Интеллектуалдық кен орындары

2017 жылы ҚМГ Атырау облысында «Ембімұнайгаз» АҚ-да-ғы УАЗ кен орны базасында, Өзен, Қаражанбас, Ақшабұлақ, Прорва кен орындары тобы сияқты 14 кен орнында 2015 жылы басталған цифрлық кен орны жобасын енгізуді жалғастырды. Цифрлық кен орны – бұл бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйеге бөлек-бөлек жүйелерді біріктіру есебінен оның ең жоғары тиімділігіне қол жеткізетін мұнай-газ кәсіпшілігін басқарудың автоматтандырылған жүйесі.

2017 ж. қыркүйекте ҚМГ Мемлекет басшысының қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша Республикалық кеңес шеңберінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастырған цифрлық технологиялар көрмесіне цифрлық кен орындары жобасын ұсынды.

Сондай-ақ 2017 ж. «Цифрлық кен орны» жобасы РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі құрған «Мұнай-газ саласындағы 10 үздік ІТ жобалар» IX бүкіл ресейлік конкурсында жеңімпазға айналды, оның қорытындылары Санкт-Петербургте 14 қыркүйекте салтанатты түрде жүргізілді.

Интеллектуалдық кен орнының технологиясы мұнай өндірудің барлық кезеңдерінде жабдықтың орнатылуын көздейді, ол параметрлерді алатын және онлайн-режимде диспетчерлікке қашықтықтан тарататын болады, мұнда оператор шешімді жедел қабылдай алады. Күллі ақпарат «Ембімұнайгаз» АҚ Өндірістік процестерін визуалдандыру орталығына және Астанадағы ӨБТ ҒЗИ Құзырет орталығына қатар түседі, мұнда ол тасымалданады және оның негізінде ұзақ мерзімді жоспарлау жүзеге асырылады. Кен орнында жерасты және жерүсті жабдықтарының жұмысы басқару станцияларымен реттеледі, ақпарат өзекті үздіксіз режимде беріледі. Арнайы әзірленген және енгізілген бағдарламалық өнім осы ақпаратты өңдейді және оны әртүрлі деңгейлерде береді: кен орындағы өндіру операторынан ұлттық компанияға дейін. Кен орындарын техникалық әзірлеу қазақстандық мамандармен жүзеге асырылып жатыр.

Іске асырылғаннан бастап жоба мұнай мен газ өндіруді автоматтандыруға, мұнай өндірудің қосымша өсуін қамтамасыз етуге, ұңғыманың жұмысын қалпына келтіру уақытын қысқартуға, ұңғымаларды жөндеуаралық кезеңін ұлғайтуға, сондай-ақ энергия тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Жалпы өндіруді тұрақтандыру және энергия тиімділігін арттыру есебінен әлеуетті экономикалық пайдалар алдын ала есептеулер бойынша шамамен 30 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Мұнай өндіру процестерін талдау және визуалдандыру үшін өндірісті басқарудың заманауи кешенді жүйесін әзірлеу және енгіу мыналарды қамтиды:

  • мұнай-газ өндіру объектілерін қашықтықтан мониторинг жасау;
  • ұңғымаларды салу кезінде болуы мүмкін тәуекелдерді айқындау;
  • мамандандырылған бағдарламалық өнімдерді пайдаланумен нақты уақытта бұрғылау процестеріне жедел талдау жасау және визиуалдандыру;
  • талдамалық жұмыс жүргізу, интеллектуалдық кен орындарын игеру саласында процестерді жетілдіру және тиімділікті арттыру бойынша шешімдер қабылдау үшін кейіннен визуалдандырумен ұсынымдарды енгізу;
  • кен орындары бойынша ақпараттық деректер мен процестерді визуалдандыру;
  • мұнай-газ өндіру объектілерінің мониторингін жүзеге асырған кезде проблемалар мен сәйкессіздіктерді анықтау;
  • жұмыстарды жақсарту жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу мақсатында кен орындарын игеру және жедел бақылауға талдау жүргізу;
  • интеллектуалдық кен орындары саласында процестерді жетілдіру бойынша шетелдік ғылыми және жобалық-зерттеу ұйымдарының тәжірибесін зерттеу және енгізу.

ҚазТрансГаздағы инновациялар

Берік инфрақұрылымды құру, жалпылама және тұрақты индустрияландыруды қамтамасыз етуге және инновацияларды енгізуге жәрдемдесу.

Тұтыну мен өндірудің ұтымды модельдерін қамтамасыз ету.

ҚТГ ғылыми-техникалық кеңесі кәсіпорынның ғылыми-техникалық және инновациялық қызметін қалыптастыру және іске асыру саласында мәселелерді алқалық талқылауды қамтамасыз етеді. 2017 жылы ҚТГ ҒТК 7 отырысы ұйымдастырылып, онда 12 мәселе қаралды және мақұлданды, соның ішінде инновациялық дамудың 6 мәселесі. Мысалдар:

  • Жөнделген құбырларды пайдалану тиімділігін және магистралды құбырлардың желілік бөлігіне күрделі жөндеу жүргізу сапасын арттыру: нәтижесінде құбырларды қайта қолдану мәселесі одан әрі пысықтауға қабылданды.
  • Агрессивті орталарда пайдаланылатын газ құбырларын қорғау: магистралды және бөлу газ құбырларында электр химиялық қорғанышты қолдану бойынша 2018 жылы тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар жүргізу туралы шешім қабылданды.
  • Экспо-2017 ресейлік павильонында ұсынылған «Табиғи газдан жасанды көмірсутектерді алу» технологиясын талқылау.
  • Қарағанды бассейні Шерубай-Нұра тас көмірлі ауданның көмір қабаттарының метанын өндіру және коммерцияландыру перспективалылығын бағалау: 98 % концентрациясымен метанның ағыны, кернды талдау деректері, ТЭР және бағаланған қорлар жобаның перспективаларын және көмір қабаттарының метанын өнеркәсіптік өндіру мүмкіндігін жоғары бағалауға мүмкіндік береді. Көмір қабаттары метанын барлау және өндіру жөніндегі қызметті заңнамалық қолдау бойынша жұмыс жүргізілді: МУП барлау және өндіру бойынша қызметті реттеу шаралары, геологиялық барлау жұмыстарының мүмкіндіктері енгізілді. МУП бойынша жобаларды дамыту мақсатында «СНК Гуанхей и Датанг» ЖШҚ, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» АҚ компанияларымен бірлескен ынтымақтастық бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Экспо таныстырылымы рәсімі

ҚазМұнайГаз тобының жоғары басшылығының қатысуымен ресми рәсімде экспозицияны ашып, Сауат Мыңбаев мұнай мен газ, оны өндірумен айналысатын ҚазМұнайГаз Қазақстанның экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Дәстүрлі энергия тасушылар әлі ұзақ уақыт бойы оның өсуінің басты құрамдауышы болып қалады. Бұл ҚМГ-ге ерекше жауапкершілік жүктейді. «Біз көп нәрсе өзіміздің әрекетімізге байланысты екендігін, біздің болашақ ұрпағымыз қандай әлемде өмір сүретінін түсінеміз. Бірінші кезекте тұрақты даму мәселелері, кен орындарын игеруге қойылатын инновациялық тәсілдемелер, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі, экологиялық қауіпсіздік проблемаларының заманауи шешімдері тұр» – деп атап көрсетті ол.

«Біз өз экспозициямызды көрмеге келушілердің ең ауқымды тобы үшін қызықты етіп жасауға тырыстық, қазіргі заманға сай кинозалмен, интерактивті дисплейлермен жабдықтадық, энергияның баламалы түрлерін өндіруге арналған жабдықтың үлгілерін ұсындық, елестетіп көріңізші біз де осындай идеяны іске асырып жатырмыз», – деді өзінің сөйлеген сөзінде Басқарма төрағасы.

Экспо технологиялары/инновациялық технологияларды қолдану

Экспо-2017 аяқталғаннан кейін ҚР Энергетика министрлігі қазақстандық энергетикалық компаниялардың, соның ішінде ҚМГ компаниялары тобының өкілдері де қатысқан кәсіпорындарға қолдану мүмкіндігі мәнінде халықаралық павильондармен ұсынылған жаңа технологияларды бағалау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыстың нәтижесінде ҚазТрансОйл, ҚазТрансГаз, Маңғыстаумұнайгаз, Урихтау Оперейтинг сияқты ҚазМұнайГаз тобының бірқатар компанияларында көрменің халықаралық павильондарында ұсынылған бірқатар инновациялық технологиялар іріктелді. Атап айтқанда, ұйымдар жылумен жабдықтаудың интеллектуалдық жүйелері, құбырларға арналған шарлы крандар, графитті шамдар, күн сәулесінің желге тұрақты концентраторлары, жел генераторларымен және фотоэлектрлі панельдермен жарақтандырылған тұрмыстық өндірістік үй-жайларды жылыту мен салқындатудың гелиожүйелері сияқты технологияларды қолдану, сондай-ақ ұтқыр күн электр станцияларын қолдану мүмкіндігін растады. Бағалау нәтижелері бойынша ҚМГ компаниялары тобының кәсіпорындарына енгізілуі мүмкін бірқатар жобалар іріптеп алынды. Бүгінгі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ объектілерінде, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да «Велкинмяки» ағынды суларды тазалаудың ұтқыр кешендерінде және тазалау құрылыстары кешенінде турбодетандерлік қондырғыларды, «Турбиналық сала» энергия үнемдейтін қондырғысын, газ турбиналарды, сондай-ақ «Ембімұнайгаз» АҚ-да «General Electric» компаниясының реттеуіш клапанын пайдалану мүмкіндігін қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы алғанда, ҚР ЭМ деректері бойынша мұнай-газ компанияларымен 25 астам түрлі инновациялық технологиялар іріктеп алынды.