Біздің қауымдастықтар

Біз үлесімізді қатысатын өңірлерді дамытуға қосамыз және барлық мәселелер бойынша негізгі мүдделі тараптармен үнемі сұқпат жүргізуді қолдаймыз.

Компаниялардың еншілес ұйымдарының жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда өндірістік қатысатын өңірді дамытуға едәуір ақшалай қаражат бөлу көзделген. Компания жергілікті атқарушы органдарға қаражат аударады, олар жергілікті қоғамның қажеттілігіне байланысты қаражатты одан әрі бөледі. Компания осы қызметтің әрекетін бағалау жүргізуді жоспарлауда.

Біз халықпен өзара іс-қимыл жасау жөнінде жүйелі жұмс жүргізудеміз. Халықтың мұқтаж бөліктеріне әлеуметтік көмек көрсетеміз, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға үлес қосамыз.

Жергілікті қауымдастықтарға әлеуетті теріс әсері Маңғыстау облысында орналасқан мұнай-сервис компаниялары болуы мүмкін. Шығындылығына байланысты осы компаниялар санын азайту бойынша шараларды алдын ала қабылдайды, ол өңірдің еңбек нарығына теріс әсерін тигізе алады. Сонымен бірге босатылатын персоналдың басым бөлігі (70 % жуығы) өздерінің мердігерлік ұйымдарына жұмысқа орналастырылуы мүмкін.

Экологиялық мәселелер бойынша қоғаммен өзара іс-әрекет ету және жергілікті қоғамдастықпен кездесулер кез келген шаруашылық қызметтің басталуы, өндірістік объектілердің құрылысы немесе қайта құрылуы мен жаңғыртылуы алдында ОВОС жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізу арқылы жүзеге асырылады. Орхус орталығымен өзара іс-әрекет ету кезінде жергілікті қоғамдастық пен қоғамдық ұйымдармен консультациялық кездесулер өткізіледі.

ҚМГ компаниялары тобында жыл сайын 100 астам қоғамдық тыңдалым өткізіледі.

Бұған қоса ҚМГ реттеу жоспарларын әзірлеуге жергілікті қоғамдастықты тарта отырып, төтенше жағдайларға арналған реттеу жүйесін жетілдіру жөніндегі барлық мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға қолдау көрсетеді. Егер өндірістік жұмыстар Каспий теңізі акваториясында жүргізілген жағдайда жоспарларды әзірлеуге жергілікті қоғамдастықтың тікелей қатыстыру мен оларды тарту жобалық материалдарды (қоғамдық тыңдаулар) жасау кезеңінде ғана жүзеге асырылады. Облыс тұрғындарының, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың алдында тыңдалым өткізу барысында алдағы жобаның төтенше жағдайларына арналған барлық реттеу жүйесі ашылады.

Ауылдық және кенттік округтер әкімдіктерінің (Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының 21 ауданы) базасында күзетілетін аймаққа және Газ құбырынан (А,В, С нүктелері) аз ғана алшақ орналасқан аймақта дәл түсетін жер учаскелерінің жер пайдаланушылары/меншік иелерімен газ құбырын қауіпсіз пайдалану мақсатында хабарлама беріле отырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді (2015 жылы – 104 кездесу; 2016 жылы – 104 кездесу, 2017 жылы – 104 кездесу).

Газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану бойынша жергілікті атқарушы органдар, ТЖ және ІІМ органдары өкілдерінің қатысуымен халықпен брифинг және жиындар үнемі өткізіліп тұрады.

Топ БАҚ-та Топ ұйымдарының қызметі, экологиялық әсерін және халықтың денсаулығына әсері туралы қоғамдастықтың уақтылы ақпараттануын жүзеге асырып отырады. Экология және табиғатты пайдалану туралы апта сайынғы ақпар/есептер жарияланады. Жергілікті және республикалық БАҚ-та Топ кәсіпорындарының табиғатты қорғау іс-шаралары туралы баптар жарияланып тұрады.

Бұдан тыс, халықтың компанияның ресми веб-сайтына, жедел желілеріне, поштаға пікір білдіру арқылы қайта байланыс жасауға мүмкіншілігі бар. Қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіпте уәкілетті және сот органдарына өтініш жасауға құқылы.

ҚМГ компаниясының тобында өндірістік объектілердің жергілікті қоғамдастыққа айрықша теріс экологиялық әсері байқалмайды. Өндірістік объектілердің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсері эмиссиялар нормативтерінің жобаларында уәкілетті органдар бекіткенжол берілетін нормативтер шегінде. Қалдықтарды шығару, түсіру және орналастыру қоршаған ортадағы эмиссияға берілетін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылады.

Барлық өндірістік процестер қауіпсіз тәсілдермен және заңнамалық талаптарды сақтаумен орындалып жатыр.

Есепті кезең ішінде «Қазақстан – Қытай» магистралды газ құбырының «С» тармағын салу барысында жерді пайдалану мәселесі бойынша «Азиялық газ құбыры» ЖШС-да маңызды (ұзақ, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін) сот талқылауларының бірі атап көрсетілді. Жер пайдаланушы ұсынылған өтемақы сомасымен келіскен жоқ. Серіктестіктің қуыным талаптары қанағаттандырылды. Қазіргі кезде Серіктестіктен бұрын өндіріп алынған соманы қайтару бойынша атқарушылық іс жүріп жатыр.

АМӨЗ-де Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін салуға (МТӨК) байланысты зауыттың санитариялық-қорғау аймағына (СҚА) жылжымайтын мүліктің небәрі 194 объектісі түсті, солардың ішінде көшуге 188 объекті жатады (ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 237 бұйрығымен бекітілген ҚР Санитариялық қағидалары мен нормалары 5-бөлімінің 55-тармағына сәйкес):

  • Перетаска к. және Химкент аудандарындағы 133 жер учаскесі;
  • З. Қабдолов көшесінің бойындағы 3 жатақхана (55 пәтер);

Атырау МӨЗ-де МТӨК салу жобасы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға енгізілген: 2015–2019 жылдарға арналған ИИДМБ, 2015–2019 жылдарға арналған Индустрияландырудың республикалық картасы. Оның шеңберінде жоғары октанды бензин мен дизотын өндіруді, мұнайды өңдеу тереңдігін ұлғайту, К4, К5 моторлы отындарының стандарттарына қол жеткізу жоспарланып отыр. Мұның бәрі ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің жаңа заманауи технологиялық қондырғыларды салуды талап етеді.

Қазіргі кезде Атырау МӨЗ санитариялық-қорғау аймағының аумағына түсетін тұрғындарды көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру жалғастырылуда. Қоныс аудару бойынша жұмыстар 2018 жылғы 1-тоқсанда аяқталады.

Практикадан мысал

«Өзенмұнайгаз»АҚ Жаңаөзен қаласының (700 млн теңге) және Қарақия ауданының (200 млн теңге) инфрақұрылымын дамытуға әлеуметтік бағдарламалар қорына жыл сайын 900 млн теңге бөледі.  Мәселен, 2015-2017 жылдар кезеңінде жалпы алғанда 2 700 млн теңге жұмсады, оның ішінде:

  • Автомобиль жолдарын салу, кеңейту және жөндеу – 1 054 млн теңге;
  • Аулаішілік аумақтарды абаттандыру – 117 млн теңге;
  • Жаңаөзен қаласының халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жаңа жұмыс орындарының құрылуымен қамтамасыз ету – 400 млн теңге;
  • Ашық жағажай салу – 263 млн теңге;
  • Туберкулез ауруханасын реконструкциялау – 116 млн теңге;
  • Әлеуметтік жұмыс орындарын құру – 200 млн теңге;
  • Аз қамтылған қызметкерлер үшін пәтерлер сатып алу – 464 млн теңге;
  • Денсаулық сақтау және жергілікті полиция қызметі салалары үшін көлік сатып алу – 86 млн теңге.