Денсаулықты сақтау

Кез келген жаста барлық адамдардың әл-ауқатын жәрдемдесу және салауатты өмір салтын қамтамасыз ету.

ҚМГ мен ЕТҰ-дағы денсаулықты және еңбек гигиенасын сақтау саласындағы мәселелерді басқару қазақстандық заңнаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі: Еңбек кодексі, Денсаулық туралы кодекс, Қазақстан Республикасының санитариялық қағидалары мен нұсқаулықтары, денсаулықты және еңбек гигиенасын сақтау саласындағы халықаралық талаптар.

2017 жылы ЕТҰ қызметкерлерінің ауруларына байланысты жұмысқа жарамсыздығы күндерінің саны 224,565 мың күнді құрады, ол 2016 жылға қарағанда 19,311 мың күнге аз немесе 7,9 %. ЕТҰ қызметкерлері арасында жарақаттануға байланысты емес өлім жағдайларының саны 2017 жылмен салыстырғанда 15 жағдайға немесе 36,5 %-ға азайды.

Басқарманың 27.09.2016 ж. шешімімен (№ 39 хаттама) бекітілген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың жай-күйін жақсарту жөніндегі жол картасы-2020 іске асыру шеңберінде бірінші кезекте, қызметкерлердің ауруларын және жарақаттанумен байланысты емес өлім-жітімдерін азайтуға бағытталған ҚМГ корпоративтік сауықтыру бағдарламалары кезең-кезеңмен енгізілуде.

2017 жылы негізгі міндеттері қызметкерлерді шұғыл медициналық көмекпен қамтмамасыз ету, медпункттерді жарақтандыру және шұғыл медициналық әсер ету жоспарын қамту бойынша жмұыстарды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтау болып табылатын «Сауықтыруға 10 қадам» корпоративтік бастамасы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобына шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі регламент» ішкі реттеуші құжаты әзірленді және енгізілуде.

Денсаулықты және еңбек гигиенасын қорғау саласындағы басқаруды жақсарту және тиімділік үшін мынадай іс-шаралар жүргізілді:

  1. ЕТҰ мамандарын үйлестіру үшін денсаулықты жжәне еңбек гигиенасын сақтау жөніндегі ҚМГ функционалдық тобы (ФТ) құрылды; 20.11.2016 ж. ММГ базасында проведен семинар «Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау» семинары өткізілді, оның нәтижелері бойынша жағдайды жақсартуға бағытталған шешім қабылданды;
  2. тәжірибе алмасу мақсатында ФТ мүшелерінің қатысуымен кешенді тексерулер, денсаулықты және еңбек гигиенасын сақтау, өнеркәсіптік және көлік қауіпсіздігі бойынша талаптардың сәйкестігіне ЕТҰ 6 аудит өткізілді;
  3. өндірістік учаскелер мен цехтар, қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері, тұрмыстық үй-жайлар, асханалар мен медициналық көмек орындары тексерілді, тексеру және нормалардан ауытқулардың анықталған нәтижелері бойынша 281 ұсыыным берілді;
  4. қызметкерлерге жүргізілген кәсіптік қарау негізінде ЕТҰ-да қорытынды актінің негізінде анықталған ауру адамдарды сауықтыру бойынша 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Ауруы бойынша жарамсыздық күндерінің саны

Жарақаттануына байланысты емес өлім-жітім жағдайларының саны

2018 жылы мынадай басым бағыттар бойынша жұмыс жүргізу жоспарланып отыр:

  1. ҚМГ корпоративтік сауықтыру, оның ішінде жүрек қан тамырлары ауруларының (ЖҚА) жиынтық қауіп-қатерін айқындау бойынша бағдарламаларды әзірлеу және енгізу.
  2. ДСД қызметкерлері арасында скринингтік зерттеулер.
  3. Денсаулықты қорғау және еңбек гигиенасы мәселелерін бақылау және мониторинг жасау үшін ЕТҰ-да аудит өткізу.
  4. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобында шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру.
  5. ФТ қолданылуы.
  6. «Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын профпатология және аттестаттау» тақырыбы бойынша «ҚМГ» ҰК АҚ еншілес пен тәуелді ұйымдарының еңбекті және денсаулықты қорғау жөнінде семинар (оқу) өткізу.

2017 жылы негіз ЕТҰ-мен еңбекті қорғау және денсаулықты қорғау мәселелері көрсетілген Жұмыс беруші мен Кәсіподақтар арасында ұжымдық шарттар жасалды және қолданылды. Ұжымдық шарттарда қызметкерлердің денсаулығы үшін жұмыс орындарының қауіпсіздігі бойынша шаралар, сондай-ақ қызметкерлерді сауықтыруға (емдеуге арналған материалдық көмек, медициналық қызмет көрсету ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спорт іс-шараларын ұйымдастыру) бағытталған әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер және өтемақылар көзделген.

Қызметкерлердің жергілікті кәсіподақтарының еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың және кәсіби аурулардың алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізу бойынша жұмыс берушімен бірлескен іс-қимылды ұйымдастыруға құқығы бар.

Өндірістік объектілерде еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілердің аттестаттауын өткізуді ұйымдастыру үшін Аттестаттау комиссиялары құрылуда.

Кәсіби аурулардың оқиғалары тіркелмеген.