ЕҚ, ҚҚ және ҚОҚ бойынша дайындық және білім беру

Кез келген жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және әл-ауқатына жәрдемдесу.

Жан-жақты қамтылған әрі әділ сапалы білім берумен қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін бүкіл өмір бойғы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру.

Қауіп-қатерді азайтуға арналған технологиялардың маңыздылығына қарамастан, ешқандай технологиялық инновация ойланбаған шешімдер проблемасын шеше алмайды. Адамдар айқындаушы фактор болып қалуын жалғастырады. Сондықтан қызметкерлердің құзыреттілігін қамтамасыз ету дамудың ажырамас бөлігіне айналады.

ҚМГ компаниялары тобында ЕҚ, ҚҚ және ҚОҚ саласындағы оқытуға көп көңіл бөлінуде. 2015/2016 жылдардағы өткен есепті кезеңдермен салыстырғанда оқудан өткен қызметкерлердің саны, сондай-ақ осы мақсаттарға шығындар артты.

Тұтастай алғанда, көрсеткіштердің динамикалық өсуі ҚМГ компаниялары тобында ЕҚ, ҚҚ және ҚОҚ мәселелерін оқытуға қажеттілік сұранысқа ие болып қалатындығын көрсетеді.

ЕҚӨҚҚОҚ бойынша оқыту

* Жинақтық деректерде БӨ («Қазгермұнай» СП» ЖШС-тан басқа) бойынша ақпарат жоқ.

ҚР мұнай-газ секторының ерекшелігін, сондай-ақ персоналды міндетті оқыту, даярлау және біліктілігін арттыру бөлігінде ҚР заңнамасының міндетті талаптарын ескере отырып, тұтастай алғанда қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігінің бағыттары барынша басым болып табылады.

Есепті кезең ішінде 56 мың қызметкер міндетті оқудан өтті, ЕҚ, ҚҚ және ҚОҚ оқып-үйретілген персоналының жалпы санының 490 млн теңгеге 92 %-ын құрайды.

Жалпы алғанда, 2017 жылдың ішінде жалпы сомасы 625 млн теңгеге ҚМГ компаниялары тобының 61 140 қызметкері оқытылды.

ЕҚ, ҚҚ және ҚОҚ мәселелері бойынша 2017 жылы оқудан өткен ҚМГ компаниялары тобының қызметкерлері арасынан жоғары буын деңгейі – 1,3 мың адамды және орташа – 59,8 мың адамды құрайды.

Персоналды оқыту және дамыту, қажетті біліктілік деңгейін қалыптастыру және қолдау процесін жақсарту, сондай-ақ бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында ҚМГ компаниялары тобына «70/20/10 – жұмыс орнында оқыту/ішкі оқыту/сыртқы оқыту» оқыту моделі енгізілді.

Сонымен, ҚМГ кейбір еншілес пен тәуелді ұйымдары дәріс берушілер мен оқытушылар ретінде өздерінің желілік басшылары мен жоғары біліктіліктегі мамандарының арасынан тарта отырып, меншікті Оқу бөлімі комбинаттары мен орталықтарының базасында қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі бойынша оқуларды ұйымдастырады және өткізіп тұрады.

Оқытудағы жаңа тәсілдеме осылайша жас мамандардың өз кәсібінде үздік болуға ұмтылу әлеуетін ашып, дағдылар мен білімді жақсартып қана қоймай, сонымен бірге тәжірибелі қызметкерлердің тәлімгерлігіне бастамашылықты арттыруға, ішкі коммуникацияларды жетілдіруге мүмкіндік береді.