МӨЗ жаңғырту 2017 жылы ЖЖМ өткізу

Барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі қазіргі заманға сай көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

ҚҰРМЕТ

Біз заңнамадан, жасалған шарттардан немесе тікелей іскерлік өзара қарым-қатынастар шеңберінде қолданатын мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз.

2017 жыл шешуші жыл болып табылады, сондықтан, осы жылдары ҚМГ компаниялары тобының мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ Энергетика министрлігі белгілеген ППР кестесіне сәйкес жыл сайынғы жоспарлы-сақтандыру жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу ішкі нарықта отын жеткізудің төмен деңгейіне әкеп соқтырды, осыған байланысты 2017 жылдың күзінде Қазақстанның кейбір өңірлерінде, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы мен Қызылорда облыстарында бензин шектеулі көлемде, карталар мен талондар бойынша сатылды.

Бұдан басқа, 2017 жылы 20 қазанда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде Павлодар МӨЗ сутегіні өндіру қондырғысына дәнекерлеушінің айрықша біліктілігін, арнайы жабдықты және дәнекерлеу алдындағы дайындықты талап ететін бөлшек зақымдалды. Жергілікті қызметкерлермен дәнекерлеу жұмыстары технологияны бұзумен өткізілді. Бұған қоса, жауапты қызметкерлер лайықты түрде бұл жөнінде хабарламаған және өз күштерімен жөндеуге тырысқан, ол жабдыққа зиянды одан да көп қиындата түсті. Бүлінген бөлшек әлемде зауыттарда шектеулі санмен даналап дайындалады. Зерттеу жүргізу үшін шетелдік сарапшылар шақырылды, оның нәтижелері бойынша бүлінген жабдықтың жарамсыздығы анықталды. Қорытындылай келе, жаңа бөлшекке Ұлыбританияға тапсырыс берілді және оны тасымалдау, орнату және іске қосу-жөндеу үшін тағы бір айға жуық қажет етілді. Соның салдарынан ПМХЗ бас механигі және техникалық директоры, зауыттың бас директоры Шухрат Данбай өз еркімен жұмыстан шықты.

Отын жетіспеген кезде қалған МӨЗ толық қуатта штаттық режиммен жұмыс істеді. Алайда үш МӨЗ жаңғыртуды аяқтағанға дейін Қазақстан бензинді 30 %-ға дейін және Ресейден дизельдік отынды 15 %-ға дейін импорттауға мәжбүр. Елдің өңірлерінде дизельдік отынның жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 100 мың тоннаға дейін көлемде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС атына ресейлік «ЛУКОЙЛ», «Газпром», «ФортеИнвест», «Роснефть» компанияларымен импортқа арналған келісімшарттарға қол қойылды.

Есепті кезең ішінде маусымаралық дизельдік отынның бағасы бір литрі үшін 155-160 аспайтын теңгені құрады. Қазақстандық бензинге төмен баға шекара ішінде отынды көтерме әкелу қауіп-қатерлерінің бірі болып табылады. Ашық шекаралар мен бірыңғай экономикалық кеңістікті ескере отырып, болашақта да отынның ағу қаупі қала бермек. Мемлекет пен нарықтың қатысушыларының алдында ресейлік және қазақстандық бөлшек бензин бағалары арасында бағалы басымдықты белгілеу міндеті тұр, сондай-ақ оған Өзбекстандағы бағаның ықпалы бар.

ЖЖМ қазақстандық бөлшек нарығы «Газпром нефть», Helios және Sinooil сияқты осындай көптеген компаниялармен ұсынылған. 2017 жылы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС үлесі нарықта 14 %-ға жуығын құрады.

2017 жыл ішінде ЖЖМ бөлшек бағаның кішігірім қымбаттауы болды, ол бірнеше факторларға байланысты:

  • Ресейде ЖЖМ көтерме бағалардың 7 %-ға өсуі – тоннасы үшін 517-ден 555 долларға дейін,
  • теңгенің долларға шамамен 9 %-ға ($1 үшін 312-ден 340 теңгеге дейін) нашарлауы,
  • МӨЗ-де жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сұраныстың нашарлауы.

2017 жылы АИ-92 литрі үшін 155-160 теңгеге дейін бөлшек бағаларды жоғарылатқаны үшін Қазақстанның монополияға қарсы ведомстволарының санкцияларына қатынасы бойынша бөлшек сату қатысушыларының арасында кейбір шиеленістер болды, ол бағалық келісім ретінде түсіндірілуі мүмкін. Алайда 4 қазанда ҚР Энергетика министрлігі және ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ресей Федерациясынан импорттық жеткізілімдерге қатысты бірлескен хаттамаға қол қойды. Осылайша, ЖЖМ үшін өскен баға «нарықтың барлық субъектілеріне әсер ететін тең дәрежедегі фактор» ретінде түсіндірілді және өнім берушілердің бағалық келісімі болған жоқ.

ҚМГ 2017 жылғы мамырда ПМХЗ қоса алғанда, МӨЗ жөндеу мерзімдерін ҚР Энергетика министрлігімен өзгерту және келісім бойынша қажетті жұмыс жүргізді. Осыны ескере отырып, Ресейден импорттық жеткізулер бойынша қорларды күні бұрын толтыру өткізілуі тиіс. Алайда, көршілес елмен бағалы теңгерімсіздік себебі бойынша бұл жеткілікті көлемде болған жоқ: Ресейдегі ЖЖМ бағасының жоғары болуына байланысты нарық қатысушыларына Қазақстандағы төмен бағалар арқылы сатып алу және сату тиімсіз болды, соның салдарынан қорлардың әжептәуір азайды. Бір жағынан бұл Қазақстанда бағаны айқындау және баға басымдығын белгілеу тетігінің жоқтығынан туындап отыр. Осылайша, кез келген тауар сияқты ЖЖМ бағасына қарамастан, бағаны реттеу бойынша мемлекеттік саясаттың болмауының негізгі себебі болды, ол нарықтық қағидат бойынша белгіленуі тиіс. 2017 жылдағы жағдай бойынша Қазақстандағы ЖЖМ бөлшек бағасы көршілес Ресей, Өзбекстан мен Қырғызстанға қарағанда, айтарлықтай төмен. Қазақ-стандағы мұнай өнімдерінің бағалары ТМД елдерінде ғана емес, бүкіл әлемдегі ең төмен бағалардың бірі. Ішкі нарықтағы бағалар да өңірлерге байланысты айырмашылығы бар.

Бұл факт жер қойнауын пайдаланушылардың кірістілігінде де көрсетіледі. Ұзақ мерзімді перспективада МӨЗ шикізатпен жүктелуін қамтамасыз ету үшін жер қойнауын пайдаланушылар олар мұнайды экспортқа жібергендегі кіріспен салыстырылатын кірісті алатындай етіп жасау қажет. Өндіруші кәсіпорындармен кірісті толық алмау оларды өз ресурстық базасын кеңейтуден, барлауға арналған шығындарды ұлғайтудан шектемейді. Шартты баға кезінде жер қойнауын пайдаланушылар үшін экспортқа жеткізілімдер қайта өңдеуге ішкі нарыққа мұнайды жеткізгеннен гөрі, тиімдірек. Егер мұнай экспорттан және төмендетілген кірістілікпен алынса, ішкі өңдеуге жіберіледі және бұл ретте өнім көрші елдерге кетеді, бұл не ішкі тұтынушылар үшін де, не өнім берушілер үшін де пайда әкелмейді. Осы сияқты факторлар мұнай-химия бағытына да әсерін тигізеді: мұнай-химияны дамытуда инвестициялау және мұнай өңдеу технологияларын жетілдіру үшін инвесторларда баға белгілеуді тұрақты түсіну және рентабельділіктің жеткілікті нормасын алу мүмкіндігі болуы тиіс.