Инновациялар мен операциялық тиімділікті дамыту

Берік инфрақұрылымды құру, жалпылама және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз етуге және инновацияларды енгізуге жәрдемдесу.

Тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдерін қамтамасыз ету.

ҚМГ инновациялық-технологиялық дамуы бизнестің негізгі секторлары бойынша Компанияның стратегиялық көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізуде және еңбек өнімділігін өсіруде көрсетілген өндірістік қызметтің тиімділігін арттыру арқылы әлеуетті дамытуға бағытталған.

Қазіргі уақытта ҚМГ кен орындарында өндірілетін мұнай мен газдың басым бөлігі игерудің кемел кезеңінде тұр. Осыған байланысты сұйық көмірсутектерді өндіру секторында ең өзекті мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр: мұнай беру төлемақысын арттыру, өндіруді қарқындату, ұңғымаларды жерасты жөндеу кезіндегі қиындықтарды, сондай-ақ технологиялық сұйықтарды тасымалдау кезіндегі қиындықтарды жою.

ҚМГ ӨБТ ҒЗИ

Компанияның ғылыми және инновациялық инфрақұрылымының негізін «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» (ҚМГ ӨБТ ҒЗИ) және «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Ғылыми-техникалық орталығы» құрайды. ҚМГ ғылыми-зерттеу институттары Компанияның кемел кен орындарында өндіруді ұлғайту технологиялары бойынша зерттеулер мен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізеді. «ҚазМұнайГаз өндіру және бұрғылау технологияларының ғылыми-зерттеу институты» ҚМГ жобаларының инновациялық-технологиялық даму флагманы болып табылады, оның қызметі геологиялық-кәсіпшілік және геофизикалық ақпарат базаларын мониторингілеуге, геология, геофизика және өндіру технологиялары саласында зертханалық жұмыстарды жүргізуге шоғырландырылған. Сондай-ақ ӨБТ ҒЗИ мұнай мен газды өндіру проблемалары бойынша құзыреттер орталығы болып табылады, сондай-ақ кен орнын игергені үшін бөлшектеп бақылаудың барлық кезеңін қамтитын супервайзинг жүйесін қалыптастырады, ол кен орнының өмір циклдері туралы ақпаратты жүйелендіруге және ҚМГ басқа да өндірілетін мұнай-газ кен орындарында тиімділікті арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көмірсутегі шикізатын барлау және өндіру секторында мынадай міндеттер айқындалған:

  1. Жаңа әдістер мен технологияларды тарту есебінен геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру.
  2. ГБЖ жоспарлау үшін аумақтарды кеңейту мақсатында перспективалық учаскелерді зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
  3. Кен орындарын барлау және игеру жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру.
  4. Бұрғылау және өндіру технологиялары саласында құзыреттердің меншікті орталығын дамыту.
  5. Ағындарды қарқындатудың жаңа технологияларын әзірлеу және қабаттардың мұнай беруін арттыру.
  6. Ірі мұнай-газ жобаларын игеру тиімділігін арттыру.
  7. Кәсіптік жабдықтарды жаңғырту.

Бүгінгі таңда мұнай мен газ тасымалдау секторында мұнай құбырлары мен газ құбырларының қауіпсіздік деңгейі, оларды пайдалану кезіндегі энергия сыйымдылығы мен ресурс сыйымдылығы, қазіргі заманғы диагностика және коррозияға төзімді материалдарды, магистралды құбырлар мен резервуарларды тазалаудың заманауи әдістерін іздеу компания үшін өзекті болып қалып отыр. Сұйытылған газ, көмір метаны, синтетикалық сұйық көмірсутектер, газ-химия өнімдерін өндіру, тасылмалдау және маркетинг және газды пайдалана отырып энергияны өндіру жобалары перспективалық бағыттар болып табылады.

Мұнай мен газды тасымалдау секторында мынадай міндеттер айқындалған:

  1. Заманауи озық энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды қолдана отырып өндірістік объектілерді (құбырлар, сорғы станциялары, компрессорлық станциялар, жерасты газ қоймалары) техникалық қайта жарақтандыру.
  2. Магистралды мұнай құбырлары мен резервуарларды тазалаудың заманауи технологияларын енгізу.
  3. Зерттеулерді жоғарылату және құбырлардың тотығуға қарсы беріктігін арттырудың озық әдістері мен технологияларын енгізу.
  4. Магистралды газ құбырлары мен газ бөлу желілерін пайдалану және қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша инновациялық технологиялар саласында әлемдік тәжірибені зерттеу және қолдану.
  5. Энергия тиімділігін арттыу бойынша зерттеулер жүргізу.

Компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мұнай өңдеу және мұнай-химия секторындағы мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін елдің ішінде және шет елде меншікті мұнай өңдеу қуаттарын технологиялық жаңғырту және инновацияларды дамыту негізгі бағыт болып табылады. Таяудағы келешекте ҚМГ осындай міндеттерді шешу бойынша жұмысты жалғастырады: мұнай-химия өнімдерінің жиынтүрін одан әрі кеңейту, өндірістік процестердің энергия тиімділігін арттыру, жаңғыртылған өндірістік қуаттарды пайдалануға іске тартылған кадр әлеуетін дамыту.

Мұнай өңдеу және мұнай-химия секторында мынадай міндеттер айқындалған:

  1. Компанияның мұнай өңдеу қуаттарын жаңғырту шеңберінде гидротазалау, каталитикалық крекинг, алкилдеу, изоөлшеудің озық технологияларын енгізу.
  2. Атырау МӨЗ базасында жоғары қосылған құны бар базалық мұнай-химия өнімдерін (бензол, параксилол) өндіру.
  3. Өнімнің жаңа номенклатурасын жасау.
  4. Энергия сыйымдылығы мен ресурс сыйымдылығын азайту, еңбек өнімділігін арттыру, технологиялық шығындарды азайту бойынша зерттеулер жүргізу.
  5. Пайдалану шығыстарының тиімділігін және өндірістік персоналдың біліктілігін арттыру.
  6. Ішкі және шетелдік нарықтарда ҚМГ брендін алға бастыру үшін озық маркетингтік және технологиялық құралдарды енгізу.

Сервистік секторда мынадай міндеттер айқындалған:

  1. Озық технологияларды енгізу және мұнай-газ жобаларының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ететін техникалық базаны құру.
  2. Сервистік секторда инновациялар және технологиялар трансферті саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
  3. Сервистік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуда әлемдік тәжірибеге және үздік практикаларға талдау жүргізу.