Газдандыру жобалары

Барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі қазіргі заманға сай көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Барлығына ұдайы, жан-жақты қамтылған және тұрақты экономикалық өсуіне, толық әрі өнімді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмыс істеуіне жәрдемдесу.

Табиғи газ мұнай өнімдерінің басқа түрлерімен салыстырғанда отынның барынша экологиялық таза түрі болып табылады. Бұл әсіресе өңірлердің экологиялық сезгіштігі және жершарындағы климаттың өзгеруі аясында, өйткені табиғи газ жанған кезде түтін шықпайды және өзінен кейін күл қалдырмайды, осылайша жердің атмосферасына аздаған әсерін тигізеді. Өңірлердің тұтынушылық секторын және көлік секторын газдандыру климаттың өзгеруімен күресу және қоршаған ортаға теріс әсерді азайту бойынша ең басымды бағыттардың бірі болып табылады.

ҚР өңірлерін газдандыру өңірі

Қазіргі кезде ҚР 10 өңірін газбен жабдықтау жүйелерімен жабдықталған. Елде газдың негізгі тұтынушылары өнеркәсіптік кәсіпорындар болып табылады, олардың үлесіне жалпы тұтынудың 70 % астамы келіп отыр. Сонымен бірге, 2014 жылы бекітілген «ҚР газдандырудың басты схемасы» ҚР 600 астам елдімекенін қосымша газбен қамтамасыз ету мақсаты тұр, ол 2030 жылға қарай табиғи газды тұтынуды жылына 18 млрд текше метріне дейін ұлғаюына алып келеді.

Халыққа газдың жеткізілуін қамтамасыз ету ҚМГ басым міндеті болып табылады. Алайда газбен жабдықтау жүйесіне аз елді мекендерді қосу елеулі күрделі шығындарға әкеп соқтырады.

Қазіргі кезде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ «инвестицияларға айырбастайтын тарифтер» формуласы бойынша Қазақстанның өңірлерінде ірі инвестициялық жобалар табысты іске асыруда. Компания мыңдаған километрдегі тозған газ құбырларын жаңа, сапалы әрі сенімді құбыр-ларға ауыстырды.

2015–2021 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жалпы ұзындығы 5 мың км жуық газ құбырларын салу жоспарлануда, оның ішінде 2015–2017 жылдары 3,955 мың астам км газ құбырлары салынды:

  • Қызылорда облысының 5 елді мекені ( Арал қ., Әйтеке би кенті, Шиелі кенті, Жаңақорған кенті және Байқоңыр қаласы);
  • Ақтөбе облысының 10 елдімекенінде (Богословка, Комсомол, Еңбек, Талдысай, Қосестек, Аққұдық, Ырғыз ауылдары, Алтынды, Ойыл, Жайсан кенттері),
  • Қостанай облысының 8 елдімекені (Қашар, Октябрь, Ғылыми Тоғызақ, Антоновка, Алчановка, Ворошиловка, Қарабалық, Боскөл кенттері);
  • Маңғыстау облысында (Жарма, Басқұдық, Батыр, Боранқұл, Бейнеу ауылдары) 5 елдімекен, газдандыруды жалғастыру – Бейнеу ауылында және Мұнайлы ауданының Батырдың маңында.

2018–2021 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бекітілген инвестициялық бағдарламалар шеңберінде С. Шапағатов ауылын, Маңғыстау, Бейнеу ауылдарын, Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласын, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысын газдандыру бойынша жұмысты жалғастыратын болады. Бұл ретте 740 км көп жаңа газ құбырлары салынатын болады. Өңірлерді газдандыру және 2015–2021 жылдарға арналған Қазақстанның газ бөлу жүйелерін жаңғырту бойынша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ инвестициялық бағдарламаларының жалпы сомасы 122 млрд астам теңгені құрайды.

Көлік секторын газдандыру

Барлығы үшін энергияның қымбат емес, сенімді, тұрақты әрі қазіргі заманға сай көздеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Атмосфералық ауаның негізгі ластаушысы көлік секторы болып табылатыны белгілі, ол барлық шығарындылардың 60 % дейін тура келіп отыр. Автомобильдердің уыттылығын зерттеу нәтижелерін талдау кезінде мұнай отынының орнына табиғи газды пайдаланған кезде қоршаған ортаға улы заттар шығарындысы шамамен көміртегі оксиді бойынша 8 есе, азот қышқылдары бойынша – 2 есе, көмірсутегілер бойынша – 3 есе, түтіндеуі бойынша – 9 есеге төмендейді, бірақ дизельдік қозғалтқыштарға тән күйенің пайда болуы жоқ, ЕУРО-5,6 стандартына сәйкес келеді. Қауіпсіздік бөлігінде метан ауаға қарағанда 2 есеге дерлік жеңіл, сондықтан ашылған кезде ол бірден ұшып кетеді, бірақ отынның басқа түрлеріне қарағанда тұнбайды. Бұдан басқа, төмен температураларға төзімділігі және жанудың концентрациялық көрсеткіштерде газдарда бензин, дизельдік отын және сұйытылған көмірсутегі газына қарағанда, жоғары. Газ үлкен қысымдағы баллондарда болуы себепті жалындау немесе жарылуы үшін қажетті оларға түсетін ауаның мүмкіндігі жоққа шығарылады, сондай-ақ октанды мөлшерімен манипуляциялау және отынды ұрлау мүмкіндігі жоққа шығарылады.

«ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС газ-моторлы отынды пайдалануда меншікті көлікті қайта жабдықтау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. 2015 жылдан бастап 2017 жылдарға дейінгі кезеңде газ-моторлы отында көлік 409 бірлікке қайта жабдықталды, оның ішінде 2017 жылы 72 бірлік, ол шамамен 150 млн теңгеге отынға арналған шығындарды азайтуға және атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын төмендетуге мүмкіндік жасады.

Сондай-ақ осы бағыттағы қызмет түрлерінің бірі АГНКС – газ жанармай станцияларын салу болып табылады. Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасындағы АГНКС жалпы саны 15 бірлікті құрайды, соның ішінде 7 бірлік ҚТГ тобына тиесілі, оның ішінде 1 АГНКС 2017 жылы пайдалануға берілді. ҚР-да жанармай инфрақұрылымын кеңейту бойынша жұмыстар жалғастырылуда, жергілікті атқарушы органдармен келіссөздер жүргізілуде. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ХТК КПГ мен СТК-де жағармай құю инфрақұрылымын дамыту туралы «Газпром» ЖАҚ, CNPC және «ҚМГ» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Осы бағдар бойынша КПГ мен СПГ халықаралық автожүріске дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Метанның негізгі тұтынушылары – бұл күнделікті жұмыс істейтін, көп жүрістері және отынның көп шығысы бар автомобильдер. Ең алдымен, бұл автобустар мен коммуналдық техника. Сонымен, мысалы, Алматы қаласында табиғи газды шамамен 700 автобус пайдаланады, бұл ластаушы шығарындыларды азайтуда едәуір нәтиже береді.

Экономикалық, экологиялық, ресурстық және техникалық өлшемшарттар бойынша метан әлі ұзақ уақыт бойы үздік моторлы отын болып қала бермек. Тауарлы газды қолдану муниципалды және жеке парктердің көлігін ұстауға арналған шығыстарды үнемдеуді ескеретін табиғи газды пайдалануға көлікті ауыстыру, отынның импорт алмастырылуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны және халықтың денсаулығын жақсарту, жаһандық жылытумен күрес саласындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелерін және өңірлерді дамытудың басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері нәтижесінде алынуы мүмкін және моторлы отын ретінде табиғи газды пайдалануға ҚР көлігінің көшуін ынталандыру және мемлекеттік қолдау шараларын қабылдау кезінде ескерілуі мүмкін әлеуметтік-экономикалық нәтиже береді.

Елді газдандыру жобалары шеңберінде ҚазТрансГаз стратегиялық орта мерзімді жоспарлары мынаны қамтиды:

  • «100 АГНКС салу» жобасын іске асыру;
  • ҚР бірыңғай газ жабдықтау жүйесінің ГРС-да СПГ алу технологияларын іріктеп коммерцияландыру;
  • «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік бағдарында СПГ/КПГ өндірістік-өткізу инфрақұрылымын дамыту;
  • «Жерүсті объектілерін авиа мониторингі» жобасын іске асыру (шағын авиация).