Өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістің тұтастығын басқару

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығы үшін әл-ауқатына жәрдемдесу.

Қалалар мен елдімекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, өмірге төзімділін және тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін үнемі жетілдіру Компания жұмысының басты басымдықтарының бірі болып қалмақ. Есепті жылы Компания барлық қауіпті өндірістік объектілерде авариялар мен оқиғаларға жол бермеу бойынша қажетті шараларды алдын ала қабылдап, ол бойынша 2017 жылы авариялық деңгейін азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді жалғастырды, Компания мынадай іс-шараларды орындауда:

  • Техникалық құрылғыларға куәландыру, жөндеу және ауыстыруды уақтылы жүргізілуін жүйелік бақылау;
  • Технологиялық тәртіпті қатаң сақтау;
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өндірістік бақылауды орындау;
  • Заңда және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын толық сақтау.

Өндірістік объектілерде (техногендік сипаттағы) авариялар саны

2017 жылы Компанияның өндірістік объектілерінде 8,192 млн теңге мөлшерінде ең аз жиынтық залалымен, адам құрбанысыз техногендік сипаттағы 4 авария болды. Оқиғалар деректерінің сипатын негізге отырып, олардың екеуі газдың, мұнай мен судың бөліну (ГМСБ) болып табылады және тағы екеуі техникалық құрылғылардың ашылуымен, қауіпті заттардың (газ бен мұнай өнімдерінің) тасталуымен және кейін жануымен байланысты.

2017 жылы болған барлық авариялар бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес авариялардың себептеріне техникалық тергеулер өткізілді, сондай-ақ Компанияның барлық ЕТҰ-лары үшін «Оқиғалар шолулары» кейін бағыттай отырып, корпоративтік деңгейде түзетуші іс-шаралар жоспары, авариялардың тікелей және жүйелі себептері айқындалды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша негізгі қызмет

Мұнай өңдеу

2017 жылы «ПМХЗ» ЖШС және «АМӨЗ» ЖШС 1 жылдан бастап 3-4 жылға дейін ұлғайтылған пайдаланудың жөндеуаралық кезеңіне (ПЖАК) көшуді орындады.

2017 жылдан бастап «АМӨЗ» және «ПМХЗ» ЖШС жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің қажетті деңгейін, сенімділік пен механикалық тұтастықты қамтамасыз ету мақсатында HONEYWELL (АҚШ) компаниясымен автоматтандырудың мынадай цифрлық шешімдері мен құралдары енгізілуде:

  • ТОРО жабдығына техникалық қызмет көрсетілуін және жөнделуін басқару жүйесі (IBM MAXIMO). Аталған жүйе қажетті материалдары бар барлық жөндеудің операциялықтан кейінгі карталарын, жабдықтарды іске қосу және тоқтату бойынша операциядан кейінгі міндеттерді, ағымдағы, сақтандыру және авариялық қорларға арналған материалдардың шығыс нормаларын жасауды ескере отырып, МӨЗ-де жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді басқарудың операциялық міндеттерін шешу және стандартты жұмыс процестерін автоматтандыруға арналған;
  • инспекцияларды басқару және жабдықтың сенімділігін қамтамасыз ету жүйесі (Meridium APM). Осы жүйе жабдықтың жай-күйін міндетті мерзімді техникалық бақылауды, ағымдағы жай-күйін, бас тарту себептерін, жөндеуаралық интервалдарды ұзарту тәуекелдерін талдауды автоматтандыруға, жабдықтың нақты жай-күйін, өз функцияларының технологиялық қондырғылармен орындау үшін оның жұмыс істеу сенімділігіне қойылатын талаптарды ескере отырып жөндеу бағдарламаларын оңтайландыруға арналған;
  • жабдыққа мониторинг жасауды басқару жүйесі (Uniformance Asset Sentinel). Бұл жүйе электр қозғалтқыштары, конвейерлер, сорғылар, компрессорлар, желдеткіштер, түтінсорғыштар, пештер, қазандар, жылуалмастырғыштар, сүзгілер, реакторлар, ТПБАБЖ жүйелері, ілмекті-реттеуші арматура, талдағыштар, БӨА және А приборлары және т.б. сияқты осындай түрлі типтердегі жабдықтардың динамикалық сипаттамалары есептеулерін математикалық түрде сипаттауға және дамып келе жатқан ақаулардың белгілерін анықтау базасында ағымдағы да, болжамды да жай-күйін анықтау үшін нақты уақыт режиміне жақын режимде осы есептеуді орындауға мүмкіндік береді;
  • тоқтап қалуды есепке алу жүйесі/функционалы (Downtime Reporting). Аталған функционал өнімділікті жоғалтуға және өнім сапасын жоғалтуға байлансты толық тоқтап қалуды да, ішінара тоқтап қалуды да автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді. Тоқтап қалу себептерін жіктеуді орындауға, технологиялық процестің тиімділігі мен сенімділігін талдауға, технологиялық процестің сенімділігін жақсарту бағыттарын айқындауға, тар орындарды жоюға және тоқтап қалулардан шығынды азайту.

Газды тасымалдау

Қазақстанның газын экспортқа тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ету және елдің оңтүстік өңірлерінде газ тапшылығын болдырмау мақсатында қауырт жылыту кезеңінде «Бозой» жерасты газ сақтау қоймасын ауқымды реконструкциялау іске асырылуда.

Газдың сапасын арттыру, оны механикалық қоспалар мен ылғалдан тазалау үшін жоба шеңберінде «Бозой» жерасты газ сақтау қоймасының технологиялық схемасы қазіргі заманға сай «Газ кептіру қондырғысымен» жарақтандырылды. Жүргізілген жұмыстар газ сақтау қоймасының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ магистралды газ құбырларын пайдалану мерзімін ұзартуға мүмкіндік берді.

Газ кептіру қондырғысы осылайша жылыту маусымында сапалы, үздіксіз газбен жабдықтаумен қамтамасыз ете отырып, Ақтөбе облысы мен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларына «Бұқара – Орал» және «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырлары арқылы з газохранилища «Бозой» газ сақтау қоймасынан алынатын табиғи газды тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Ресей Федерациясына, Өзбекстан Республикасына және Қытай Халық Республикасына тауарлы газдың халықаралық транзиті қамтамасыз етілетін болады.

Салынған кешен өз көлемі мен өнімділігі бойынша бірегей болып табылады. Бұған дейін Қазақстанда газ инфрақұрылымының осыған ұқсас объектілері салынған жоқ. Жобаны іске асыру кезінде Еуропадан және Украинадан келген ең заманауи жабдық пайдаланылды.