Жұмыс орнындағы қауіпсіздік

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста бәрінің әл-ауқатына жәрдемдесу.

Қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Біз өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін және еңбегін қорғауды қамтамасыз етеміз; сауықтыру бағдарламасын жүргіземіз және қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетеміз.

Қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес ҚМГ өндірістік жетістіктерінің критикалық қозғалтқышы және стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. өндірістің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізу және оған қолдау көрсету үшін біз ҚМГ компанияларының барлық тобы бойынша өзіміздің қауіпсіздік мәденитімізді дамыту үстіндеміз. Біз регламенттер және рәсімдермен ғана шектеліп қоймаймыз, керісінше іс қызметіміздегі, мүмкіндіктеріміздегі, технологияларымыз мен қауіпсіздік бағдарламаларымыздағы тәуекелдерді басқаруға қатысты болса, бизнес жүргізу мәдениетін алмастырып отырамыз. Біз бизнес-модельден тиісті стандарттарға, ортақ стандарттарды талап ететін алдан әрекет жасайтын және біздің қадамымызбен алға басатын осындай өзгерістердің іргетасы болып табылатын барлық компаниялардың моделіне және процестері мен рәсімдеріне ауысамыз.

Мәліметтер жиналғаннан кейін бірнеше жылдар біз қызметіміздің қауіпсіздік көрсеткіштеріне ықпал ететін негізгі факторларды түсіне бастады. Ішкі рәсімдер, қызметкерлерді оқыту және құзыретіне байланысты проблемалар – негізгі факторлар, олар өндірісіміздің сенім екендігіне тікелей ықпал етеді. Жаңа мәліметтермен қарулана отырып, қазіргі сәтте біз сенімділікті қамтамасыз ету үшін мақсатты бағдарламалар жасаймыз, олар жаңғырту процесінде адами факторларды қамтитын болады.

Біздің міндетіміз – ҚМГ және мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің күн сайын үйлеріне аман-есен оралуына мүмкіндік жасаймыз. Біз негізгі мақсатымыз – жарақаттың, аварияның және қақтығыстардың толық болмауына қол жеткізу жолында әрдайым жұмыс істеуден жалықпаймыз.

Кез келген компанияның және оның мердігерлік ұйымдарының қызметі адамдар үшін әлеуетті қауіпті болып табылады және жұмысқа жарамсыздығын жоғалту немесе активтерін жоғалту, өндірістің сапалылығын төмендету, қаржылық шығындарға себеп бола алады және жалпы алғанда компанияның абыройына кір келтіруі мүмкін. Сондықтан ЕҚОҚ басқару мәселелері бұрында айтылғандай, біздің Компаниямыздың неғұрлым басым бизнес-процестерінің қатарына жатады.

Біз үздік әлемдік практикаларға сәйкес келетін белгіленген басымдықтармен және тәсілдемелермен жүруді жалғастырамыз, олар мынадай:

  • Өндірістік қызмет нәтижелеріне қатынасы бойынша адамның өмірі мен денсаулық құндылығының басымдығы;
  • ЕҚОҚ мәселелеріне барлық деңгейдегі басшыларды тарту және оқыту;
  • Қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін қызметкерлердің әрқайсысының дербес жауапкершілігі;
  • Авариялар мен оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздіктің проактивті мәдениетін құру;
  • Барлық мүдделі тараптар арасындағы тиімді коммуникация;
  • Жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету және қауіпсіз емес мінез-құлықты түп-тамырымен жою.

2017 жыл қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында айтарлықтай жақсартулар жылына және ҚМГ компаниялары тобында қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру жолдарының жалғасына айналды.

Еңбекті қорғауды басқару процесіне желілік басшыларды тарту бойынша негізгі бағдарлама 2017 жылы іске асырылған Жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықты бақылау бағдарламасы (ЖҚМБ) болды.

ЖҚМБ бағдарламасының мақсаты:

  • Жұмыс орнында қауіпсіздік мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және арттыру;
  • Жазатайым оқиға болғанға дейін қауіпті әрекеттер мен жағдайларды анықтау және жою;
  • Жұмыстарды қауіпсіз жүргізу әдістерінің орындалуын болғызбайтын кедергілерді анықтау;
  • Қызметкерлердің мінез-құлқына ықпалы және олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелеріне деген қатынасы;
  • Басшылық тарапынан еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелеріне бейілділігін көрсету;
  • Әлеуетті оқиғалардың алдын алу және өндірісте жарақатты азайту болып табылады.

Бағдарлама жергілікті жерлердегі желілік басшылар мен қызметкерлер арасындағы еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау бойынша ашық диалог жүргізу үшін жасалған. ЖҚМБ әлемдегі үздік тәжірибелердің бірі болып табылады және 2017 жылдың нәтижелеріне негізделгенде Компаниялардың топтарында қауіпсіздік мәдениеті мен жарақаттанушылықты төмендетуге тиетін әсерінің пайдасы бар. Қауіпсіздік бойынша жүргізілген мінез-құлықтық бақылаулардың сандық көрсеткіші өндірістік ЕТҰ жетекшілері үшін функционалдық ҚТК есептеген кезде ескерілді.

Қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі жұмыс уақыты жоғалтылған жазатайым жағдайлар коэффициенті (LTIR) корпоративтік ҚТК кірді және ҚМГ еншілес пен тәуелді ұйымдарына енгізілді. Жұмыс уақыты жоғалтылған жазатайым оқиғалар коэффициенті (LTIR) ЕТҰ үшін 2018 жылы ҚТК ретінде анықталды. Жетекшілер үшін функционалдық ҚТК, атап айтқанда жұмыстардың қауіпсіздігін және жүргізу қауіпсіздігін мінез-құлықтық бақылау жөніндегі кеңейтілген ҚТК енгізілуде. Сондай-ақ 2017 жылы анықталған қызметкерлердің қауіпті мінез-құлықтары негізінде әзірленген Түзетуші іс-шаралар жоспарының орындалуы ескеріледі.

2017 жылдан бастап ЕҚОҚ жөніндегі комитеттердің үш деңгейлі жүйесі бекітілді. Комитеттердің құрамына жоғары басшылық, өндірістік басшылар және ЕҚОҚ жөніндегі басшылар кірді. Комитеттер жүйесін құрудың мақсаты – пайымды айқындау, ҚТК жүйесін, ЕҚОҚ бойынша стратегиялар мен негізгі басқарушы құжаттарды бекіту. Комитеттер мынадай міндеттерді шешуге арналған:

  • ЕҚОҚ мәселелерінде жоғары басшылықтың көзқарасын ұсыну;
  • Денсаулықты және еңбекті сақтау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және белгілі бір мақсаттары мен міндеттері бар қоршаған ортаны қорғау саласында Топтың пайымын жасау;
  • ЕҚОҚ саласындағы нысаналы бағдарламаларды әзірлеуге өндірістік бірліктерді басшылыққа алынуын тартуды қамтамасыз ету және бесжылдық жоспарды орындау үшін қажетті ресурстарды беру;
  • ЕҚОҚ саласындағы қауіп-қатерлер мен мүмкіндіктер бойынша консультациялар беру.

Жетістіктер

ҚМГ компанияларының барлық қызметкерлерінің жалпы еңбегі соңғы үш жылда болған оқыс жағдайлар мен оқиғалар бойынша есеп беруде алынған өте жақсы нәтижелер және түпкілікті себептерді айқындау нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылдау болып табылады. Бұл фактіге өндірістегі жарақаттанушылықты жыл сайын төмендетілгенін дәлелдейді. әлемдегі үздік тәжірибелерді енгізу бөлігінде оң нәтижелерге қол жеткізілді. Біз дұрыс жолда болуға тырысудамыз, бірақ біз «оқыс жағдайлар, авариялар мен тасқын сулардан нөл» деген мақсатты көрсеткіштерімізге әлі де қол жеткізе алмаудамыз және де қауіпсіздік мәселелеріне барлық қызметкерлердің назарын аударуға көп күш жұмсауымыз қажет.

Өндірісте қауіпсіздік мәдениетімізді арттыру және жарақаттанушылық деңгейін төмендету үшін мынадай жұмыс атқарылған:

  • Жұмыстардың қауіпсіздігі бойынша мінез-құлықтық қадағалау бағдарламасын (ЖҚМБ) енгізу – Топ бойынша жүргізілген ЖҚМБ 85 301.
  • Компаниялардың бүкіл тобы бойынша ҚжЕҚ мәселелеріне жүйелі және жаппай тәсілдемені қамтамасыз ететін әлемдік практикаға негізделген жеті корпоративтік құжаттарды әзірлеу.
  • Жарақаттанудың ең жоғары деңгейімен ЕТҰ-да кешенді аудиттер жүргізу.
  • Қызметкерлерді қауіпсіздік, топ-менеджмент бойынша жаңа бағдарламаларға оқыту мақсатында көшпелі таныстырылымдар өткізу – оларды қауіпсіздік процестеріне тарту маңыздылығы.
  • ЕҚОҚ саласындағы стратегиялық бастаманы қамтитын 5 жылдық жол картасын енгізудің жалпы пайызы 2017 жыл ішіндегі қызмет нәтижелері бойынша 82 % құрады.
  • ЕжҚОҚ қызметтері директорларының 18 жыл сайынғы форумын өткізу.
  • «еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы шоқтығы биік көшбасшылық» қамқорлық аясында еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы жыл сайынғы ІІІ Бас директорлар форумы өткізілді.
  • Компания шеңберінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалануды түсіндіруді аттыру бойынша Астана қаласы корпоративтік орталықтарының шамамен 250 қызметкері «Конвинсер» жаттықтыру-симулятор әрекетіне байқап көрді. 1000-нан астам қызметкер презентациялардың өзіне тікелей қатысып отырды. Бұдан әрі «Конвинсер» өңірлерде кампанияны одан әрі өткізу үшін Маңғыстау облысына жіберілді. 2018 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша Маңғыстау өңірінде жаттықтыру презентацияларында шамамен 1 500 қызметкер қатысты, оның 1 000-нан астамы «Консинсер» әрекетінен сынақтан өтті.
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобының денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық бастамалар мен практикалар» ҚМГ басқармасы төрағасының ІІІ жыл сайынғы конкурсын өткізілді.
  • «Орталық Азия Интергаз» қызметкерлерінің «8 Алтын қағида», «Қауіпсіздік азбукасы», сауықтыруға он қадам мобильдік қосымшаларын әзірлеу.

Қауіпсіздік мәселелері топтарын басқару және әлемдегі үздік тәжірибені енгізуге деген сенімділік жоғары деңгейдегі тұрақтылық позияциясын сақтап қалды: қауіпсіздікті оқытатын іс-шараларға бірінші басшылардың 90 % қатысуы, әлемдік стандарттарды қолдану және де ең бастысы – еңбекті қорғаудың жоғары көрсеткіштерінен өндіріс тиімділігіне тиетін тікелей пайданы түсініп білу.

Сонымен ҚазМұнайГаз тарихында «Эмбаммұнайгаз» АҚ базасында («ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес ұйымы) Атырау қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ директорлары кеңесінің көшпелі отырысы алғаш рет өткізілді. Компанияда өткізілетін кез келген басқа да мәжілістер сияқты отырыста аса маңызды мәселе – еңбек және қоршаған ортаны қорғау мәселесін қараудан басталды.

2017 жылғы 28 маусымда «Еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау саласындағы шоқтығы биік көшбасшылық» тақырыбында үшінші жыл сайынғы бас директорлар форумы болып өтті. Іс-шаралар шеңберінде ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Басқармасының төрағасы С.М. Мыңбаевтың қатысуымен 2016 жылдың нәтижелері бойынша еңбекті қорғау саласындағы жақсы көрсеткіштер үшін ҚМГ еншілес-тәуелсіз ұйымдарының мақтау қағаздарымен салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті. Жеңімпаздар еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау (FAR, LTIR, MVCR), көрсеткіштерін бағалауға, қызметкерлердің санына, компания қызметкерлерінің жалпы санына еңбекті қорғау қазметкерлерінің қатынасына негізделді; еңбекті қорғау саласындағы компаниялардың корпоративтік стандарттары мен бастамаларын енгізу, сондай-ақ озық тәжірибелерді пайдалану ескерілді. Нәтижесінде мақтау қағаздарын «Интергаз Орталық Азия», ПМХЗ, «Ембімұнайгаз», «Ойл Транспорт Коропорейшн» и «МұнайТелеком» компанияларының басшылары иеленді.

ҚМГ бастамасы бойынша Қазақстанда алғаш рет төмен жылдамдықты жол-көлік соқтығысында қажет етілетін «Конвинсер» қауіпсіздік белдігінің жаттықтыру-симуляторы әзірленді, ол ЖКҚ кезінде болатын қатты күшті сенізбеуге септігін тигізеді. Бұл тренажер Бас директорлар форумында жоғары басшылыққа берілді және ҚМГ компаниялары топтарының бірінші басшыларына жан-жақты қолдау көрсетілді. Нәтижесінде қызметкерлердің қауіпсіздік белдігінің пайдалану қажеттілігін үнемі көрсетіп жүру үшін «Конвинсер» сатып алуға шешім қабылданды.

ҚМГ өндірістегі еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау (ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) процестерін жақсарту саласында халықаралық Мұнай және Газ Өндіруші қауымдастықтың көрінісі мен мақсатын, сондай-ақ бастамасына қолдау көрсетеді.

2014 жылдан бастап IOGP талаптары мен стандарттарына сәйкес есептілік жүргізу тәжірибесіне, еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жақсарту үшін, сондай-ақ оқыс жағдайлар мен өндірістік қақтығыстар көрсеткіштерін төмендету үшін областардың айқындау мақсатында ұқсас мұнай газ секторы компанияларымен бенчмаркинг жүргізуге бастамашылық етті. 2018 жылдың қаңтарынан бастап ҚМГ IOGP толық құқылы мүшесі болып табылады және алғаш рет мүшелелік шеңберінде еңбек қауіпсіздігі және қорғау бойынша есептілік тапсыруға қатысты.

ҚжЕҚ бойынша көрсеткіштер

Есепті кезеңде біз 5 қызметкерді жоғалттық. Кісі өліміне алып келетін жағдайлардың жалпы саны 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 5 және 7 жағдайға төмендеді. (2015 жылы 4 жағдай).

Бұдан бұрын айтылғандай, 2017 жылдан бастап жұмыс уақытын жоғалтуға қатысты оқыс жағдайлар коэффициенті (LTIR) ҚОҚ бойынша корпоративтік КПД есептеу кезінде ескерілді. 2017 жылға арналған мақсат адамның істелген жұмысының адам-сағат саны 1 миллионға 0,42 тең. Факт 2017 жылы = 0,39 (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек заңнамасына қатысты адам-сағат санының 1 млн оқыс жағдайлар) құрады, яғни 2016 жылғы көрсеткіштен 20 % төмен. Осылайша, 2016 жылы 87 және 2017 жылы 71 болып жұмыс уақытын жоғалта отырып оқыс жағдайлар санының жыл сайын азая түсуі байқалуда (2015 жылы 99 оқыс жағдай). Жұмыс уақытын жоғалта отырып болған оқыс жағдайлар коэффициенті (LTIR) IOGP сәйкес 2017 жылдың соңында 0,43 құрады.

Компания жұмысының ажырамас бір бөлігі жолдарда компания тобы қызметкерлерінің қауіпсіздігін тұрақты жақсартылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

2017 жылдың аяғында Топ бойынша жалпы ЖКО көрсеткіші 1 млн жүріп өткен кмге аварияның 0.49 құрады. ЖКО саны 71-ден 89 жағдайға дейін өсті. (2015 жылы 64 ЖКО).

Қызметкерлердің жалпы санының ЕҚОҚ бір қызметкеріне арақатынасы 7 %-ға жақсарды (1:87 бастап 1:81 дейін).

Қауіпсіздіктің негізгі көрсеткіштері

 

2015

2016

2017

Жұмыс істелген адам-сағаттар (млн)

 

175,0

170

Жүріп өткен км (млн)

 

157,6

178,3

Еңбек қызметімен байланысты өлім жағдайлары

 

7

5

 Өлім жағдайлары 100 млн адам-сағатқа

 

4,00

2,89

Жұмыс уақыты жоғалтылған жазатайым оқиғалар

 

87

71

Жазатайым оқиғалар (ҚР заңнамасына сәйкес) 1 млн адам-сағатқа

0,56

0,49

0,39

Жол-көлік оқиғалары

 

71

89

Жол-көлік оқиғалары 1 млн жүріп өткен км

 

0,43

0,49

Еңбек қызметімен байланысты өлім жағдайларының коэффициенті

Жұмыс уақытын жоғалтумен жазатайым жағдайлардың саны

Жұмыстың болашақ бағыттары

Компаниялар тобындағы өндірісте жазатайым жағдайларсыз және апаттарсыз жұмыс істеу ҚМГ мен ЕТҰ қызметкерлерінің нысаналы әрекеттеріне ғана емес, сонымен бірге мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне де байланысты, олардың жалпы саны Компания қызметкерлерінің санынан 2 есеге асып отыр. Бұл ретте жазатайым жағдайлар мен оқиғалар тәуекелінің орын алу ықтималдығы тепе-тең тәуелділікте тұр. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша корпоративтік ережелер мен қағидаларды бұлжытпай сақтау бойынша мердігерлік ұйымдарға қойылатын талаптар ҚМГ ЕҚОҚ саласындағы басқарудың тиімді жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Осылайша, 2018 жылдан бастап ЕҚОҚ саласында жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша ҚМГ компаниялары тобына кірмейтін мердігерлік ұйымдармен жұмысты бастау шешімі қабылданды. Жұмыс-тың алғашқы кезеңдерінің бірі ҚМГ ЕТҰ (келісімшарттық аумақтарында) өндірістік объектілерде жұмыс-тарды орындау кезіндегі оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну ашықтығы болып табылады. Келесі жылдан бастап мердігерлік ұйымдардың өкілдері ЕҚОҚ бойынша ірі іс-шараларға жеке қатысатын болады, ол мердігерлік ұйымдар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру үшін базалық негізді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қауіпсіз жүргізу философиясы, барлық жол-көлік оқиғаларының 95 %-ы егер қауіпсіз жүргізу қағидалары мен тәсілдерін қолданса, құтылуға болады дейді.

2018 жылы қауіпсіз жүргізу мәдениетін қалыптастыру. желілік басшы мен жүргізушілер арасындағы ашық сұхбатты құру, ең бастысы, жүргізушілерге бірінші кезектегі міндетті нақты түсіну – белгіленген орынға дейін жолаушыларды қауіпсіз жеткізу үшін Қауіпсіздік жөніндегі мінез-құлықтық бақылау бағдарламасын енгізу жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама Компаниядағы көлік қауіпсіздігін арттыруға елеулі үлес қосатын үздік әлемдік практикалардың бірі болып табылады деп санаймыз. Сондай-ақ қауіпсіз жүргізу бағдарламаларын енгізу және әзірлеу жоспарланды.

Жүргізілген тексерулер нәтижелері бойынша өндірісте қызметкерлердің хабардар болу деңгейі төмен сыни деңгейде тұрғаны анықталды. Сондықтан жұмыстың басым бағыттарының бірі мынадай негізгі іс-шараларды қамтитын жер-жерлерде қызметкерлердің хабардар болу деңгейін арттыру бойынша бағдарламаны әзірлеу және енгізу болып табылады: Басқарма төрағасының қызметкерлерге қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында тоқсан сайынғы жолдаулары, әртүрлі тақырыптарға, сондай-ақ ЕҚОҚ бойынша ақпараттық интерактивті ұтқыр қосымшаларды әзірлеуге арналған брошюралар тарату.