі бақылау және аудит. Тәуекелдерді басқару.
  5. Басқарудың интеграцияланған жүйелері, ISO және OHSAS стандарттары
  6. Экология, ЕҚжҚТ, МҚжТЖ
  7. Қазақстандық қамту және тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу
  8. Экономика және қаржы
  9. Заңнама
  10. Корпоративтік басқару. Жобаларды басқару.
  11. Құжаттамалық қамтамасыз ету
  12. Ақпараттық технологиялар
  13. Тілдік оқыту
  14. Іскерлік дағдылар
  15. Медиация, келіссөз процесі бағдарламалары бойынша оқыту
  16. Өндіріс (БӨ, тасымалдау, газ бизнесі, қайта өңдеу және маркетинг, сервистік жобалар)
  17. Жұмысшы кәсіптерін оқыту
  18. Магистрлік бағдарламалар
  19. Тағылымдама
  20. Конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға қатысу