Персоналды бағалау

ҚМГ-де персоналды бағалау рәсімі 2004 жылдан бастап жұмыс істейді және баламалы материалдық және материалдық емес сыйақыны ынталандыруға және қызмет тиімділігін айқындауға бағытталған.

Рәсім ҚМГ әкімшілік персоналын бағалау қағидаларымен регламенттеледі және бағалаудың екі түріне негізделеді: кәсіби дамуды бағалау және қызмет нәтижелілігін бағалау.

Адами ресурстарды тиімді басқарудың танылған халықаралық практикасына сәйкес аталған рәсім есепті жыл ішінде қызметтің нәтижелілігін бағалауды ескере отырып қызметкерлердің іскерлік және көшбасшылық құзыреттерін бағалауға негізделген.

Нәтижелілікті бағалау тоқсан сайын бір жылға мақсаттар қою негізінде өткізіледі және тоқсандық сыйлықақы төлеу ретінде 1.5-тен 0 лауазымдық жалақыға дейін нақты сандық нәтижелерге ие.

Кәсіби дамуды бағалау жыл сайын жүргізілуде және материалдық емес ынталандырудың мақсатын қадағалайды – бағалау комиссиясы кадрлық резервке есепке алынуын, лауазымда жоғарылауын, ҚМГ компаниялары тобына орналастырылуын, жеке оқытуын немесе кәсіби дамуы үшін өзге де мүмкіндіктерді ұсына алады.

2017 жылы қызметкерлердің 2016 жыл ішіндегі қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша ҚМГ корпоративтік орталығы қызметкерлерінің 14 %-ы кадрлық резервке алуға, 12 %-ы – лауазымда жоғарылатуға, 32 %-ы – лауазымдық жалақыны қайта қарауға ұсыныс алды.

Барлық қызметкерлердің 77 %-ы есепті кезең ішінде нәтижелілік бағалауынан өтті.

Жынысы бойынша бөлгендегі нәтижелілікті бағалау, %

Қызметкерлердің санаттары бойынша нәтижелілікті бағалау, %