Құқықтық іс-қимылдар және нарықтық реттеу

АНЫҚТЫЛЫҚ

Біз құпия ақпаратты қорғау бойынша нормаларды ескере отырып, заңнамада және құжаттарымызда көзделген ақпаратты ашамыз.

Монополияға қарсы заңнаманың бұзушылықтарына жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша 2017 жылы Астана қаласы бойынша ТМРБҚК департаментінде отынның түрлері бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы үш хаттама жасалды, онда «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС «тауарларды сатып алу немесе өткізу бағаларын не басқа да жағдайларын белгілеу және (немесе) ұстап тұру» бөлігінде ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 170-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын бұзылды деп есептелінеды. Жоғарыда аталған хаттамалар Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берілді, соның нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексі 2-бабының 159-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тарту және мемлекеттің кірісіне айыппұл түрінде әкімшілік өндіріп алуды салу туралы қаулы шығарылды. Жоғарыда көрсетілген қаулылар заң күшіне енген жоқ. Соттың қорытындыларымен келіспеген «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС 1-инстанциядағы соттың қаулысына апелляциялық шағым берді. Осы есепті дайындау кезінде апелляциялық шағымдар Астана қ. қалалық сот ісін жүргізуде қарау кезеңінде тұр.