Тұтынушының денсаулығы және қауіпсіздігі

Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығы үшін әл-ауқатына жәрдемдесу

Өнім-табиғи газдың тұтынушысы халық болып табылатындықтан, «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ тұрмыста газды қолдану кезінде тұтынушылар арасындағы жазатайым жағдайларды мониторингілеу, талдауды жүргізеді және үй ішінде жабдықты пайдалану кезінде халыққа қауіпсіздік талаптарын насихаттау, хабардар ету, нұсқау жүргізу және оқыту бөлігінде алдын алу шараларын қабылдайды. Сондай-ақ «Тұрмыста табиғи газды қауіпсіз пайдалану» тақырыбында ТЖ өкілдерімен рейд жүргізілді, бейнероликтер таратылуда. Үйішілік жабдықтарға қызмет көрсетуге, тұтынушылардың газ тұтынатын жүйелеріне қызмет көрсетуге аутсорсингтік компания қызмет көрсететініне қарамастан, ҚТГА АҚ тұтынушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында төменде көрсетілген іс-шараларды жүргізеді.

 

Роликтер, қауіпсіздік бойынша (көрсетілімдер саны)

Рейдтер/ жиындар

Жүгіртпе жол (шығулар)

БАҚ-қа мақала

Сюжеттер

Тұтынушының хабардарлығын арттыру жөніндегі іс-шаралар

3 030

350

2 115

69

64

 

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС қызметінің маңызды басымдықтарының бірі мәлімделетін стандарттардың талаптарына сай келетін сапалы өніммен (мұнай өнімдерімен) тұтынушыны қамтамасыз ету болып табылады. Тұтынушыларға мұнай өнімдерінің кепілдік берілген сапасын ұсыну және компанияның имиджін арттыру мақсатында Серіктестікпен отын қозғалысының – қабылдаудан, сақтаудан бастап АЖС мұнай өнімдерін өткізу және сатуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын мұнай өнімдерінің сапасын өтпелі бақылайтын меншікті жүйе құрылды.

Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау Қазақстан Республикасының МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкестігіне аккредиттеудің мемлекеттік жүйесіне аккредиттелген Астана, Алматы мен Атырау қараларында сынау зертханаларымен жүзеге асырылуда. Олар Кеден одағының Техникалық регламентінің талаптарына және өнімге арналған нормативтік құжаттамаға сәйкестігіне мұнай өнімдерінің барлық сапалы параметрлерін қадағалауға мүмкіндік беретін және тараптық ұйымдарға мұнай өнімдерінің сынақтарын жүргізу бойынша қызметтер көрсететін техникалық бақылаудыың бірыңғай жүйесімен жарақтандырылған.

2017 жылы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС зертханаларында мұнай өнімдері қабылдау, сақтау және өткізу кезеңдерінде мұнай өнімдерінің сапасына тексеру жүзеге асырылды. Сынау нәтижелеріне сәйкес мұнай өнімдері сынамаларының Кеден одағының «Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыш отыны мен мазутқа қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің және ескертулер, айыппұлдар немесе өндіріп алуларға әкелетін өнімге нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкессіздіктері уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан белгіленген жоқ. Мұнай өнімдерінің сапасын бақылау процесіне зертханалардың қызметкерлері ғана емес, сонымен бірге өндірістік филиалдардың қызметкерлері де тартылған.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-да тұтынушыларды қолдаудың тәулік бойғы желісі Call-орталық жұмыс істейді. Call-орталыққа түскен барлық шағымдар бойынша мәселені толық шешкенге дейін тікелей жұмыс жүргізіледі. Отын сапасына шағымдар түскен кезде клиенттің қатысуымен мұнай өнімдерінің сынамаларын комиссиялық іріктеу бойынша жұмыс ұйымдастырылуда, ол Серіктестіктің зертханасында немесе кез келген тәуелсіз аккредиттелген зертханада отынның сапасын тексеруге мүмкіндік береді. Жүргізілген сынаулардың нәтижелері (есептер, сынаулардың хаттамалары) тұтынушылардың атына дер кезінде жіберіліп тұрады. Серіктестіктің зертханаларында да, тәуелсіз зертханаларда да жүргізілген отын сынауларының нәтижелері бойынша өнімге арналған нормативтік құжаттаманың талаптарына отынның сәйкестігі анықталды. Өнімдер мен қызметтердің әсеріне қатысты заңнама мен ерікті кодекстердің таалптарына сәйкессіздік жағдайлары денсаулық пен қауіпсіздікте анықталмаған. Есепті кезең ішінде тұтынушының денсаулығы мен қауіпсіздігіне арналған өнімдер мен қызметтердің әсеріне қатысты сәйкессіздіктер жағдайлары тіркелмеген.